- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы
- •5В130100- «Жалпы медицина» мамандығы үшін
- •Iі Курс
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысының (осөж) тақырыптық жоспары
- •«Анатомия » кафедрасы оқытушыларының «Анатомия - 1» пәні бойынша «Жалпы медицина» мамандығының іі курс студенттерімен жеке жұмыстарының кестесі
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар.
- •Пән бойынша орындау және тапсыру к е с т е с і
- •Кредит№4
- •Кредит№5
- •Оқу және оқыту әдістері:
- •Білімді бағалау белгілері**
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар.
Кредит №4 бойынша тапсырмалар.
Студент оқытушының жетекшілігімен өз бетінше анатомиялық модельдермен препараттардан жұлын және мидың, сезім мүшелерінің негізгі анатомиялық элементтерін, мойын,иық,бел, сегізкөз өрімдерінің тармақтарын,олардың нервтену аймақтарын, иіс сезу, көру,есту анализаторлардың жолдарын,тауып, көз- қозғалтқыш , шығыршықты, үшкіл ,әкеткіш , бет нерві,тіл –жұтқыншақ,кезбе,қосымша,тіласты нервтердің ядроларымен тармақтарын, нервтендіру аймақтарын тауып, атап,көрсете білу керек. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптерін оқып білу керек.
ОСӨЖ тапсырмаларын тапсыру кестесі. Кредит №4
Тапсырманың № |
Тапсырма |
Күндері |
ОСӨЖ нөмірлері |
|
|||
1. |
Нерв жүйесі |
8.09-29.09.2014ж. |
1,2,3. |
2. |
Сезім мүшелері
|
30.09-9.10.2014ж. |
4 |
3. |
Ми нервтері. Вегетативтік нерв жүйесі .
|
7.10.-17.11.2014ж. |
5,6,7,8. |
Кредит №5 бойынша тапсырмалар.
Студент оқытушының жетекшілігімен өз бетінше тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясын, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін оқып біліп, анатомиялық модельдермен препараттардан жүректің негізгі анатомиялық элементтерін және оның қантамырларын, өкпе сабауы және оның тармақтарын, қолқа, оның бөліктерін,қолқа доғасы және оның тармақтарын , жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы, бұғанаасты артерияларының тармақтарын, қанмен қамтамасыз ету аймақтарын, қолқаның кеуде және құрсақ бөлімдерінің,қол-аяқ артерияларының тармақтарын, тауып,олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтарын атап,көрсете біліп,жоғарғы және төменгі қуыс , қақпалық веналар жүйесінің анатомиясын, кава – кавальды, порто – кавальды анастомоздарды, қол мен аяқтың беткей және терең веналарын , лимфа, қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелердің анатомиясын оқып білу керек.
ОСӨЖ тапсырмаларын тапсыру кестесі. Кредит №5
Тапсырманың № |
Тапсырма |
Күндері |
ОСӨЖ нөмірлері |
1 |
Жүрек. Бас, мойын,кеуде және құрсақ қуысы мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі. |
11.11-11.12.2014ж. |
9,10,11. |
2 |
Қол және аяқтың қанмен қамтамасыз етілуі |
2.12-25.12.2014ж. |
12,13. |
3 |
Вена және лимфа жүйесі. Қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелердің анатомиясы |
23.12.2014ж.-2.01.2015ж. |
14,15. |
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысының(СӨЖ) тапсырмалары.
