- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
Модернизация(франц.-жаңғырту) - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Азия және Африка елдерінің жаңа кезеңдегі тарихыны капиталистік қатынастың пайда болуы және қалыптасуы кезеңі мен капитализмнің соңғы кезең империализмге өтуін қарастырады.Жаңа кезеңнің XVII ғ. ортасынан басталуы 1649 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясының Еуропада капитализмнің дамуына итермелегендігі және буржуазиялық еуропа державалары экспансиясының күшеюімен сипатталады. Жалпы буржуазиялық дәуірде тарих дүниежүзілік болды.Капитализмнің шарықтап дамуы кезеңінде Шығыс елдерінің отарлық езгіде болуы капитлистік ұлттардың шексіз баюына әкелді. Сонда да Осман империясы, Үндістан, Қытай сынды мемлекеттер капиталистік қатынастың алғышарттары туындай бастады. Бірақ кейбір түпкір аудандарда феодалдық қатынасқа дейінгі қалдықтар сақталынды. Шығыс, Оңтүстік және Орта Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка кеңістігінде тұрғындар көшпелі өмір сүрді.
XXғ. басында әлемді территориялық бөліске салудың аяқталуы монополистік капитализмге дейінгі отарлық жүйенің империализмнің отарлық жүйесіне түпкілікті айналуымен сипатталады. Империализм отарлық жүйесінің басты және шешуші ерекшеліктері дүниежүзін жайлап, әлемдік капиталистік шаруашылықтың бөлінбес бөлігі болып саналды. Жартылай отар өздерінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы бойынша отардан ерекшелігі жоқ.Әлемнің көптеген елдерін отарға және жартылай отарға айналдырып, монополиялар қатаң қанаушылықтың жолдары арқылы тәуелді елдерді езгіге түсіріп, олардан пайда тапты. Отар елдерге капитал тарту әртүрлі түрде жүрді. Соның бірі империалистік держава банктерінің қарыздар беруі. Мысалы Үндістанда қарыздар туралы келіссөзге отарлық үкімет қол қойғанмен, халықтардан алынған салық есебінен төленді. ХХ ғ. басында отар елдер метрополия фабрикалық өнеркәсіптерінің өнімдерін өткізетін рыноктарға айналды. Сонымен қатар осы кезең жаңа теңқұқықсыз келіссөздеріне қол қойылумен де сипатталды.Азия және Африка елдерінің одан ары қарай капиталистік өнеркәсіптер үшін шикізат көзіне айналуы натуралды шаруашылық негізін үзді. Қанаушылар өздерінің отарларына қандай ауыл шаруашылық дақылдарын егу керектігін өздерінің қажеттілігі бойынша анықтап, жүргізді. Көптеген тәуелді елдер бір дақылды егуге жұмылыдрылып, қалғандарына зиян келтірді. Отар және тәуелді елдерге капиталды құюдың негізгі объектісі темір жолдарды және әскери-стратегиялық маңызы зор телеграф жүйелерін салу болды. Сондай-ақ отар және тәуелді елдерде шетел өндіріс өнеркәсіптері ашылды. Отаршылдар ашық және жабық түрдегі шикізат көздерін иеленді.
Осындай мақсатта монополиялар берген әртүрлі концессиялар кеңінен тарады. Мысалы: Қытайда державалар өздерінің үкіметін, соттары мен полициясын ұстады. Мұнай, көмір, рудалар мен түрлі түчті металдар, фосфаттар шетел монополиясының қолына өтті. Мұнай компаниялары араб елдеріндегі, Ирандағы, индонезиядағы басты мұнай аудандарын басып алды.
Шетел компаниялары тек ішкі рынокты ғана емес, сондай-ақ Шығыс елдерінің сыртқы саудасын да басып алды. Сыртқы сауда қатынасында отаршылдар мен тәуелді елдер арасында теңдік жүйесі болмады. Дайын өнімдерге қойылған төменгі баға отаршылдарға айтарлықтай табыс әкелді. Отар және жартылай отар халықтары тоналды.
