Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методика даристер.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212 Кб
Скачать
☆

Экологияны оқыту формаларының жүйесі.

Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

Экологияны ұйымдастыру формалары.

Оқыту формалары

Өткізілетін орны

Дамытушылық

Сабақ

Кабинет

Ғылыми ұғымдарды, ойлау қабілетін, дүниетануды, еңбекке баулуды, этикалық, эстетикалық қарым – қатынастарды дамыту

Экскурсия

Ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат

Үй жұмыстары

Үйде

Сабақтан тыс жұмыстар

Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы

Сыныптан тыс жұмыстар

Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы

Қоғамдық жұмыстар

Биологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік).

Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек.

Экологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.

Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.

Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.

Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.

Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.

Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.

Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.

Жылдық жоспардың үлгісі.

Тақырып

Сағат мөлшері

Өткізу мерзімі

Тақырыптарды қайталау

Экскурсиялар

Сыныптан тыс жұмыстар

алдыңғы курстардан

курстан

Келесі жылға жоспарды осы жылдық аяғында жазған дұрыс.