- •1. Құрылыс қызметінің объектілері мен субъектілерінің түсініктерін анықтау.
- •Капиталдық салымдар бойынша басқада шығындар
- •Мелиоративтік жұмыстар есебі
- •Капиталдық салымдар және олардың түрлері.
- •4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;
- •5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
- •Құрылыс өндірісіндегі технологиялар ерекшеліктері.
- •Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.
- •Құрылыстағы үстеме шығындардың түсінігі
- •Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
- •Техникалық қауіпсіздікпен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
- •Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
- •8.Құрылыстағы материалдар шығындарының есебі.
- •10. Құрылыс өнімі және оны бағалау
- •12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
- •13. Өндіріс түрлері
- •14. Бухгалтериядағы тмқ есебін ұйымдастыру.
- •15. Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
- •16. Құрылыс ұйымдарының есеп саясаты.
- •19. Күрделі құрылысқа мердігер келісім шарты.
- •20. Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.
- •23. Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •26. Еңбек ақының мерзімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •27. Құрылыстағы қосымша өндіріс түрлері.
- •31. Құрылыс мердігер келісім-шарты бойынша табыс пен шығынды мойындау.
- •32. Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •39. Құрылыстағы ішкі ақау.
- •41. Ақаудан жоғалтуды бақылау және есепке алу.
- •42. Қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •43. Жалақы бойынша есеп айырысу.
- •44. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.
- •45. Құрылыстағы сыртқы ақау.
- •47. Құрылыс ұйымдар балансындағы қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •49. Құрылыс машина мен механизм жұмыстарымен байланысты шығындар есебі.
- •51. Құрылыстағы калькуляциялау объектілері.
- •53. Құрылыстағы ақаудан жоғалтудың есебі.
- •54.Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар.
- •55. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау.
- •56. Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
19. Күрделі құрылысқа мердігер келісім шарты.
Құрылыс өндірісінде жұмыстарының жүргізілуі мердігер мен тапсырушылық арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептемені халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойнша шығындар есебі, төмендегі тәртіпті анықтайды:
Түскен түсім келісім бойынша және байланыс болуы;
Есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегідей типтерден тұрады:
Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байл құбылмалы;
Шығындар қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.
20. Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.
Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбеккерлер еңбек келісім-шартында жəне қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай орындаған жұмысы үшін алады.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) жəне мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).
Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептептеледі жəне осы жүйеге сандық, апталық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы мерзімдік төлем түрінде төленеді.
Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде əзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың əрбір бірлігіне есептейді (дана, тк/м, килограмм). Кесімді еңбек ақыны саны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
- тікелей кесімді еңбекақы жүйесі əрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;
- кесімді сыйлық,бұл — қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
— кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөл-шерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;
— жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы жəне басқада жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлемақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
— еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұ-мысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтарын немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда жəне жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынта-лылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақытнормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда, осы тəріздес жұмыс үшін қолданылып жүрген нормативтік тапсырмалар мен баға (расценка) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тəртібі белгіленуі мүмкін.
.
