- •3. Баланстын тыс шоттарында есеп жүргізу ұйымдастыруы
- •4. Бухгалтерлік есебінің құжаттары
- •5.Бухгалтерлік есебің есеп циклы
- •6.Бюджеттік мекемелерде бухгалтерлік баланс және есеп шоттары
- •7.Бухгалтерлік есеп беру.
- •8.Бюджет төлемдері бойынша есеп айырысу.
- •9.Бюджетпен есеп айырсу
- •21.Бюджеттік мекемелердің бас бухгалтерледің құқығы және міндеттері
- •23.Бюджеттік мекемелердің есеп шоттары
- •Шоттар жоспарының бөлімдері
- •22.Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік балансы
- •7. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары
- •8. 5 «Таза активтер/капитал» бөлімінің шоттары
- •9. 6 «Кірістер» бөлімінің шоттары
- •10. 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттары
- •11. 8 «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар» бөлімінің шоттары
- •24.Бюджеттік мекемелердің есеп шотына ақша қаражатының түсуі
- •25.Бюджеттік мекемелердің құжаттануы
- •26.Бюджеттік мекемелердің негізгі қағидалары және қаражатталау тәсілдері (әдістері)
- •27.Бюджеттік мекемелердің шығыстарының есебі
- •28.Бюджеттік ұйымдағы дебитормен есеп айырсу
- •29.Бюджеттің орындалуы туралы қаржы органдарының есеп беруі.
- •30.Еңбек ақы және стипендия шығындарын бақылау және оның есебі.
- •31.Кәсіпорының тмқ құжаттауы
- •32.Кірістердің аналитикалық есебі. Қаржы нәтижесін анықтау.
- •33.Кірістің аналитикалық есебі
- •34.Материал емес активтердің есебі
- •35.Материал емес активтердің түсінігі және жіктеуі
- •36.Материалдардың қозғалысының құжаттау есебі
- •37.Материалдардың құрамы мен құрылымы
- •38.Материалды емес активтердін кіріс және шығыс есебі
- •39.Мемелекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және оның мақсаты
- •40.Негізгі құралдардын кіріс және шығыс есебі
- •41.Негізгі құралдардын тозу есебі: түсінігі, есебің ұйымдастыруы
- •42.Негізгі құралдардың есептен шығару есебі
- •43Республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша кассалық орындалуы
- •44.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі
- •45.Синтетикалық және аналитикалық есептің ұйымдастырылуы
- •46.Сметаның қолдануы бойынша бухгалтерлік құжаттар және олардың реквизиттері
- •47.Тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
- •48.Түгендеу: түсінігі, турлері, өткезудің ұйымдастыруы
- •49.Ұзақ мерзімді активтерді түгендеу
- •50.Ұзақ мерзімді активтердің тозуын есептеу әдістері
- •51.Шығыс бойынша құжаттаныдру
- •52.Шығыстар сметасының орындалуы туралы бюджеттік мекемелердің есеп беруі.
22.Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік балансы
Компанияларды қаржылық есепті көрсетудің ж/е жасаудың негізігі рөлі бух/к балансқа жүктеледі. Баластың жай ғана мағынасы к.о/ң қарж/қ кестесін қалыптастыру.
Баланс- к.о/ң қарж/қ жағдайы туралы есеп көрсетеді, яғни оның активтері, міндеттемелері ж/е меншік капиталы бір күнге анықталады. Есепті құру күні әр түрлі болуы мүмкін, әдетте бұл есептік кезең соңғы.
Баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) қысқа мерзімді активтер;
2) ұзақ мерзімді активтер;
3) қысқа мерзімді міндеттемелер;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) меншікті капитал.
Қысқа мерзімді активтер: Ақша қаражаты және оның эквиваленттері, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, Қысқа мерзімді дебиторлық берешек, өзге де қысқа мерзімді деб/қ берешек.
Ұзақ мерзімді активтер: Негізгі құралдар, МЕА, Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек.
Меншікті капитал: жарғылық капитал, төленбеген капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян).
Қысқа мерзімді міндеттемелер: Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, Салықтар бойынша міндеттемелер, Қысқа мерзімді кредиторлық берешек, Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер: Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер, Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер.
23.Бюджеттік мекемелердің есеп шоттары
Осы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген. Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған. Шоттар жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Шоттар жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған және нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – қосалқы шоттарға тиісті.
Шоттар жоспарының бөлімдері
4. Шоттар жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды: 1 бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»; 2 бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»; 3 бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»; 4 бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»; 5 бөлім – «Таза активтер/капитал»; 6 бөлім – «Кірістер»; 7 бөлім – «Шығыстар»; 8 бөлім – «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар»; 9 бөлім – «Баланстан тыс шоттар».
1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін мемлекеттік мекемелердің активтерін нақты сомасын және қозғалысын есепке алуға арналған. «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімшелерді қамтиды: 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары»; 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»; 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»; 1300 «Қорлар»; 1400 «Өзге қысқа мерзімді активтер».
2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін мемлекеттік мекемелердің активтерін есепке алуға арналған. 13. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімшелерді қамтиды: 2100 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары»; 2200 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»; 2300 «Негізгі құралдар» 2400 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» 2500 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»; 2600 «Биологиялық активтер»; 2700 «Материалдық емес активтер»; 2800 Өзге қысқа мерзімді активтер».
3 «Қысқа мерзімді міндеттемелері» бөлімінің шоттары мемлекеттік мекемелерде қысқа мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелері» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды: 3000 - «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері»; 3100 - «Салық және өзге төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 3200 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 3300 «Қысқа мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері»; 3400 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері». 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері» кіші бөлімі мемлекеттік мекемелерде қысқа мерзімді ретінде жіктелетін қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 3010 - «Қысқа мерзімді алынған қарыздар» шоты алынған қысқа мерзімді қарыздарды есепке алуға арналған. 3020 - «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» шоты, мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады. 3100 «Салық және өзге төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі салық және өзге де төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. 3110 - «Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты, мұнда бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есепке алынады.
3120 - «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. 3130 - «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» активтерді сатудан алынатын кірістер бойынша, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен сметадан тыс түсімдерді көрсететін кірістер бойынша, активтердің жетіспеушілігін өтеуден түсетін түсімдер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің кірісіне жататын басқа да табыстар бойынша бюджет алдында қысқа мерзімді кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.
3140 - «Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған 3200 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мынадай шоттарға бөлінеді: 3210 - «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» өтеу мерзімі бір жылға дейінгі жеткізушілер мен мердігерлерге қорларды жеткізу және қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда сатып алынған қорлар, ұзақ мерзімді активтер, қабылданған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер үшін есеп айырысуға қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. 3220 - «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» ведомстволық есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын ішкі кредит беру бойынша мемлекеттік мекемелердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегін есепке алуға арналған. 3230 - «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жоғары оқу орындарының студенттерiне, магитранттарға, докторанттарға және аспиранттарға, ғылыми-зерттеу мемлекеттік мекемелердің және мектептердiң, колледждердiң, кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушылары, курстардың тыңдаушылары стипендиялар есептеу және төлеу бойынша стипендианттармен есеп айырысуын есепке алу үшін арналған. 3240 - «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» мұнда қызметкерлер мен жұмыскерлерге еңбекақы төлеу және өзге есеп айырысулар бойынша есеп айырысу есепке алынады. 3250 - «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шоты алынған қарыздар, қаржылық жал және өзге де сыйақылар бойынша төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақыларды есепке алу үшін арналған. 3260 - «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алу үшін арналған. 3270 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.
3300 «Қысқа мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелерді есепке алуға арналған. Бұл кіші бөлім мынадай шоттан тұрады: 3310 - «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған бір жыл мерзімге дейінгі қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған. 3320 - «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен сатылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады. 3400 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған. Аталған кіші бөлім мына шоттардан тұрады: 3410 - «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты шарт бойынша бір жылдан кем мерзім ішінде мемлекеттік ұйымдардың атқаратын жұмыстары мен қызмет көрсетулерi үшін тапсырысшылар мен сатып алушылардан алған аванстар есепке алынады. 3420 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері» шоты алдыңғы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
