Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Отбасындағы улттык тарбие.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

§ 1.3. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері

Соңғы кезде қоғамда жүріп жатқан экономикалық, әлеуметтік жаңалықтар, нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңдеріндегі күн сайын көбейтіп отырған әр түрлі қиындықтар тәрбие мәселелерінде өз ызғарын тигізуде. Бұлай дейтініміз балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстық әрекеттердің көбеюі, көптеген отбасылардың тіршілік тауқыметінің нашарлауы, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыстың төмендеуі орын алып отырғанын көреміз. Жаңа бағытқа сай тәрбие жұмыстарын жүргізуге әрбір отбасы, әлі де болса, психологиялық тұрғыдан дайын емес екені дәлел. Халық педагогикасының өзінің дәстүрлері және көркем әдебиет өнер туындылары жалпы ауыз әдебиетінің бай мұрасы балалардың адамгершілік сапаларының қалыптасуына ықпал жасайтынына көзіміз жетті.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін еске алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен оқушылардың адамгершілік төзімі мен адамгершілік дағдыларына ерекше мән беру керек. Мектепте төменгі сыныптардың ерекшелігін ескере отырып, біз адамгершілік тәрбие беруде негізгі жол іс-әрекетті ұйымдастыруды айтамыз. Осыдан оқушылардың өзі жолдастарымен, құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда. Халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастыруы керек және тәрбие процесі үнемі білім берушілік негізінде жүргізіліп отыру керек. Осыны ескере отырып біздің жұмысымыз балаларға адамгершілік сапалар қалыптастыру.

Халық дәстүрін, бала ұғымына сай жүйесіне іріктеп оқуға берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап нақты талап қоя білу.

Бала тәрбиесі қай халықта, қай ғасырда болмасын толғандырған өзекті проблема. Орыс халық әдебиетінде, сондай-ақ орта Азия халықтары, сонымен бірге шетел халқының бала тәрбиесінде жинақтаған материалдарға адамгершілік сапалары тұрғысынан оқушыларды жағымды іс-әрекеттерге қызықтыратындай жанды кейіпкерлердің бейнесіне еліктейтіндей.

Мысалдар мен мазмұндарға педагогикалық талдау жасалады. Жоғарыда толғандырған материалдарды төменгі класс оқушыларына адамгершілік тәрбиесін беруге халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануды тиімді жүргізу үшін арнайы педагогикалық бағдарлама жасалады.

Сонымен қатар халықтық педагогика мәселесі мен арнайы шұғылданып жүрген зерттеу жұмысын жүргізген ғалым педагог, психологтардың еңбектері талданады. Мәселен, педагогика ғылымының кандидаты С.Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрініс атты монографиялық еңбектерінде ақыл-ой тәрбиесі, еңбек-дене, өнер тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесіндей, халық дәстүрінің алатын орнына, оның мазмұнына және кейбір қағидаларына, жүзеге асырылатын жолдарына ғылыми әдістемелік тұрғыдан тоқталған.

Халық педагогикасын насихаттауға және оны іс жүзінде ұйытқы болған Бауыржан Момышұлының келіні Зейне Ахметқызы «Кәусар бұлақ» бағдарламасында қарастырылған. Бұл бағдарламада негізінен мектеп табалдырығынан жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларынан басталып он жыл бойы жүргізілетін жұмыстар жалпы көрсетілген. /25/.

Біздер халық педагогикасының озық дәстүрлері арқылы төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке дамыту тәрбиелеуде, адамгершілік сапалардың ішінен – ең құнды, құдыретті қасиеттерді адамгершілік бағдарламасына іріктеп ұсынуды жөн көрдік.

Бұл ұсынылып отырған бағдарлама балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің халықтық педагогиканы пайдаланудың ғылыми педагогикалық, психологиялық негізін айқындайды. Ол мынадай негізгі төрт компоненттерден тұрады. Олар, сезім, сана, сенім, іс-әрекет. Бұл компоненттер баланың ішкі даму құрылысының механизмі болғандықтан олар бағдарламаның негізін құрайды. Енді осы айтылған теориялық ғылыми негізге байланысты бағдарламаның мазмұнына тоқталайық. Бағдарламадағы әрбір адамгершілік сапаларға жеке тоқталып сипаттама береміз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдымен біз баланы жан-жақты танып білуіміз қажет. Осы туралы К.Д.Ушинский былай деді «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиеленгісі келетін болса, онда ол алдымен адамды да барлық жағынан біліп алуға тиіс». Ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде талдау жасауда, халықтық педагогиканың мұраларын қарастырғанда мектеп пен отбасының тәжірибесін жинақтауды жүргізген педагогикалық, психологиялық, диагностикалық жұмыстардың нәтижесінде адам бойындағы тіршілік тыныс барысында 150- ге дейін адамгершілік сапа болатын белгілері бар екені нықталған. Осы сатылардың ішінде жағымды да, жағымсыз да қасиеттер шамамен сан жағынан бірдей боп шыққан. Ал тәрбие барысында мұғалім, ата-анаға бұл үлкен қиындықтар туғызатыны белгілі. Егер жағымды жағымсыз қасиеттердің әрқайсысының мәнін ашып көрсете алмаған жағдайда өмірде жағымсыз қасиеттер көрінбей қалатын кезеңдер болады. Сонымен бірге мұғалім, ата-ана жағымды қасиеттердің барлығын бірдей қалай тәрбиелеймін деп қиналып, бала тәрбиесін жүйесіздікке жіберетін жағдайлар отбасында да мектепте де кездеседі. Сондықтан біздер бұл бағдарламада жағымды адамгершілік қасиеттердің халық жиынтығының ішінен топтастырып халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінің өзегінен туындайтын шартты түрде адамгершілік кодексін құрастырдық.

Біздің болжамымызда «Адамгершілік тағылымына алынған сапалар (ақыл-ой, сана, адал еңбек отанына, халқына жалпы адамзатқа, табиғатына сүйіспеншілік, ар -ождан ізеттілік, ата-анаға өзінің жақын туыстарына, жолдасқа, мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілдік) төменгі сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануда ең тиімді сапалар болады деп есептейміз.

Төменде «Адамгершілік тағлымы» мазмұнына тоқталамыз. Аталған адамгершілік сапалардың ішінде бірінші сапа ақыл-ой санаға байланысты.

Біз оны шартты түрде:

1. Ақыл-ой сана бай қазына. Ақыл-ойға осынша мән берген себебіміз, ол баланың санасын қалыптастырудың бастауы болып табылады. Адамның ақыл-ой дамуы үшін саналы қалыптастыру үшін негізгі тілмен байланыстылығы.

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп тани білген. Халық жерінің кеңдігінде, ерлерінің ерік қасиетінде, халықтың кеменгерлігінде, ұрпағының тәрбиесінде сөз құдыретін сыйғызып, ұрпағын ұлағатқа баули білген дана халық.

Қазақ халқы дәреже биікте емес, ата-баба дәстүріне бағынған, оны сыйлай білген халық.

Қазақ «Ат сүрінгеннен» деп ақыл тапқан ұшқыр ойды қастерлеп ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақты да аяулысы да болған халық.

Халықпен халықты адам мен адамды бірін-бірі түсінуге, білуге қарым-қатынас жасауға негіз болатын тіл.

Қазақ халқы ауыз әдебиетінің бай мұрасында баланың дамуына, біліміне тәрбиесіне ықпал жасайтын мол мүмкіндіктер бар деп анықтағанбыз. Ол бай мұра осы уақытқа дейін ескерілмей, еленбей тәрбие жұмысында орын алмай қалып келеді.

Мұғалім бұл бай мұраны мақсаттылық пен тұтас педагогикалық кеңесте кешенді түрде пайдалануды басты міндет етіп қою керек.

Бұл бай мұраны мұғалім баланың қай кезеңінде дара ерекшелігіне сай ұғына байланысты ертегі, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аңыз әңгімелер, шешендік қанатты сөздер педагогикалық тұрғыдан іріктей білу керек.

Сонымен қатар халықтық педагогиканың ең бір інжу-маржаны боларлық мұра-шешендік сөздер. Бұл баланың адамгершілік тәрбиесіне ықпалы зор. Өйткені шешендік сөздер барлық жан- жақты мазмұны арқылы ең шынайы адамгершілік қасиеттерді білдіреді. Суырып салма ақынды, білімпаздықпен табиғи дарындылық, асқан сөз шеберлігімен шешендік өнер қазақ халқының қаны мен жанына сіңген төл қасиеті.

Сондықтан мұғалім қазақтың атақты билері (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б.) олардың айтқан тапқыр өте әділ, әрі қысқа ойын білдірсе, осы шешендік өнерді бала ұғымына сай кеңейтіп дамыту керек.

Қазіргі мектеп пен отбасы осы дәстүрді бастауыш сынып оқушылыарына әр сыныпта мысалы: еңбек сабағында «сыйқырлы саусақ»?*** атты үйірме және ұлттық этнографиялық мүйіс ұйымдастыруы арқылы адалдық еңбек тәртібі міндеттілік т.б. адамгершілікке тәрбиелеуді көздейді. Қазіргі мектепте қазақтың ұлттық салт-дәстүріне арналған еңбек түрлеріне балаларды қатыстыру бүгінгі күнде мұғалімдер мен тәлімгерлер еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына балалардың да үлес қосуына мән беру керек.

Қазақстан Республикасы конституциясы материалдарын жеке баптарын балалардың түсінігіне сай оқып, үйрену тәуелсіздік мәртебесіне ие болған еліміздің ата заңын білу елжандылықтың, адамгершіліктің шынайы белгісі.

Қазақстан Республикасы рәміздерін, байрақ, елтаңба, әнұранды балалардың білуі, оларға тағзым етуі, қызмет көрсетуі, мақтаныш етуі, қорғай білу сезімдерін ояту.

Себебі оқушы тарихқа, елге болашаққа тағзым құрметпен қарауды балалардың ой-санасына жеткізу.

Адамгершілік тәрбиелеу процесінің бір бөлігі тіршілік атаулыны сүйе білуге бағыттау. Балаларды табиғатты қорғауға ынталандыру идеяларын көздеу.

Адамгершіліктің қарапайым түрі бірінші сынып оқушыларына арналған ережелердегі мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудан басталалады.

Оқушылардың Отанына, халқына, елжандылығына деген сүйіспеншілігін бала мүмкіндігіне сай іс-әрекеттер арасында қалыптасады. Оған жалпы адамзаттық әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени ағайын туыстық қарым-қатынастағы салт-дәстүрлер толық негіз бола алады. Мәселен ортамызға қайта оралған дәстүрлер, мерекелер, ойындар, халық пен халық арасындағы ізгі байланыстар. Мәселен: «Дүниежүзі халықаралық құрылтайы», «Салтанатты шерулер», «Наурыз», «сабан той», «Ораза Айт» т.б.

Әңгіме болатын келесі қасиет- ар-ождан, ұлттылық, ар намыс туралы.

Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің- деген Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі ар-ожданның адам бойындағы құнды адамгершілік қасиеттердің өзегі, тірегі болатын, арқауы болып табылатын бастауыш сынып оқушылардың бойында тұтас педагогикалық процестің барлық саласы арқылы (оқыту процесі, сыныптан тыс жұмыстар, балалардың шығармашылық іс-әрекеті, отбасылық қарым-қатынастар т.б.) ұлағаттық қасиеттер туралы ең қарапайым, түсінігіне сай, халық дәстүрлерінің бай мұраларымен таныстыру керек.

Ар-ождан қасиетінің басты белгілері адалдық ұстамдылық табандылық, ар намыстылық, мақсаттылық уәдеге берік болу, өзін-өзі танып білу, өзіне-өзі адалдықпен әділдікпен баға беру, өзін-өзі тәрбиелеу өзегі болады.

Халық дәстүріндегі балалардың бойында ар-намыс жат мінез құлықтарды, ұнамсыз әрекеттерді дер екзінде түзетіп отыру үшін «Мазақтама» атты өлеңдер пайдаланып сонымен қатар отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланысты үздіксіз, қалыпты деңгейде ұстап, көптегн еңбегінің нәтижесінде эксперимент арқылы анықтап көз жеткіздім.