Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Beyorganika_ekzamen_2013_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210 Кб
Скачать
☆

Орта тұздар

Қышқыл кұрамындағы сутек атомдары металл атомдарына жөне негіз құрамындағы гидроксид-иондар қышқыл қалдықтарына толық алмасқанда түзіледі (MgS04, ВаСl2, Ca(N03)2).

Тұздардың диссоциациясы: Орта тұздар металл катиондары мен қышқыл қалдықтарының аниондарына айырылады:

MgS04 → Mg2+ + SO42-

ВаСl2→ Ва2+ + 2Cl-

Ca(N03)2→ Са2+ + 2N03-

Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздар дегеніміз диссоциациялануы нәтижесінде ерітіндіге металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарын бөлетін күрделі электролиттер.

Қышқыл тұздар[өңдеу]

Қышқыл құрамындағы сутек атомдары металл атомдарына толық алмаспағанда түзіледі (Na2HP04, NaHS04, Са(НС03)2).

Қышқыл тұздар сатылап диссоциацияланады:

Na2HP04↔ 2Na+ + НРО4-

НР042-↔ Н+ + Р043-

------------------------------------------------

Na2HP04↔2Na+ +Н++ Р043-

Қышқыл тұздар диссоциациясы нәтижесінде металл және сутек катиондары мен қышқыл калдықтарының аниондары түзіледі.

Негіздік тұздар[өңдеу]

Негіздердің құрамындағы гидроксид-иондары қышқыл қалдық иондарына толық алмаспағандағы өнім.

Негіздік тұздар суда нашар ериді, алайда, олар да аз мөлшерде болса да суда ерігенде иондарға ыдырайды (негізінен бірінші сатысы):

Mg(OH)Cl↔ [Mg(OH)+] + Cl-

Mg(OH)↔ Mg2++ OH-

Негіздік тұздар диссоциациясы нәтижесінде негіз калдығының катионы мен қышқыл қалдығының аниондары түзіледі.

Электролиттік диссоциацияны сапалық жағынан сипаттау

Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.

Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.

α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген молекулалар саны

Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді:

  1. α > 30% - күшті;

  2. 3% < α < 30% - орташа күшті;

  3. α < 3% - әлсіз.

Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.

Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.

Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02, т. б.

Диссоциациялану дәрежесіне заттың және еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы, температура әсер етеді.

c1=c•α•n

Мұндағы:

  • c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы;

  • с - заттың молярлы концентрациясы;

  • α - диссоциациялану дөрежесі;

  • n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.

3*11. Диссоциациялану константасы, сұйылту заңын бейорганикалық химияда қолданыңыз

Диссоциациялану констансасы зат табиғатына,еріткіш табиғатына,температураға тәуелді,ал концентрацияға тәуелсіз.Ол электролиттің ионға диссоциаланғыштық қабілетін көрсетеді.К мәні неғүрлым үлкен болса,ертінді тепе-теңдікке жеткен кезде,иондар концентрациясының көп болғаны.Диссоциаиялану дәрежесі мен констансасы арасындағы тәуелділікті Оствальдтың сұйылту заңы деп атайды.

Электролиттердің диссоциациялануы қайтымды процесс екендігі, онда тепе теңдік туады. Демек ол процесс әрекеттесуші массалар заңына бағынып, электролиттік диссоциялануды сипаттайтын тепе теңдік константасы (К) болу керек, мысалға бір әлсіз электролиттің диссоциялануын алайык: СН3COOH H+ + CH3COO-

Химияда келісім бойынша бір заттың тепе теңдік концентрациясын белгілеу үшін, ол заттың химиялық таңбасын немесе формуласын тік жақшаға алып жазады, сонда жаңағы жазылған сірке қышқылының диссоциациялану тепе теңдігінің константасы былай жазылады:

К=[CH3COO-]×[H+]/[CH3COOH]

Бұл тепе теңдік константасын (К) диссоциациялану константасы деп атайды. Ол электролиттің ионға диссоциаланғыштық қабілетін көрсетеді. К мәні неғұрлым үлкен болса , яғни ол электролиттің диссоциялануы күшті болғаны.

Диссоциялану константасы мен диссоциялану дәрежесінің арасында байланыс бар, оның бірі белгілі болса, екіншісін есептеп шығаруға болады. Электролиттің мольдік концентрациясын С арқылы , диссоциялану дәрежесін α арқылы белгілесек, жүйеде диссоцияланған иондардың концентрациясы αС болады, ал диссоцияланбаған иондардың концентрациясы С(1-α) болады, яғни [СН3COO-]F~Cα,[Н+]=αC, [СНСНCOO-]=C-Cα. Осыларды диссоциялану константасының теңдеуіне әркайсысын өз орнына койсак, ол теңдеу мынадай болады:

(Сα)²/С(1-α)=К

Бұл тәуелділікті Оствальтың сұйылту заңы деп атайды. Диссоциациялану константасы, дисс.ну дәрежесіндей емес, концентрациямен байланысты өзгермейді, сондықтан бұл дис.ну дәрежесінен гөрі электролиттің күйін дұрысырақ сипаттайды.Ерітіндінің концентрациясы өзгерсе де, дис.ну константасы өзгермейтінін сірке қышқылын мысалға алып көрсетуге болады, оның 0.1 н ерітіндісінің а=0,0132, енді концентрациясын есептеп шығарайык. К=(а2/1-а)*С=((0.0132)2/1-0.0132)*0.1=0.0000176 сол ерітіндіні он есе сүйылтқанда 0.1 н болған кездегі а = о.041 болады, енді константасы: К=((0.041)2/1-0.041)*0.1=0.0000175 осы сиякты баска концентрациясын алып есептесек те дис.ну контасының өзгермейтінін көреміз. Электролиттердің дис.ну константасының өзгермейтіндігінің ерітіндідегі жеке иондардың концентраиясын қолдан өзгерту үшін, әсіресе сутек , гидроксид иондарының сілтілігін төмендету үшін пайдаланады. Мысалға сірке қышқылы ерітіндісінің қышқылдығын кеміткіміз келген болсын оның константасы К = [CH3COO-]*[H+]\ [CH3COOH] қышқылдықты кеміту үшін СН3COO- иондарының концентрациясын көбейту керек., онда К өзгермейтін болғандықтан, сутек иондарының концентрациясы кемиді. СН3COO- иондарының концентрациясын көбейту үшін ерітіндіге сірке қышқылының бір тұзын мысалы СН3COONa қосу керек.Бұл тұз жақсы дис.натын болғандықтан . СН3COO- иондарын көп береді, сондықтан ерітіндінің қышқылдығы кемиді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]