Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

55. Сіздің ойыңыз бойынша, Студенттің оқу үлгеріміне байланысты анкета үлгісін кестеде беріңіз.

Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау үшін  келесі бақылаудың түрлері қолданылады:

- Ағымдық бақылау;

-Аралық бақылау;

- Қорытынды бақылау.

Оқу үлгерімінің ағымдық, аралық бақылау және қорытынды бақылау академиялық күнтізбеде бекітілген уақыттарда жүргізіледі.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл - пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауда әр орындалған тапсырма (аудиториялық сабақтардағы оқу жұмысы, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100-баллдық шкаламен бағаланады. Үлгерімді ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық период ағымында алған бағаларымен  орташа арифметикалық көрсеткіш жолымен есептеледі.

Аралық және қорытынды аттестация барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де осы тәсіл қолданылады.

Білім алушының   ағымдық бақылау нәтижелері және білім бағаларының жазбалары тұрақты тіркеу арқылы жүргізіледі. 

Нәтижелерді жоғарылату мақсатында ағымдық бақылаудың бағаларын өзгертуге жол берілмейді.

Аралық бақылау - пән бойынша бір бөлімді (модульді) аяқтағаннан кейін жүргізілетін оқу жетістіктерін бақылау түрі болып табылады. Академиялық кезеңнің бір пән шегінде 2 реттен кем өткізілмейді (теориялық оқытудың 8-ші және 15-аптасында).

Рұқсат алу рейтингілік баға жинақтық балл ретінде көрініс алады, Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау мен аралық бақылау бағалардан жинақталады (ереже бойынша екі аралық бақылау).  Суммалық семестрлік рейтинг балын 50%-дан төмен жинаған білім алушы емтиханға жіберілмейді.

Қорытынды бақылау оқу бағдарламасын меңгеру сапасын анықтау мақсатында аралық аттестациясы кезеңінің нұсқаулығына сәйкес өткізіледі. Нұсқаулық бойынша егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқытылып жатқан болса, онда қорытындық бақылау әр академиялық периодтағы пән бөліктері бойынша өткізіледі.

Қорытынды бақылау формалары:

  • Тестілеу;

  • Ауызша емтихан;

  • Жазбаша емтихан;

  • Дифференциалдық сынақ.

Емтиханға жіберу екі этаптан тұрады:

1)  Бірінші этапта факультет деканының (институт директоры) жалпы үкімімен білім алушыларды төлемақысынан қарызы болмаған жағдайда, пререквизит бойынша академиялық қарызы болмағанда, академиялық демалыс және ұзақ емделу уақытында емес студенттерге емтиханға қатысу рұқсаты беріледі.

2)   Екінші этапта  рұқсат алу рейтингілік бағасын (ағымдық және аралық бақылау қорытындысы) алған студенттерге сол пәннен емтиханға қатысуға автоматты түрде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда рұқсат беру тіркеу бөлімінде емтихан тізбесіндегі студент фамиялиясының тұсына белгі қою арқылы жүзеге асырылады.

Жағымды рұқсат алу рейтингілік бағасын алмаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарды (жобалар)  тапсырмаған студенттер пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Ал басқа да жағдайларда (ауырып қалса, отбысылық және қызметтік жағдайларда) студентке жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.