- •2.7 Керегелер
- •2.8 Құмұстағыштар
- •2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
- •2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
- •2.11 Аэротенктер
- •2.12 Екінші сатылы тұндырғыштар жəне тұнба нығыздағыштар
- •2.13 Ластанған суды зарарсыздандыру
- •3 Тұнбаларды өңдеу жəне пайдалану
- •2.14 Түйістіруші резервуарлар
- •2.15 Тазартылған суды суаттарға шығару
- •3.1 Тұнба алаңдары
- •4 Ластанған суды жер асты сүзгілерімен жəне суару арқылы тазалау
- •4.1 Биологиялық тоғандар
2.9 Құм кептіру алаңдары жəне бункерлер
Əрбір су тазартатын станцияда құм кептіру алаңдары болуы қажет. Құм кептіру алаңдарының астында дренажды жүйелер орналастырылады. Алаңдарды тегістейді, жан-жағынан топырақтан үймелер жасайды. Алаңдар 2, 4, 6 – дана болады, ені жəне ұзындығы 10-15 м болады. Құм алаңының ауданы
F= Wêóì ×365 / 3÷5
мұндағы 365- 1 жыл.
3÷5 - əрбір алаңның жылына 1 м2 түсетін жүктемесі. Құмның жалпы биіктігі жылына 3 метр.
Егерде лас суды тазартатын станциясындағы судың шығыны 75000-ға дейін болса, онда құм ұстайтын бункерлерді орнатқан жөн.
Сурет Құмға арналған бункерлер
/ 1— подвод воды в систему отопления: 2 — отвод воды изсистемы топления;
3—затвор с электроприводом: 4— теплоизоляция: 5—бункера; 6 — гидроциклон: 7 — отвод воды от гидроциклонов; 8 — подвод пульпы кгидроциклонам; 9 — отвод воды в канализацию
2.10 Бірінші сатылы тұндырғыштар
Тазалау ғимараттарының технологиялық схемаларына байл
анысты тұндырғыштар былай жіктеледі :
1-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық тазалау əдісінің алдында қолданылады.
2-ші сатылы тұндырғыштар. Олар биологиялық əдісте қолданады. Жұмыс істеу принципіне байланысты тұндырғыштардың келесі түрлері болады:
1)ағысты тұндырғыштар – бұларда судың баяу ағысында тұндыру процестері жүреді;
2)мерзімімен тұдыратын тұндырғыштар – тұндыру үрдістері ағысы болмаған уақыттарда жүреді. Судың ағысына байланысты :
а) көлденең – судың ағысы көлденең болады ;
б) тік – судың ағысы төменнен жоғары ;
в) радиалды – судың ағысы ортасынан шетіне қарай жүреді.
Тұндырғыштардың қатарына мөлдірлеткіштер де жатады. Бұлғимараттардың тұндыру үрдістері қалқымалы заттар өткенде жүреді. Тұндыру процесі дегеніміз – судың салмағынан ауыр бөлшектердің тұнбаға түсу процесі. Сонымен қатар судан салмағы аз бөлшектер судың бетіне қалқып шығады. Олар май, мұнай,бензин жəне тағы басқалар. Ластанған суды тұндыру процесі өте күрделі процесс. Себебі судың құрамындағы бөлшектердің жəне сұйықтықтардың тұтқырлығы əр түрлі болады. Судың ағысына қарай бөлшектер бір-бірімен кездесіп үлкейіп қосылуы немесе қосылмауы мүмкін. Сонымен лас судың құрамындағы бөлшектер агрегатты тұрақсыз ортадан полидисперстік ортада болады. Жалпы тұндыру процестерінің теориясы Стокстың формуласына байланысты шешіледі.
210181dqU××−×=μρρ
мұндағы U0– бөлшектердің гидравликалық ірілігі, мм/с;
d – шар тəрізді бөлшектердің диаметрі, м;
ρ1– бөлшектің тығыздығы, кг/м³;
ρ - сұйықтың тығыздығы, кг/м³;
μ - динамикалық тұтқырлық коэффициент, Па.
Биологиялық əдістердің ғимараттарының алдында тұрған судағы қалқымалы заттардың концентрациясы С= 100 - 150 мг/л болу керек. Көлденең тұндырғыштар - бұл тұндырғыштар лас судың шығыны 30000 м³/тəу артқанда пайдаланады. Артықшылдығы: бұлардың бойынан ағатын судың ағысының биіктігі аз; су тазарту тиімділігі; тұнбаны жинайтын бір механизмді бірнеше бөлігіне пайдалануға болады.
Кемшілігі: ені аз болғандықтан көп бөлімше пайдаланады (ені 3-6м) .
Радиалды тұндырғыштар - лас судың шығыны 30000 м³/тəу болғанда пайдаланады. Бұл тұндырғыштардағы судың ағысы көлденең тұндырғыштардағы сияқты болады. Бұлар планда дөңгелек резервуар тəрізді .
Артықшылдығы: көлемі үлкен болғандықтан жалпы саны аз болады; су тазарту тиімділігі жоғары болады.
Кемшілігі: құрылыс құны қымбат. Себебі əрбір тұдырғышқа тұнба жинайтын айналмалы механизмдер пайдаланылады.Тік тұндырғыштар - бұл тұндырғыштар судың шығыны 10-15 мың м³/тəу болғанда пайдаланылады. Диаметрі 6-12 метрден артпайды, биіктігі 9-11м.
Артықшылдығы: жер асты сулары биік жəне жердің топырағы нашар, бос болғанда қолданылады. Пайдаланғанда өте қолайлы, қарапайым.
Кемшілігі: су тазарту тиімділігі төмен 50%- аспайды.
Тік тұндырғыштар планда дөңгелек резервуар тəріздес, түбі конус тəріздес болып келеді. Лас су орталық құбырмен келіп тұндырғыштың ортасына дейін жоғарыдан төмен ағыс арқылы беріледі. Тік тұндырғышта лас су тазарту дəржесіне байланысты 30 минуттан 1,5 сағатқа дейін болады. Түбіне жиналған тұнба 200 мм диаметрлі құбырмен гидростатикалық қысым арқылы алынып кетеді.
Сурет Бірінші сатылы радиалды тұндырғыш
1 – лас су əкелу құбыры, 2 – бөлгіш камера, 3 – тұнбақырғыш, 4 – май жинағыш, 5 – су əкету құбыры, 6 – сорғыш бекеті, 7 – тұнба құбыры, 8 – жалпы су əкету құбыры.
