Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Demeeva_Nursaule_-5-005_top_ZhMF.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

Тыныс алу жүйесі

Мұрнымен еркін тыныс алады. Көмейде деформациялар жоқ, дауыс сипаты қалыпты. Дем алу актіне қосымша бұлшықеттер қатыспайды. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді, нормостеникалық, симметриялы, екі жартысы да тыныс алуға қатысады. Қабырғаралық кеңістісіктің өлшемі 1,5 см. Қабырғалар қиғаш бағытталып орналасқан. Жауырындары арқасына тығыз бекіген. Тыныс алу тереңдігі орташа, жиілігі 18 рет минутына, ритмі дұрыс, типі аралас. Ентігу жоқ.

Пальпацияда: кеуде клеткасы эластикалы, ауырсынусыз, дауыс дірілі екі жақта бірдей симметриялы.

Салыстырмалы перкуссияда: өкпенің симметриялы аймақтарында ашық өкпелік дыбыс естіледі.

Топографиялық перкуссияда:

Өкпенің ұшы

Оң жақ

сол жақ

Алдынан

Бұғанадан 3 см жоғары

Бұғанадан 3 см жоғары

Артынан

VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі деңгейінде

VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі деңгейінде

Крениг алаңы

5 см

5см

Өкпенің төменгі шекарасы

Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

L.parasternalis

L.mediaclavicularis

L.axilaris anterior

L.axilaris media

L.axilaris posterior

L.scapularis

L.paravetrtebralis

VI қабырғаның жоғарғы қыры

VI қабырғаның төменгі қыры

VII қабырға

VIII қабырға

IX қабырға

X қабырға

XI қабырға

-

-

-

VII қабырға

VIII қабырға

IX қабырға

X қабырға

XI қабырға

Өкпе жылжымалылығы

Сызықтар

оң жақ

сол жақ

L.mediaclavicularis

L.axilaris media

L.scapularis

3 см

4 см

3 см

3 см

4 см

3 см

Аускультацияда өкпе алаңдарында везикулярлы тыныс естіледі.Қосымша шулар мен крепитация, сырылдар естілмейді. Бронхофония симметриялық аймақтарда өзгермеген.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Қарауда: Кеуде клеткасы жүрек тұсында деформацияланбаған. Мойын веналарының кеңеюі мен ісінуі байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісі көзге көрінбейді. Пульс екі қолда бірдей, минутына 72 рет, ритмді, симметриялы, толуы мен кернеулігі қанағаттанарлық, дұрыс формалы. Пульс дефициті жоқ. Артериялық қан қысымы: систолалық- 120, диастолалық- 80 мм.с.б.

Пальпацияда: Жүрек ұшы түрткісі V қабырғааралықта сол бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке қарай пальпацияланады, ауданы 1,5 см2,орташа резистентті, күші орташа. Жүрек түрткісі анықталмайды.

Құрсақүстілік пульсация жоқ.

Жүрек перкуссиясы:

Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы.

Оң

IV-ші қабырғааралықта төстіктің оң жақ қырынан 1см сыртқары;

жоғары

L. parasternalis sinistra сызығымен III- ші қабырғааралықта;

Сол

L. medioclaviacularis sinistra сызығына 1см жетпей V-ші қабырғааралықта.

Абсолютті жүрек тұйықтығының шекарасы.

оң

IV-ші қабырғааралықта төстіктің сол жақ қыры

жоғары

L. parasternalis sinistra сызығымен IV- ші қабырғаның төменгі қыры;

сол

L medioclaviacularis sinistra сызығымен ІV-ші қабырғааралықта.

Жүректің көлденең ені - 6 см. Қан тамыр шоғырының оң және сол жақ тұйықтығының шекарасы төс сүйегі қырынан 2-қабырғааралықта сол және оң жақта орналасқан. Жүректің көлденең ені - 12 см. Жүрек конфигурациясы қалыпты.

Жүрек аускультациясы: аускультацияның әрбір нүктесінде 2 тон естіледі. I тон жүрек ұшында, ал II тон жүрек негізінде жақсы естіледі. Жүрек тондары ритмді, аздап әлсіреген. Патологиялық шулар мен тондардың екіге бөлінуі және т.б. анықталмайды. Жүректің жиырылуы ритмді, минутына 72 рет.

Ас қорыту жүйесі

Тілі ылғалды, ақшыл қызыл түстес, аздап ақ жабынмен жабылған, өлшемдері ұлғаймаған, емізікшелері гипертрофияланбаған. Тістің іздері, жаралар, тыртықтар жоқ. Тілді шығарғанда девиация байқалмайды.Ауыз қуысының шырышты қабаты таза, қалыпты түсті.

Іші қалыпты конфигурациялы, ассиметрия жоқ. Алдыңғы құрсақ қабырғасы веналарының кеңеюі,тыртық, бөртпе, пигментация байқалмайды. Іштің екі жартысы да тыныс алу актіне қатысады.

Іштің беткей пальпациясы: іш жұмсақ, ауырсынусыз. Бұлшықеттердің қатаюы, алдыңғы құрсақ қабырғасының жарықтары анықталған жоқ. Щеткин-Блюмберг, Мендель симптомдары теріс.

Іштің терең пальпациясы: сигматәрізді ішек - сол жақ мықын аймағында орналасқан, беті тегіс, қозғалмалы, жұмсақ, диаметрі 1,5 см, ауырсынусыз, құрылдар байқалмайды;

Соқыр ішек- оң жақ мықын аймағында орналасқан, ауырсынусыз, беткейі тегіс, консистенциясы жұмсақ, диаметрі 3 см, қозғалмалы;

Іштің оң және сол жақ бөлімінде тоқ ішектің өрлеме және төмендегі бөлімдері анықталады, ауырсынусыз, ені 3 см-дей, беткейі тегіс, эластикалы консистенциялы, құрылдар жоқ;

Көлденең орналасқан тоқ ішек -кіндік деңгейінде көлденең орналасқан, тығыз консистенциялы, ені 2 см-дей, ауырсынусыз, қозғалғыш, құрылдар жоқ;

Асқазанның үлкен иіндісі – кіндіктен 3 см жоғары, валик түрінде палпацияланады, беткейі тегіс, консистенциясы эластикалы, ауырсынусыз.

Аускультациясы:Ішек перисталтикасы активті.

Ұйқы безі палпацияланбайды.

Нәжісі қалыпты, тұрақты бөлінеді.

Бауыр және көкбауыр.

Бауыр қабырғалық доға қырынан шықпайды. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 0,5 см төмен орналасқан, эластикалы, ауырсынусыз, беткейі тегіс. Бауырдың Курлов бойынша көлемі: 9х8х7 см.

Өт қабы палпацияланбайды. Френикус-синдром, Курвуазье, Ортнер симптомдары теріс.

Көкбауыр палпацияланбайды, Перкуссияда linea axillaris anterior бойынша жоғарғы шекарасы- IX қабырға, төменгі шекарасы- XII қабырға. Ұзындығы - 6 см, ені- 4см. .

Зәр шығару жүйесі

Бел аймағы симметриялы, деформациялар жоқ. Бүйректер пальпацияланбайды. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс.Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз. Зәр шығаруы қалыпты, еркін.

Эндокринді жүйе.

Қалқанша безі палпацияланбайды, ұлғаймаған. Екінші жыныстық жетілуі әйелдік тип бойынша. Гипофиздің зақымдану синдромдары жоқ.

Неврологиялық статус.

Жоғарғы қыртыстық қызмет: Есі анық, адекватты. Байланысқа оңай түседі. Сұрақтарға дұрыс жауап береді, тапсырмаларды дұрыс орындайды. Ақыл-есінің дамуы жасына сай. Есте сақтау, ойлау қабілеті сақталған. Эмлциональды стабилді. Сөйлеу қызметі өзгеріссіз. Жазу, оқу, санау қабілеті сақталған.Көру және есту тітіркендіргіштерін қабылдайды. Уақыт пен кеңістікте ориентирі бар. Зейіні жақсы. Күрделі қимыл-қозғалыстарды орындауға қабілетті. Ұйқысы тыныш.

Гнозис бұзылыстары (агнозия: көру, есту, сенситивті, дәм, иіс, аутопагнозия, кеңістіктік агнозия, псевдоамелия, псевдополимелия, анозогнозия), праксис бұзылыстары (моторлы, идеаторлы, конструктивті), сенсорлы, моторлы афазия (Брок афазиясы немесе сөйлеу апраксиясы) амнестикалық), аграфия, алексия, акалькулия бұзылыстары жоқ.

Бас-ми нервтері:

1-жұп нерв-иіс сезу нервісі: иіс сезу сақталған, зерттеу кезінде оң және сол жақтан аносмия, гипосмия, гиперосмия, дизосмия анықталмайды, иіс сезу галлюцинациялары жоқ.

2-жұп нерв- көру нервісі: көру өткірлігі оң және сол көзден тексергенде бірдей сақталған, амавроз, амблиопия анықталмайды. visus OD = 1; visus OS = 1. Түсті ажырату қабілеті өзгермеген, ахроматопсия және дисхроматопсия байқалмайды. Көру алаңын зерттегенде, көру алаңының тарылуы жоқ, центральды және парацентральды скотомалар және гемианопсия анықталмайды. Көру галлюцинациялары жоқ.

ОD OS

Офтальмоскопия: көру нерві дискісі ашық-қызыл түсті, контурлары анық, ошақты өзгерістер жоқ.

3-жұп көзқозғалтқыш нерв; 4-жұп шығыршық нерв; 6-жұп әкетуші нерв: Көз саңылауының кеңдігі қалыпты, қарашықтары дөңгелек формалы, диаметрі 3мм, D=S. Қарашықтардың жарыққа әсері сақталған, екі көзде симметриялы. Конвергенцияға және аккомодацияға реакциялар оң. Көз алмасының қозғалыстары толық көлемде.Көз алмаларының біріккен қозғалыстары сақталған. Диплопияны теріске шығарады. Дивергенция, нистагм, птоз, қылилық,экзо- және эндофтальм, блефароспазм байқалмайды.

5-жұп үшкіл нерв: Бас және бет терілерінің, ауыз қуысы шырышты қабаты мен тілдің ауырсынулық, температуралық және тактильді сезімталдықтары сақталған. Валле нүктелері ауырсынусыз. Корнеальды рефлекс, шайнау бұлшық еттерінің қызметі, төменгі жақ рефлексі симметриялы сақталған. Бетте тризм байқалмайды.

n.trigeminus төменгі жақ тармақтарының қозғалтқыш тармақтарын зерттегенде, зақымдану симптомдары анықталмайды. Қарағанда шайнау бұлшық еттерінің , самай бұлшық еттерінің атрофиясы жоқ, шайнау актысы кезінде бұлшық етті пальпациялағанда әлсіздік және болбырлық (дряблость) жоқ, ауызды ашқан кезде төменгі жақтың ортаңғы сызықтан ығысуы байқалмайды.

7-жұп бет нерві: Тыныштықта беті симметриялы. Мұрын-ерін қатпары екі жақта бірдей (D=S).Мимикалық бұлшықеттердің қызметі сақталған. Лагофтальм мен гиперакузия анықталмайды. Белла симптомы, Хвостек феномені теріс. Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу қызметі бұзылмаған. Көздің құрғауы, көзден жас ағу, ауыз қуысының құрғауы анықталмайды. Лакирленген маңдай симптомы , кірпік симптомы , парусит белгісі теріс.Тісін ақситқанда ауыз бұрыштары бір деңгейде жоғарылайды.

8-жұп нерв: Есту өткірлігі оң және сол жақта бұзылмаған, гипакузия және гиперакузия жоқ. Сыбырлап сөйлеуді оң және сол жақтан жақсы естиді. Құлақтағы шуды, есту галлюцинацияларын теріске шығарады. Тыныштықта, жүрген кезде, басты жанға тез бұрғанда бастың айналуы болмайды. Құсу, лоқсу жоқ. Нистагм, атаксия анықталынған жоқ. Ринне симптомы оң.

9-жұп тіл-жұтқыншақ, 10-жұп кезбе нерв: Жұмсақ таңдай қозғалмалы, симметриялы, төмен қарай салбырауы жоқ, тілшік ортаңғы сызық деңгейінде орналасқан. Таңдай және жұтыну рефлекстері сақталған. Дауысы анық, дисфагия жоқ, фонация, артикуляция бұзылыстары анықталмайды.Тілдің артқы үштен бір бөлігінің дәм сезу қабілеті сақталған.

11-жұп нерв: Трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік бұлшықеттерінің контурлары, тонусы мен қызметтері бұзылмаған. Аталған бұлшықеттердің күші 5 баллға бағаланған. Бұлшықеттердің атрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулары жоқ. Науқас басы ортаңғы сызықтан ығыспаған. Мойыны қисаймаған. Иық белдеуі бір деңгейде орналасқан. Басты оңға, солға бұру және иілу қызметтері, иықтарды көтеру, жауырындарды бір-біріне жақындастыру толық көлемде жасалады.

12-жұп нерв: Тілді шығарғанда ортаңғы сызық деңгейінде орналасқан, атрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулар жоқ. Сыртқы келбеті өзгеріссіз. Қозғалғыштығы мен артикуляция бұзылмаған. Дизартрия - жоқ.

Бульбарлы және псевдобульбарлы синдромдар анықталмайды.

Қозғалыс сферасын зерттеу: Бұлшықеті дененің симметриялы аймақтарында қалыпты дамыған. Бұлшықеттердің кернеулігі бел-сегізкөз аймағында жоғарылаған. Бұлшықеттердің атрофиясы, псевдогипертрофиясы, фибриллярлы және фасцикулярлы жыбырлаулары жоқ. Активті қозғалыстардың көлемі сол жақ жамбас-сан буыннында ауырсынуға байланысты аздап шектелген, ал қалған буындарда қозғалыстар толық көлемде сақталған. Омыртқа жотасының белдік бөлімінде активті қозғалыстар көлемі шектелген, бел бөлімі аймағындағы бұлшықеттердің және паравертебральды нүктелердің ауырсынуына байланысты. Пассивті қозғалыс кезінде бұлшықет тонустары симметриялы аймақтарда бірдей, өзгермеген (гипо-, атония, спастикалық гипертония, симптом «зубчатого колеса», «складного ножа» анықталмайды ). Арқаның ұзын бұлшықетінің тонусы сол жақтан жоғарылаған. Бұлшықет күші сол жақ аяқта төмендеген, ал дененің басқа бөлімдерінде өзгеріссіз.Барре жоғарғы және төменгі сынамасы теріс. Гиперкинездер мен тырысулар жоқ.

Науқастың бұлшықеттік күші

Қозғалыс

Бұлшықет күші, балл

Сол жақ

Оң жақ

Шынтақты бүгу

5

5

Шынтақты жазу

5

5

Алақанды бүгу

5

5

Алақанды жазу

5

5

Қол саусақтарын бүгу

5

5

Қол саусақтарын жазу

5

5

Қол сасақтарын әкелу

5

5

Қол саусақтарын әкету

5

5

Білек супинациясы

5

5

Жамбас-сан буынын бүгу

4

5

Жамбас-сан буынын жазу

5

5

Тізе буынын бүгу

5

5

Тізе буынын жазу

4

5

Табанды бүгу

5

5

Табанды жазу

4

5

Рефлекторлы сфера: 1.Терең рефлекстер:

  • Екі басты бұлшықет рефлексі анықталады, екі жақта симметриялы.

  • Үш басты бұлшықет рефлексі анықталады, екі жақта симметриялы.

  • Тізе рефлексі сол жақта төмендеген.

  • ахиллов рефлексі сол жақта төмендеген.

2. Беткей рефлекстер:

  • Құрсақ (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) анықталады, екі жақта симметриялы.

  • Табандық анықталады, екі дақта симметриялы.

3.Оральды автоматизм рефлекстері:

  • хоботковый рефлекс , алақан-иектік Ма-ринеску-Радовичи рефлексі, назолабиальды, дистанс-оральный рефлекстері теріс.

4.Патологиялық рефлекстер (Бабинский, Оппенгейм, Гордон, Шеффер, Россолимо, Бехтерев-Мендель, Жуковский,) анықталмайды.

5.«Маңдайлық белгілер» (хватательный рефлекс, паратония) теріс.

Координаторлы-статикалық сфера: Қимыл-қозғалысы еркін, нақты орындалады. Бұлшықеттердің треморы, гиперкинездері, миоклониялары анықталмайды. Түзу сызық бойымен көзді ашып және жұмып жүруді, флангтық жүрісті, саусақ-мұрындық, өкше-тізелік сынамаларды дұрыс оырндайды. Ромберг сынамасында тұрақты. Стюарт-Холмс, Бабинский, Шиллер сынамалары теріс. Адиадохокинез жоқ. Сөйлеу және жазу қызметтері бұзылмаған.Статикалық атаксия жоқ.

Сезімталдық сферасы: Қарапайым сезімталдық түрлері: тактильді, ауырсыну, температуралық, діріл бұзылмаған. Сол жақ аяқтың артқы және сыртқы бөлімдерде гипостезия анықталады. Сол жақ бел-сегізкөз аймағында айқын тартып (резкие тянущие боли) ауырсыну бар, ауырсыну жүргенде, ауыр көтергенде, физикалық жүктемелерде, отырған қалыпта күшееді, сол жақ жамбас пен аяққа таралады. Мықын нервін алмұрт тәрізді бұлшықеттен шығу нүктесінен пальпациялағанда, бел-сегізкөз аймағының паравертебральды бұлшықетін, омыртқа жотасының бел бөлімін палпациялағанда ауырсыну пайда болады. Ауырсыну интенсивтілігі орташа, ұзаққа созылады.

Ласег симптомының бірінші фазасы әлсіз оң, екінші фазасы-теріс.

Терең сезімталдық түрлері: стереогноз, дискриминационды сезімталдық, локализация сезімі, бұлшықет-буындық сезімі қалыпты.

Полистезия, аллохейрия, дизестезия, анықталмайды.

Менингеальды симптомдар: Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), Бехтерев симптомдары теріс. Менингеальды поза, шуға, жарыққа жалпы гипертензия анықталмайды.

Вегетативті - трофикалық сфера: Тері жамылғылары ашық-қызыл түсті, орташа ылғалды, эластикалы. Теріде ойық жаралар жоқ, гипертрихоз, алопеция,тырнақтар , сүйектер мен буындардың трофикалық өзгерістері анықталмайды. Түктенуі әйел типі бойынша. Цианоз бен ісінулер жоқ. Дермографизм қызыл түсті, жайылмаған, 10 секундтан кейін пайда болады, 2 минуттан соң жойылады. Пиломоторлы рефлекс сақталған. Вегетативті түйіндер мен өрімдер (периартериальды, мойындық, сәулелік өрім)пальпация кезінде ауырсынусыз.Тері температурасы тұрақты, 370С. Жылу мен суыққа төзімділік қалыпты. Тәбеті жақсы. Көз саңылаулары, қарашықтары қалыпты. Пульс минутына 72 рет, ритмді. Артериялық қан қысымы 120/80 мм. с.б. Тыныс алу жиілігі қалыпты, минутына 18 рет. Тер, май, сілекей бөлінуі қалыпты. Асқазан сөлінің қышқылдығы қалыпты. Көзжүректік рефлекс Даньини-Ашнера оң. Ортостатикалық сынама оң. Жамбас мүшелерінің қызметі бұзылыстары: (орталық) зәрді көп ұстау, императивті позывтар, сфинктер тонусының артуы жоқ. (Перифериялық) - парадоксальды ишурия, детрузор тонусы сақталса да зәрді ұстай алмау (шынайы) немесе атония анықталмайды.

Науқаста пайда болған синдромдар:

Вертебральды синдром : белдік лордоздың тегістелуі, бел аймағындағы қозғалыстардың шектелуі, бел омыртқа бұлшықеттерінің қаттылығы, бел аймағындағы паравертебральды нүктелер мен қылқанды өсінділердің аздап ауырсынуы.

Түбіршектік синдром : сол аяқтың артқы және сыртқы бөлімдерінің гипостезиясы, ахиллов және тізе рефлексінің сол жақта төмендеуі.

Ауырсыну синдромы : бел аймағындағы айқын тартып (резкие тянущие боли) ауырсыну, ауырсынудың жүргенде, отыруға талпынғанда пайда болуы, ауыр көтергенде, физикалық жүктемелерде, отырған қалыпта күшеюі; Ауырсыну интенсивтілігі орташа, ұзаққа созылады, оның сол жақ жамбас пен аяққа таралуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]