Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мурадов ответы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

19. Опишите зависимость диэлектрической проводимости от силы поля, времени и температуры

Диэлектрлік өтімділіктің газтектес заттардағы сыртқы орта жағдайларына тәуелділігін қарастырайық. Газтектес заттар молекулаларының арасындағы қашықтықтың үлкен болуына байланысты аз тығыздықтанымен сипатталады. Сондыұтан барлыұ газдардың диэлектрлік өтімділіктері елеусіз, 1-ге жуық.

Газ молекулалары полярлы болса, газдың поляризациясы таза электронды немесе дипольді болады. Молекуланың радиусы үлкен болған сайын газдың диэлектрлік өтімділігі өседі.

Газдардың диэлектрлік өтімділігі қысым артқанда өседі. Қалыпты жағдайда ауа үшін диэл. Өтімділік 1.00058- ге тен. 4Мпа қысымда диэл.өтімділік 1.0218 дейін артады. Газдардың диэлектрлік өтімділігінің қысым мен температураға байланыстылығы газ көлем бірлігіндегі молекулалар санының өзгерісімен анықталады. Бұл сан қысымға тура, абсолют температураға кері пропорционал. Келесі кестеде ауа ылғалдылығының диэл.өтімділікке әсері көрсетілген, Температура мен қысым қалыпты.

Ауаның қатысты ылғалдылығы

0

50

100

Диэл.өтімділік

1.00058

1.00060

1.00064

Әртүрлі поляризация түрлері бар диэлектриктердің диэл.өтімділігінің температураға тәуелділігі диэл.өтімділіктің температуралық коэффициентімен сипатталады:

Tkε=1/ε*dε/dP [K-1]

Бұл формула арқылы температура бір градуска артқан кездегі диэл. Өтімділіктің салыстыралы өзгерісін есептеуге мүмкіндік береді.

Қысымның диэл.өтімділікке әсері диэл. Өтімділіктің барический коэффициентімен анықталады:

Бkε=1/ε*dε/dP [Па-1]

Сызықты диэлектрлер үшін бариийлік коэффициент оң болады, себебі диэлектрді жанжақты қысқан кезде көлем бірлігінде поляризацияланатын молекулалар саны артады.

20. Опишите зависимость диэлектрического рассеяния от химического состава вещества. Диэлектрлік шашыраудың заттың химиялық құрамына тәуелділігі

Бұл бағытта зерттеулер Эрих Шоттамен жүргізілді. Ол слюданы алмастыратын шыныны жасады. Шотта құрамында айнымалы түрде Si, Pb, Ba, Al т.б. бір жағынан, ал екінші жағына натрий мен алюминийі бар шынының жиырма жеті сортын зерттеп, олардың сыну көрсеткішін, диэлектрлік коэффициентін және шығын бұрыштарын анықтады.

Диэлектрлік шашыраудың заттың химиялық құрамына тәуелділігі мынандай:

  1. Құрамында сілтінің үлесінің жоғары болуы диэлектрлік шығынға әкеледі;

  2. Диэлектрлік шашырау барийлік шыныларда, қорғасын- барийлік шыныларда (құрамында 9% глинозем) аз болады;

  3. Құрамында қорғасын, барий, сурьма т.б. ауыр металлдардың үлесі артқан сайын шығын бұрышы кемиді;

  4. Жақсы өткізгіштік болғанда үлкен шашырау болмайды;

21. Опишите влияние влажности и загрязненности на величину пробойной крепости диэлектрика. Диэлектриктің пробойына ылғалдылық пен ластанудың әсері

Электр өрісінде болғанда, егер өрістің кернеулік массасы қритикалықтан жоғары болатын болса, диэлектрик электризоляциялық қасиетін жоғалтады. Мұндай құбылысты диэлектриктің пробойы немесе электр беріктіліктің бұзылуы деп атайды.

Пробойға диэлектрик қасиетінің қарсы келуі электр беріктілік Еб деп аталады. Пробой изоляциясы кезінде болатын кернеуді пробой кернеуі Uпр деп атайды және оны көбіне кВольтта өлшейді.

Электр беріктілік пробой кернеуімен анықталады: Еб = Uпр / h (h–диэлектрик қалыңдығы)

Сұйық диэлектриктердің пробойы жылулық процестердің ионизация нәтижесінде болады. Сұйық диэлектриктер жоғары электрлік беріктілікпен ерекшеленеді. Таза сұйықтарды алу өте қиын. Сұйық диэлектриктерде тұрақты қоспалар су, газдар және қатты бөлшектер қоспалар негізінен сұйық диэлектрик пробой құбылысын анықтайды.

Құрамында газы бар сұйықтар пробойы электродтар арасындағы газдық каналдардың пайда болуына әкеледі.

Сұйық диэлектриктерді қоспалардан тазалау олардың электрлік беріктілігі ластанған және дымқыл болған кезде жылдам төмендейді. Электрлік өрістің әсерінен ластанған бөлшектер жоғары градиент аумағымен байланысып, тізбек (цепочка) түзеді. Осындай жағдайда разрядты кернеу бірден түседі.

Пробой – электр өрісі кернеулігінің әсерінен электр беріктілігінің шығыны. Пробойдың болу себебі әртүрлі, сондықтан пробойға қатысты бір универсалды теория жоқ. Кез-келген изоляцияда пробой жоғары өткізгішті каналдың пайда болуына әкеледі, яғни берілген электротехникалық құрылғыдағы қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

Сұйық диэлектриктерде ылғалдылық көп кездеседі. Газдарда да су сияқты әртүрлі жағдайда болуы мүмкін. Мысалы, молекулярлы күйден көпіршікке дейін. Газдардағы секілді сұйықтарда да пробой пішіні байқалады (тәж, доға тәрізді).Электродар арасындағы қашықтық азайған сайын газдарда электрлік беріктілік өседі. Электр кернеулік критикалық мәнге жеткенде, біртекті емес өрісте газдардың пробойы тәж (корона) түрінде пайда болады.