Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
219515 (2).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947 Кб
Скачать
☆

Fdm, tdm және wdm технологиялары негізінде жұмыстың дуплекстік режимін қамтамасыз ету Деректерді берудің бағытына байланысты линиы бойымен деректерді беру тәсілі келесі түрге бөлінеді:

  • симплекстік – байланыс линиясы бойынша беру бір ғана бағытта жүргізіледі;

  • жартылайдуплекстік – беру екі бағытта да жүргізіледі, бірақ міндетті түрде уақыт бойынша. Мұндай берудің мысалы Ethernet технологиясы;

  • дуплекстік – беру бір уақытта екі бағытта жүргізіледі.

Дуплекстік режим – канал жұмысының әмбебап және өнімді тәсілі. Дуплекстік режимді ұйымдастырудың ең қарапайым варианты кабельде екі тәуелсіз физикалық каналды (өткізгіштердің екі жұбы немесе жарықөткізгіштер жұбы) қолдану болып табылады, олардың әрқайсысы симплекстік режимде жұмыс жасайды, яғни деректерді бір бағытта береді. Дәл осы идея көптеген желілік технология жұмысының дуплекстік режимін жүзеге асыру негізінде жатыр, мысалы Fast Ethernet немесе АТМ.

Кейде мұндай қарапайым шешім қол жетімсіз не тиімсыз болуы мүмкін. Бұл деректерді дуплекстік айырбастау үшін бір ғана физикалық канал болып, екіншісін ұйымдастыру үшін көп шығындар қажет болған жағдайда болуы мүмкін. Мысалы, телефон желісі арқылы модемнің көмегімен деректерді айырбастау үшін қолданушыда АТС-пен байланысудың бір ғана физикалық каналы – екі өткізгішті линия ғана болады, екіншісін алу мүмкін емес. Мұндай жағдайда жұмыстың дуплекстік режимі FDM немесе TDM техникасының көмегімен каналды екі логикалық ішкі каналға бөлу негізінде ұйымдастырылады.

Екі өткізгішті линияда жұмыстың дуплекстік режимін ұйымдастыруға арналған модемдер FDM техникасын қолданады. Жиіліктік модуляцияны қолданатын модемдер төрт жиілікте жұмыс жасайды: екі жиілік – бірліктер мен нөлдерді бір бағытта кодтау үшін, ал қалған екі жиілік - деректерді кері бағытта беру үшін.

Сандық кодтау кезінде екіөткізгішті линияда дуплекстік режим TDM техникасының көмегімен ұйымдастырылады. Тайм-слоттар бір бөлігі деректерді бір бағытта беруге қолданылады, келесі бөлігі келесі бағытта беруге қолданылады. Әдетте қарама-қарсы бағыттың тайм-слоттары кезектеседі, сондықтан мұндай тәсіл кейде «пинг-понгтық» беру деп аталады.

Волоконды-оптикалық кабельдерде жұмыстың дуплекстік режимін ұйымдастыруға арналған бір оптикалық талшықты қолдану кезінде толқынның бір ұзындығындағы жарық көмегімен бір бағытта, кері бағытта толқынның келесі ұзындығымен деректерді беру қолданылады. Мұндай техника FDM әдісіне жатады, дегенмен оптикалық кабельдер үшін ол толқын ұзындығы бойынша бөлу деп аталды (Wave Division Multiplexing, WDM). WDM бір бағытта деректерді беру жылдамдығын арттыру үшін де қолданылады, әдетте 2 каналдан 16 каналға дейін қолданады.

Internet желісі

Ашық жүйенің жарқын мысалы халықаралық Internet желісі болып табылады.

Кең мағынада ашық жүйе деп ашық спецификалармен сәйкес тұрғызылған кез келген жүйені (компьютекр, есептеу желісі, ОЖ, бағдарламалық пакет, басқа да аппараттық және бағғдарламалық құралдар) айтуға болады.

«Спецификация» термині (есептеу техникасында) деп аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің қалыптасқан сипаттамасын, олардың қызметінің тәсілін, басқа компоненттермен өзара әрекетін, қолдану шартарын, шектеулер мен ерекше сипаттамаларын айтады. Кез келген специпикацияның стандарт еместігі түсінікті. Өз кезегінде, ашық спецификация деп стандартқа сәйкес, жарияланған, жалпыға қол жетімді және барлық қызығушы жақтардың жан-жақты талқылауынан кейін келісімі нәтижесінде қабылданған спецификацияны айтады.

Жүйені құрастыру кезінде ашық спецификацияларды қолдану үшінші жаққа осы жүйелер үшін кеңейтудің және жаңартудың түрлі апппараттық немесе бағдарламалық құралдарын жасауға, сонымен қатар түрлі өндірушілердің өнімдерінен бағдарламалық-аппараттық кешендер құруға мүмкіндік береді.

Шынайы жүйелер үшін толық ашықтық қол жетпес арман болып табылады. Ереже бойынша, ашық деп аталатын жүйелердің өзінде бұл анықтамаға сыртқы интерфейстерді қолдайтын кейбір бөліктері ғана сәйкес келеді. Мысалы, Unix операциялық жүйелер жиынының ашықтығы оның бір версиясының ортасынан келесі бір версиясының ортасына қосымшаларды жеңіл ауыстыруға мүмкіндік беретін, ядролар мен қосымшалар арасында стандартты бағдарламалық интерфейстің болуымен байланысты. Жекелей ашықтықтың тағы бір мысалы Novell NetWare жабық операциялық жүйесінде желілік адаптердің драйверлері жүйесіне тәуелсіз өндірушілерді қосу үшін Open Driver Interface (ODI) ашық интерфейсін қолдану болып табылады.Жүйені құру кезінде неғұрлым ашық спецификациялар көбірек қолданылса, соғұрлым ол ашық болып табылады.

OSI моделі есептеу желісіне байланысқан құрылғылардың өзара әрекеттесу құралдарының ашықтығына қатысты. Мұнда ашық жүйе деп қабылданатын және жіберілетін хабарлардың мәнін, мазмұнын және форматын анықтайтын, стандартты ережелерді қолданып, басқа желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғыны айтады.

Егер екі желі ашықтық принципін ұстанып тұрғызылса, онда бұл келесі артықшылықтарды береді:

  • бір стандартты қолдайтын түрлі өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарынан желіні тұрғызу мүмкіндігі;

  • желідегі жеке компоненттерді жетілдірілген басқа компоненттерге оңай ауыстыру мүмкіндігі, ол желінің ең аз шығындармен дамуына мүмкіндік береді;

  • бір желінің келесісімен жеңіл үйлесу мүмкіндігі;

  • желіні игерудің және қызмет көрсетудің қарапайымдылығы.

Ашық жүйенің жарқын мысалы халықаралық Internet желісі болып табылады. Бұл желі ашық жүйелерге қойылатын талаптармен толығымен сәйкес дамыды. Оның стандартын құрастыруда түрлі елдерде жұмыс жасайтын әр түрлі университеттегі, ғылыми мекемелер мен есептеу аппараттары мен бағдарламалық қамтаманы өндіруші-фирмалардағы мыңдаған маман-қолданушылар қатысты. Internet желісінің жұмысын анықтайтын стандарттың аты - Request For Comments (RFC), «түсініктемеге сұраныс», - қабылданатын стандарттың ашық сипатын көрсетеді. Нәтижесінде Internet желісі әлем бойынша лақтырылған желінің өте үлкен санының бағдарламалық қамтамасы мен түрлі жабдықтарын өзіне біріктіре білді.

Әдебиеттер:

1. Дж.Хабрейкен, М. Хайден. Сетевые технологии. Перевод с английского- М.: ООО «И.Д. Вильямс», 2007, 432 с.

2. Бэрри Нанс. Компьютерные сети / Пер. с англ. – М.: Бином, 1997.

3. Компьютерные сети. В.Г. Олифер, Н.А. Олифер - СПб.: Питер, 2002

Лекция №15 Біррангтік компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері. Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері. Тораптарды басқару және талдау құралдар кешені.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]