- •1 Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы
- •1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •2 Ақша қаражаттар есебі
- •2.1 Хқес бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері
- •2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі
- •2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі
- •Кассадағы ақшаның есебі
- •3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы
- •3 Ақша қаражатының аудиті
- •3.2 Кассалық операцияларды тексеру
- •3.3 Банк операцияларының аудиті
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Жүргізілген ғылыми және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде диссертациялық жұмыста халықаралық стандарттарға байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері мен ақша аудиті, талдауы бойынша келесі қорытындылар жасалынды:
Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналар басшылыққа алынуы керек:
Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы ен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
«К – Елдос ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес құрылған. Серіктестік шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
«ХҚЕС (IAS) бойынша арнайы ақша қаражаттар есебінде есепті реттеу сұрақтары қарастырылмайды. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті құру кезінде ХҚЕС – тың 7 «Ақша қаражаттар қозғалысы туралы» есеп беру стандартын басшылыққа алу қажет. Берілген стандартқа сәйкес ақша қаражаттар құрамына кассадағы және банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары және қалдықтары кіреді. Ақша қаражаттар есебі түзетуді талап етпесе де, ХҚЕС көшу барысында баланстың барлық баптарына талдау жасауды қажет етеді.
Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Ұйымның есеп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.
Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операциялары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.
Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма – қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.
Транзиттік экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Аудитор ақша қозғалысы циклінің аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:
Касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
Касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақшаны бақылаудың әдістемелік және ережелік талаптардың бар – жоғы;
Осы жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
Касса – банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын, кім және қашан, қалай тексереді;
Кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма;
Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай;
Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау қалай жолға қойылған.
