- •21. Канаданың салықтарын жіктеңіз
- •22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
- •23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •24. Ұлыбританияның салықтарын жіктеңіз
- •25. Германияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •26. Германияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •27. Германияның салықтарын жіктеңіз
- •28. Еуропаның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •Австрияның салық жүйесі
- •Нидерландияның салық жүйесі
- •Данияның салық жүйесі
- •Швейцарияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •29. Францияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •30. Франция салықтарын жіктеңіз
- •31. Италияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •32. Италияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •33. Италияның салықтарын жіктеңіз
- •34. Швецияның салық жұйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •35. Швецияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •36. Швецияның салықтарын жіктеңіз
- •37. Швейцарияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •38. Швейцарияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •39. Швейцарияның салықтарын жіктеңіз
- •40. Австрияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •41. Австрияның салықтарын жіктеңіз
- •42.Нидерландияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •43.Нидерландияның салықтарын жіктеңіз
- •44.Азияның жекелеген елінің салық жүйесін түсіндіріңіз
- •45.Данияның cалық жүйесін түсіндіріңіз
- •46. Испанияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •47. Испанияның салықтарын жіктеңіз
- •47.Жапонияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •49. Жапонияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •50.Жапонияның салықтарын жіктеңіз
- •51. Ресейдің салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •52.Ресейдің салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •54. Белоруссияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •55. Белоруссияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •56. Белоруссияның салықтарын жіктеңіз
- •57. Қазақстанның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдерін ашып көрсетіңіз
- •58. Қазақстанның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •59.Қазақстанның салықтарын жіктеңіз
- •60. Тмд мемлекеттерімен қр-ның салық салу жүйесінің сыртқы экономикалық қатынастағы рөлін анықтаңыздар
22. Ұлыбританияның салық жүйесінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдеріне тоқталыңыз
Ұлыбританияның салық жүйесінің негізі XIX қалыптасты. 1965, 1973, 1987-1988 жылдары жүргізілген салық реформасы елдің салық жүйесінің құрылымына көптеген өзгерістер әкелді. Елдің салық салу саласында жүргізілген шаралардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі - 1988 жылдың наурызында қаржы министрі Н.Лоусонның 1988/1989 жылдарға арнап парламент қарауына ұсынған бюджеті болды. Қаржы министрінің бағалауы бойынша, бұл жоба салықтың радикалды реформаларын көрсетті. Н.Лоусон әлемдегі ең қарапайым салық жүйесін ұсынуға ұмтылыс жасады. Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 пайызға дейін төмендету, ерлі-зайыптылардың табысын бөлек есептеу, прогрессивтік ставкаларды алып тәрізді маңызды шараларды қамтыды. Салық жүйесінің оңайлануы оның әділ болатынына кепілдік бермейді. Ағылшын экономистерінің бағалауы бойынша, әрбір британдық үшін салық ставкасы орташа есеппен 14-тен 16-ға өсті, ал осыған дейін табысының қанша мөлшерін салыққа төлесе, ол сол күйі өзгеріссіз қалды. Салық жылы ағымдағы 6-шы сәуірінде басталып, келесі жылдың 5-ші сәуірінде аяқталады. Қазіргі кезде салықтар Ұлыбританияның мемлекеттік кірістерінің 90 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Елдің фискалдық саясаты екі негізгі ережеге негізделген:
- «алтын ережесі» экономикалыө циклда Үкіметке инвестициялық мақсатта ғана займдарды жүзеге асыруға рұқсат береді және оны ағымдағы қаржыландыруда пайдалануға тыйым салады;
- «ұзақ инвестиция ережесі» бойынша экономикалқы цикл кезінде таза ұлттық қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы тұрақты деңгейде болуы керек.
Бұл ережеге сәйкес, салық төлеуші төлемдерді экономиканы ағымдағы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін төлейді, сондықтан ол Үкіметтен мемлекеттік займдар операциясын қатаң бақылауда ұстауын қамтамасыз етуін талап ете алады. 1998/1999 қаржы жылдарына мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде, Үкімет жаңа Фискалдық тұрақтылық Кодексін де қабылдады. Бұл Кодекске сәйкес, фискалдық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаға жауап беруі қажет:
- фискалдық саясат мақсатын бекіту, мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды орындау және жариялау жариялылығы;
- фискалдық саясатты жүзеге асыру және оның экономикаға әсер ету процесіндегі тұрақтылық;
- мемлекеттік қаржыны басқарудағы жауапкершілік;
- әділеттілік, әсіресе ұлттар арасында;
- фискалдық саясаттың орындалуы.
23. Ұлыбританияның салық жүйесін талдаңыз және даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз
Ұлыбританиядағы салықтарды бес ірі топқа топтастыруға болады:
Табысқа салынатын тікелей салықтар; бұған табыс салығы,
капиталға салынатын салық, мұраға салынатын салық жатады;
Жанама салықтар; бұған қосылған құнға салынатын салық жатады;
Жергілікті салықтар; жылжымайтын мүлікке салынатын салық, т.б.;
Іскерлік белсенділікке салынатын салық;
Тағы басқа салықтар.
Ұлыбританиядағы негізгі салықтардың бірі – табысқа салынатын салық
болып табылады. Ол ең алғаш рет 1799 жылы Наполеонға қарсы соғысты қаржыландыру мақсатында енгізілді, ал 1842 жылдан бастап ағылшынның салық жүйесінде тұрақты түрде орын алды. 1909 жылдан бастап табысқа салынатын салық салуда прогрессия қолданыла бастады. 1965 жылға дейін табыс салығын заңды және жеке тұлғалардың барлығы төледі. Корпорация пайдасына салынатын салық енгізілгеннен кейін, табыс салығын тек жеке тұлғалар ғана төлейтін болды. 1973 жылғы салық реформасы нәтижесінде еңбекақы және инвестициялық табыстарға салық біртұтас ставкамен салынатын болды. Бұл салықтың алыну техникасын оңайлатып қана қойған жоқ, сондай-ақ шедулдардың мәні мен мақсатын толығымен өзгертті. Қазіргі кездегі жеке табыс салығының жүйесі 1973 жылғы салық рефомасы негізінде жүйелендіріліп, қалыптасты. Ұлыбританияның салық заңнамасының негізіне халықтан және корпорациядан алынатын табыс салығы қатынастарын реттейтін 1970 жылы қабылданған заңнамалық Акт; қосылған құнға салынатын салықты реттейтін 1979 жылы қабылданған Акт; Корпорациядан алынатын салықтарды реттейтін 1996 жылы қабылданған Акт жатады. Мұнымен бірге жыл сайын жаңа бюджетті қалыптастыру барысында жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Үкімет қаржы министрлігінің құрамындағы қазынашылықтың көмегімен салық жүйесін басқарады және реттейді. Олардың қызметін Парламент бақылайды. Ұлыбританияның қазынашылығы Үкіметтегі басты министрлік болып табылады және елдің жалпы экономикалық стратегиясына жауап береді. Әкімшілік тұрғыдан, ол басқарма болып табылады. Оның құрамына қазынашылықтың бірінші лорды және кіші лордтар кіреді. Қазынашылықтың бірінші лорды әрі премьер-министр әрі қаржы министрі болып табылады. Елдің салық заңнамасын Үкімет бекітеді. Салық қатынастарды реттеу барысында туындайтын мәселелерді арнайы орган – құпия кеңеске, министрлер мен Ішкі кірістербасқармасына беріледі. Салық органдарының құқықтарын нақтылау мен түсіндіру мақсатында «құпия кеңес бұйрығы» деп аталатын нұсқама беріледі. Салық қызметін ұйымдастыру қазынашылыққа есеп беретін Ішкі кірістер және Баж бен акциздер басқармаларына жүктелген. Ішкі кірістер басқармасының міндетіне заңды және жеке тұлғалардан салықтардың дер кезінде толық көлемде алынуын бақылау кіреді. Бақылау Лондондағы бас салық инспекторының кеңселері арқылы жүргізіледі. Бас инспектордың қарамағына 700- ден астам аудандық кеңселер кіреді. Аудандық кеңселерде салық инспекторларының штаты жұмыс жасайды. Олар заңды және жеке тұлғалардан салықтарды жинайды, ақпарат және кеңес беру қызметін ұйымдастырады, сотта Ішкі істер басқармасының мүддесін қорайды. Баж және акциздер басқармасының міндетіне жанама салықтар жүйесі қарайды. Қосылған құнға салынатын салық, акциздер Қаржы министрлігінің баж және акциздер басқармасының өкілеттігінде болып келеді.
