- •Бұрғылау жұмыстарының мұнай – газ өндірісінің дамуындағы ролі
- •Тау жынысын талқандаушы аспап және оның классификациясы
- •Ұңғыма түбін тұтастай бұрғылауға арналған қалақшалы қашау
- •Ұңғыма түбін тұтастай бұрғылауға арналған шарошкалы қашаулар
- •Роторлық бұрғылау тәсілінде қолданылатын ауытқытқыш аспаптар
- •Шеген бағандар және оның технологиялық жарақтары
Роторлық бұрғылау тәсілінде қолданылатын ауытқытқыш аспаптар
Көлбейте бағытталған бұрғылау технологиясы бұрғылау тәсілдеріне тәуелсіз ұңғыма оқпанын қисайтуға мәжбүр етуші геологиялық жағдайларға және ауытқытқыш аспаптар қолдануға негізделген. Роторлық бұрғылау тәсілінде ұңғыма оқпанын қисайту үшін сына тәріздес немесе шарнирлі ауытқытқыштар қолданылды. Сына тәріздес ауытқытқыш қашауға шрифт арқылы бекітіледі. Қашаудан жоғары тізбектің төменгі бөлігінің иілімділігін қамтамасыз ету үшін бір бұрғы құбыры қойылады. Тізбекті ұңғыма ішіне түсіріп сынаны азимутқа қойғаннан кейін сынаның үшкір жағын ұңғыма түбіне батырып кіргізіп шрифті қиып, қашауды баяу айналдыра отырып, жуу ерітіндісінің тұтыну мөлшерінің төмен мәнінде 3-4 м-дей бұрғыланады. Содан кейін ауытқытқышты бұрғылау тізбегімен бірге көтеріп, зениттік бұрыш пен азимуттық бұрыш өлшеніп, бұрғылау тізбегі қайта түсіріледі. Бұл операция ұңғыманы қисайтудағы бағытты алғанға дейін қайталанады. Содан кейін бұрғылау тізбегінің төменгі жинағы арнайы жабдықталып бұрғыланады.
Шарнирлі ауытқытқыш бұрғылау тізбегімен шарнир арқылы қосылған кеңейткіш тәріздес. Ол бұрғы құбырлары тізбегінің төменгі бөлігін белгілі бұрышпен айналдыруды қамтамасыз етеді. Ауытқытқыш бұрғы тізбегімен түсіріліп, қажетті бағытты бағдарлайды да, бұрғы сорабы қосылып, аз өстік салмақ және жуу сұйықтығының тұтыну мөлшерінде тізбек айналмай, қашау басылады. Қашау көтеріліп, қайталанады. Осылай ұңғымада жаңа оқпан бағыты алынғанша қайталанады. Содан кейін тізбек айнала отырып (20-40 айн/мин) 4-6м бұрғыланып, тізбек көтеріліп, зениттік және азимуттық бұрыштар өлшенеді. Бұрғы тізбегі ауытқытқышсыз түсіріліп, ұңғыма бірнеше метрге дейін тереңдетіледі де, тізбек көтеріліп бұрыштар өлшенеді. Ауытқытқыш қайта түсіріліп, оның орны бағдарланады да, бұрғылау қайталанады. Мұндай сатылы бұрғылау ұңғыма оқпанының тіке бағытынан қажетті алынғанға дейін қайталанады. Содан соң бұрғылау тізбегінің арнайы жинағымен және режимімен бұрғылау жұмыстары жүргізіледі.
а ә
11 – сурет. Көлбеу ұңғыманы роторлық тәсілмен бұрғылаған кезде қолданылатын ауытқытқыштар
а – сынамен жұмыс: 1 – сынаны орнату, 2 – оқпанды бұрғылау,
3 – сынаны шығару, 4 – оқпанды кеңейту.
ә - шарнирлі ауытқытқышпен жұмыс: 1 – ауытқытқышты орнату,
2,3 – көлбейтілген оқпанды бұрғылау, 4 – оқпанды кеңейту
Турбиналық тәсілде қолданылатын ауытқытқыштар
Турбобұрғымен бұрғылау тәсілінде ұңғыма оқпанын қисайту әртүрлі ауытқытқыштар көмегімен іске асырылады. Олар:
Қисық құбыр
Қисық аударма
Р-1 ауытқытқышы
жапсырмалы турбобұрғы және қисық аудармадан тұратын ауытқытқыштар
Эксцентрлі ниппель
Серпімді ауытқытқыш
12 – сурет. Қисық аударма 13 – сурет. Р-1 ауытқытқышы
Турбиналық тәсілде ауытқытқыш турбобұрғыдан жоғары қоылады. Бұл ауытқытқыштар көмегімен ұңғыма оқпанын 900-қа дейін қисайтуға болады.
Ауытқытқыштарды берілген бағытта бағдарлау
Көлбейте бағытталған ұңғымаларды белгілі профиль бойынша бұрғылау тіке учаскені бұрғылау кезінде ұңғыма оқпаны қисаюының алдын алу шаралары қамтамасыз етілген жағдайларда ғана мүмкін. Ұңғыма оқпанының қисаю бағыты 50-қа жеткенге дейін бұрғы құбырлары тізбегін ауытқытқыштың бағытын жоғарыдан үздіксіз қадағалап түсіру қажет. Қадағалау тәсілдерінің төмендегідей түрлері белгілі:
Тізбекті түсіру кезінде «свечалардың» бұрылу бұрышын теодолитпен үздіксіз қадағалау;
Бұрғылау құбырларына соғылған белгі бойынша бағдарлау;
Ауытқытқыштарды ұңғыма түбінде бағдарлау;
Телеметриялық жүйелер арқылы бағдарлау, т.б.
Ұңғыма бұрғылау тәжірибесінде 2-3 тәсілдер кеңінен қолданылады.
Шоғырлама ұңғымаларды бұрғылау
Кен орнын игеру торына сәйкес сағалары бір ортақ алаңда, ал түптері әртүрлі нүктеде орналасқан ұңғымаларды бұрғылау шоғырлама бұрғылау әдісі деп аталады. Мұндай ұңғымаларды бұрғылау үшін әмбебап, монтаждалатын бұрғы қондырғылары қолданылады. Бұл бұрғы қондырғыларының негізгі және қосалқы блоктары бұрғыланатын ұңғыма сағасынан жаңа ұңғыма сағасына гидравликалық жүйе көмегімен бағыттау бағандары бойынша жылжи алады. Шоғырдағы ұңғыма сағаларының ара қашықтығы 3м кем болмауы тиіс.
Қазіргі кезде шоғырлап бұрғылау Әзірбайжан және Батыс Сібір кен орындарында кеңінен қолданылады. Бір шоғырдағы ұңғыма саны құрлықта 12...30, теңізде 50-ге дейін жетеді. Құрлық шоғырындағы ұңғыманың бір-бірінен арақашықтығы 0,8-20м етіп алынып, бір-екі қатарға орналасады. Қатар арақашықтығы 10-20м, кейде 50м дейін болады. Шоғырдағы ұңғыманың орналасуы кен орнының жағдайларына және негізгі база мен шоғыр арасындағы қатынас жағдайына байланысты болады. Негізгі базамен тұрақты қатынасы жоқ шоғырлар жергілікті (локальный) болады. Жергілікті шоғырларда ұңғымалар жан-жаққа желпуіш (веер) пішіндес орналасады. Көп қабатты кен орнын бұрғылауда шоғырдағы ұңғымалар саны тікелей пропорционалды көбейеді. Мұндай жағдайларда бір мезгілде жұмыс жасайтын қондырғылар санын көбейту үшін ұңғымалар айқаса (крест тәріздес) орналасады. Ұңғыма сағалары бір және екі қатарлы үлгі бойынша орналасқанда, шоғырда қатарынан екі бұрғы қондырғысы жұмыс жасай алады. Шоғыр алаңын жобалау барысында ондағы ұңғыма оқпандарының бір-бірімен қиылысу қаупін ескеру қажет. Көршілес екі ұңғыма оқпанының қиылысу ықтималдылығы төмендегідей анықталады:
φ0 = B/S
мұндағы B – қауіпті аймақ ауданы
S – инклинометрлік өлшеу барысында жіберілген қатені ескергендегі ұңғыма оқпанының орналасу ауданы.
Ықтималдылық мәні 0,25 және одан жоғары болғанда, шоғырдағы ұңғыма оқпанының қиылысу қаупі нақтылы. Шоғырдағы ұңғыма оқпандарының қиылысуын болдырмау үшін төмендегідей шараларды орындау керек:
Шоғыр алаңында көршілес шоғырда бұрғыланған ұңғымалар болмауы керек;
Шоғырда бұрғылау жұмыстарын жүргізбес бұрын барлық бұрғыланатын ұңғыма профильдері болуы тиіс;
Келесі ұңғыманы бұрғылау кезінде осы шоғырда бұрғыланған ұңғыманың горизонтальді проекциясын ескеру керек;
Шоғырдағы ұңғыма оқпанының профилін тұрғызу кезінде инклинометр көрсеткішінің ауытқу шамаларын ескеру қажет.
Көп оқпанды және көлбеу тармақталған ұңғымаларды бұрғылау
Әртүрлі техника-геологиялық себептерге байланысты қосымша оқпан бұрғыланған ұңғымаларды көп оқпанды ұңғыма деп атаймыз (14-сурет). Кез келген көп оқпанды ұңғыма көлбеу бағытталған болып есептеледі, себебі қосымша оқпанды бұрғылау үшін оны бастапқы бағыттан ауытқыту керек болады. Көлбеу тармақталған ұңғымалар – көп оқпандылардың бір түрі, тек бұрғылаудың соңғы аралығында зениттік бұрыш 900-қа дейін жеткізіледі.
Көп оқпанды ұңғымалардың құрылымына келесідей талаптар қойылады:
Ұңғыма оқпаны жаңадан бұрғыланатын оқпанға әртүрлі ауытқытқыштарды түсіруге мүмкін болатындай болуы керек;
Оқпанның барлық аралығында ұңғыманы максималды қарқындылықпен қисайту мүмкін болуы керек;
Ұңғыманың барлық аралығында қисайтылғын жерлерді шегендеу құбырларымен бекіту мүмкін болуы керек;
Ұңғыма оқпанында (мүмкіндігінше) геофизикалық зерттеулер жүргізу мүмкін болуы керек.
К
өп
оқпанды ұңғыма бұрғылау технологиясының
мәні келесіде: өнімді қабатқа дейін
немесе одан сәл жоғары тік ұңғыма
бұрғыланады; осы негізгі ұңғымадан
өнімді қабатта қосымша оқпандар
бұрғыланады. Бірінші кезекте жобалық
ауытқуы максималды оқпан бұрғыланады;
келесі кезекте қосымша оқпандар
біріншісінен төменнен жоғары бұрғыланады.
Егер өнімді қабат борпылдақ жыныстардан
құралған болса, онда көлбеу бағытта бір
оқпан ғана бұрғыланады. Көп оқпанды
ұңғыма бұрғыланып болғаннан соң, шегендеу
тізбегімен
14-сурет.
Көп оқпанды бекітіледі.
ұңғымалар сұлбасы.
Бақылау сұрақтары
Ұңғыма оқпаны ауытқуының қандай түрлерін білесіз?
Бұрғылау тізбегінің төменгі бөлігі (КНБК) неден тұрады?
Роторлық тәсілмен бұрғылауда қандай ауытқытқыштар қолданылады?
Турбиналық тәсілмен бұрғылауда қандай ауытқытқыштар қолданылады?
Шоғырлама бұрғылау дегеніміз не?
Көп оқпанды ұңғыма дегеніміз не?
Дәріс №18-19 Тақырыбы: Өнімді қабатты алғашқы рет ашу және сынау
Өнімді қабатты ашу жұмыстары сапалы жүргізілуі керек. Өнімді қабатты ашу технологиясының сапасы деп сәйкесінше операциялар жүргізілгеннен кейінгі өнімді қабаттың гидроөткізгіштігінің өзгеру дәрежесін айтуға болады. Қабаттың өнімбергіштігі төмендеп кетуінің себептері көп, солардың ішіндегі негізгісі – қабатқа басқа сұйықтықтар мен жыныс бөлшектерінің енуі. Ұңғыманы бұрғылау барысында гидростатикалық қысым бағаны қабат қысымынан жоғары болатындай бұрғылау ерітіндісі таңдалынады.
Әдетте, ұңғыма оқпанының басқа аралықтарын бұрғылаған кезде қолданылатын технология мен жуу ерітіндісі өнімді қабатты ашуда да қолданылады. Өнімді қабатты ашуда жуу сұйықтығы ретінде су негізді ерітінді жиі пайдаланылады. Бұндай ерітінді қолданылған кезде су қабатқа сүзіледі. Сүзілген судың көлемі ерітіндінің субергіштігіне, оның қабатпен әрекеттесу ұзақтығына, гидростатикалық және қабаттық қысым айырмашылығына байланысты.
Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттерінің төмендеуіне ықпал ететін себептердің барлығын жою мүмкін емес. Алайда олардың өнімді қабатқа кері әсерін келесі шараларды орындап, төмендетуге болады:
өнімді қабатты бұрғылау барысында зерттеу жұмыстарын жүргізу, пайдалану тізбегін түсіру және цементтеуді алдын-ала дайындалған жоба бойынша тез жүргізу керек, себебі бұл кезде бұрғылау ерітіндісі мен ұңғыма қабырғасының әрекеттесу уақыты азаяды;
өнімді қабатты ашқанда субергіштігі төмен, сапасы жоғары немесе көмірсутек негізді бұрғылау ерітінділерін қолдану керек;
Қорыта айтқанда, өнімді қабат ұңғыманы ұзақ уақыт сусыз пайдалануды қамтамасыз ететіндей ашылуы керек
Қысымы төмен өнімді қабаттарды ашу барысында бұрғылау ерітіндісін мұқият таңдау керек: бұрғылау ерітіндісі қарқынды жұтылуы салдарынан мұнай ұңғыма түбінен ысырылады және түп аймақ жыныстарының сүзгілеу қасиеті айтарлықтай төмендейді. Қысымы төмен өнімді қабаттарды ашу үшін мұнай негізді, эмульсиялық, БӘЗ қосылған саз және аэрацияланған арнайы бұрғылау ерітінділері қолданылады.
Бұрғылау тәжірибесінде ұңғыма аяқтаудың келесідей негізгі тәсілдері қолданылады (15-сурет):
өнімді қабат жабынына су жабушы тізбек орнатып, цементтеу және қабатты ашып, хвостовик немесе арнайы сүзгі түсіру;
манжеталық құюға арналған аралас тізбек түсіріп, оның төменгі бөлігіне сүзгі орнатып, өнімді қабатты толығымен ашу;
тізбек түсіріп және тұтастай цементтеп өнімді қабатты ашу.
а ә б в г
15-сурет. Ұңғыманы аяқтау кезіндегі түп аймақтың құрылымдық сұлбасы
а – тұрақты (берік) жыныстарда, ә - сүзгі немесе хвостовик түсіру арқылы, б – манжеталық құю мен қабатта сүзгі орнату арқылы, в, г – тұтас цементтеп, өнімді қабатқа қарсы саңылау тесу арқылы. 1-шегендеу тізбегі, 2-пакер, 3-сүзгі, 4-цемент тас, 5-перфорациялық саңылау, 6-өнімді қабат, 7-хвостовик.
Өнімді қабатты сынау
Өнімді қабат бұрғыланып болған соң ұңғымада геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Алайда өнімді қабатты геологиялық және гаофизикалық зерттеу әдістері пайдаланатын аймақтың өндірістік маңыздылығын анықтауға мүмкіндік бермейді, себебі олар қабаттың мұнайбергіштігі туралы толық мәлімет бере алмайды, тек қана үлгі алу және сыналу аралығының таңдалу себебін негіздеуге қажетті мәлімет береді. Сынауға арналған арнайы механизмдер қабат сынағыштар деп аталады.
Қабаттан үлгі алуға қабаттан мұнай ағынын шақыру, қабат сұйықтығының сынамасын алу, қабаттың қаныққандығын анықтау және дебитін мақсатымен жүргізілетін жұмыстар жиынтығы жатады.
Қабатты сынауға қабаттан мұнай ағынын шақыру, қабат сұйықтығы мен газдың сынамасын алу, қабаттың мұнай-гадылығын анықтау, қабаттың негізгі гидродинамикалық параметрлерін (қабаттық қысым, сұйықөткізгіштік, өнімділік коэффициенті, т.б.) анықтауды қамтамасыз ететін жұмыстар жиынтығы жатады. Қабатты сынау ұңғыманы бұрғылау үрдісінде және бұрғылау жұмысы аяқталып, пайдалану тізбегі түсірілгеннен кейін де жүргізіледі. Ұңғыманы сынау қабаттың кәсіпшілік мұнайгаздылығын орнату, оның өнімдік мінездемесін бағалау, мұнай-газ қорын есептеуге қажетті мәліметтер алу және кен орнын игерудің жобасын құру мақсатында жүргізіледі.
Ұңғыма бұрғылау үрдісінде қолданылатын қабатсынағыштардың үш түрі бар: ұңғымаға бұрғылау тізбегімен түсірілетін, кабельмен түсірілетін және бұрғылау тізбегі ішіне түсірілетін. Ең көп қолданылатыны – бұрғылау тізбегімен түсірілетін құбырлық қабатсынағыштар. Ағындылыққа құбырлық қабатсынағышпен сынау түпке тірек түсіріп және түсірмей жүргізіледі. Сондай-ақ аймақты селективті (бөлек-бөлек) сынауға болады.
Өнімді қабатты сынау (үлгі алу) жұмыстары нұсқауға сәйкес жүргізілуі керек. Әр сыналатын аралыққа жүргізілетін жұмыс жобасы жасалады. Жобада ұңғыма бойынша негізгі мәліметтер (тереңдік, соңғы тізбек диаметрі мен оны түсіру тереңдігі, қабатқа түсірілетін депрессия көлемі, оның әрекет ету уақыты, т.б.) келтіріледі, сонымен қатар ұңғымаға түсірілетін сынау жабдығының түрі мен жинақталуы көрсетіледі. Бұрғылау үрдісіндегі сынау (үлгі алу) жұмыстарын бұрғылау кәсіпорнының тапсырысы бойынша, қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтай отырып, геофизикалық ұйымдар немесе мамандандырылған қызмет көрсету орталығымен жүргізілуі керек.
Бақылау сұрақтары
Ұңғыманы аяқтаудың және өнімді қабатты ашудың қандай тәсілдері бар?
Қабаттан үлгі алуға қандай жұмыстар жатады?
Өнімді қабат бұрғылау үрдісінде қалай сыналады?
Өнімді қабатты ашу технологиясының сапасы дегеніміз не?
Дәріс №20-21 Тақырыбы: Ұңғымаларды бекіту
Мұнай және газ ұңғымаларын жабдықтау кезекті екі процестен тұрады: бұрғылау және бекіту.
Ұңғыманың қабырғаларын опырылымдардан, газ бен су өтуінен қорғау үшін сондай-ақ, қабырғаның өндіргіш қатпарларын оқшаулау үшін шеген құбырлармен бекітеді. Құлама тереңдігі мен қатарлар саны ұңғыманың тереңдігі мен тұрғылықты жердің геологиялық шарттарымен тікелей байланысты. Шеген құбырлары ұңғымаға әкті ерітінділер арқылы бекиді.
Ұңғыманы жобалауда жобаға оның құрылымын біріктіріп негіздейді. Ұңғыма құрылымы түсінігі ұңғымаға түсірілген шегеннің өлшемдері көрсетілген (құлама тереңдігі, тұрба диаметрі және қабырға қалыңдығы) бағандар санымен, ұңғылау барысында әр қатар астындағы қашаулар диаметрімен және қатарлар арасындағы әктелген жазық интервалдарымен түсіндіріледі.
Таңдаулы ұңғыма құрылымы қамтамасыз етілуі керек:
1Ұңғымаларды жабдықтау технологиясы мен геологиялық шарттарды қосқанда ұңғыма өткізгіштігінің тереңдік жобасы және қолданылатын техника деңгейі;
2Ұңғымаларды тасымалдау мен ұңғылау процесінде төтенше жағдайлар мен мүмкін қауіптіліктерді жедел жою және алдын-ала ескертулер;
3Ұңғымаларды тиімді және мерзімді тасымалдау;
4Газ, мұнай су сору көкжиектерін сенімді оқшаулау.
Сонымен бірге, ұңғыма құрылымы үнемді және мықтылықты қамтамасыз етуі керек және техникалық жадбық тәрізді сапалы, жобалауда, ұңғылау процесінде сондай-ақ, тасымалдау кезеңінде нәтижелі болуы шарт.
Ұңғыманы өткізу тасымалдау қатарларының құламасымен және оның әктелуімен аяқталады. Тасымалдау қатарларын ұңғыманың мықтылығы және қатпарлардың біріктірілуі мұнай, газ, суды кідірту үшін бойлатады. Қазіргі кезде тасымалдау қатарының ұңғылау тереңдігі 9000 метрден де жоғары. Тасымалдау қатарының диаметрі ұңғыманың тұрақтылығына үлкен әсер етеді. Тасымалдау тұрғысында ұңғыма диаметрі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым шығындар ұңғыма ғимаратына салынады. Сол үшін ұңғылау жұмыстарын жобалауда тасымалдау қатарының диаметрінің қаншалықты кішілігін негіздеуге көңіл бөлінеді.
Ұңғыма құрылымын жобалау принциптері
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылағанда, оның бос жыныстардан құралған қабырғасын опырылмас үшін, газ және мұнайлы қабаттардан бір-бірінен ажырату үшін бекіту керек. Бұл мұнай мен газ ұңғыма түбінен сағаға дейін көтерілуіне арналған саңылаусыз канал жасауға мүмкіндік береді. Қабаттарды бір-бірінен арнайы шегендеуші құбырлар көмегімен ажыратады. Ұңғыма қабырғаларын бекіту үшін түсірілетін шегендеуші құбырлар қабаттарды ажырата алмайтындықтан, құбырсырты кеңістігіне арнайы цементтеуші жабдықтар көмегімен цемент ерітіндісі құйылып, толтырылады. Бұл үрдіс ұңғыманы цементтеу деп аталады.
Ұңғыма құрылымы
Диаметрі көрсетілген шегендеу тізбегінің түсірілу тереңдігі, құйылған цемент ерітіндісінің көтерілетін биіктігі, әр тізбекті бұрғылауға арналған қашаудың диаметрі, т.б. мәліметтердің жиынтығы ұңғыма құрылымы (4-сурет) деп аталады. Ұңғыма құрылымы бұрғылауға қажетті материалды-техникалық қаражатты және уақыт шығынын азайту, бұрғылау кезінде апаттар мен қиыншылықтардың алдын-алу, сондай-ақ сапалы ұңғыма құрылысын қамтамасыз етуі керек.
Бұдан басқа ұңғыма құрылымы келесілерді қамтамасыз етуі керек:
ұңғыманың жобалық тереңдікке дейін жетуін;
өнімді қабатты ашудың және оны пайдаланудың белгіленген тәсіл бойынша жүзеге асуын;
бұрғылау үрдісінде қиыншылықтардың алдын алу және техника мен технология мүмкіншілігін толық пайдалануға жағдай жасау;
Аталған талаптарды орындауға қажетті шегендеу тізбегінің саны ұңғыманың біркелкі бұрғылану аралығына байланысты анықталады.
Ұңғыма құрылымында төмендегідей шегендеу тізбегінің түрлері қолданылады:
Бағыттауыш – тұрақсыз жыныстардан тұратын жоғарғы аралықты бекітуге арналған. Ұңғыма сағасы шайылуының алдын алады.
Кондуктор – тұрақсыз жыныстарды бекітуге, сулы қабаттарды оқшаулауға, сағаға лақтырысқа қарсы жабдықтарды орнатуға және т.б. арналған.
Аралық шегендеу тізбегі – геологиялық қиманың жоғарғы аралықтарын оқшаулау және бекітуге арналған. Келесі аралықты бұрғылау берысында апаттар мен қиыншылықтардың аладын алуға мүмкіндік жасайды. Қолайлы жағдайда аралық тізбекті пайдалану тізбегі ретінде қолдануға болады.
Пайдалану тізбегі - өнімді қабатты геологиялық қиманың басқа қабаттарынан оқшаулап, бекітуге және мұнай мен газды кез келген белгілі тәсіл қолданып жоғарыға шығаруға арналған.
Аралық шегендеу тізбегінің түрлері: біртұтас – түптен сағаға дейін ұңғыма оқпанын бекітеді; құйыршық (хвостовик) – ұңғыма оқпанының тек шегенделмеген аралығын бекітеді, жоғарғы тізбекті 100м-ге дейін жабады; летучка – қиыншылықтарды жоюға арналған арнайы аралық шегендеу тізбегі, алдыңғы немесе кейінгі тізбекпен ешқандай байланыста болмайды. Летучка ұңғыма сағасына дейін көтерілмейді.
Құйыршық ұңғыма сағасына дейін жеткізілуі мүмкін және қолайлы жағдайда пайдалану тізбегі ретінде қолдануға болады. Егер соңғы аралық тізбектің тозуы айтарлықсыз болса, пайдалану тізбегін құйыршық түрінде түсіруге болады.
Ұңғыма құрылымына кіретін тізбек санын есептегенде, бағыттауыш пен кондуктор есептелмейді. Пайдалану тізбегі мен бір аралық тізбектен тұратын ұңғыма қрылымы екі тізбекті, ал пайдалану тізбегі мен екі аралық тізбектен тұрса, үш тізбекті құрылым деп аталады.
а ә б в
4-сурет. Ұңғыма құрылымы
а – қима, ә - оқпанда тізбектің орналасуы, б – ұңғыма құрылымының графикалық көрінісі, в – ұңғыма құрылымының жұмыстық сұлбасы
Шегендеу тізбегінің саны мен түсірілу тереңдігін таңдауға ықпал етеді:
ұңғыманың арналымы мен бұрғылаудың мақсаты;
жобалық қабат, ұңғыма тереңдігі, пайдалану тізбегінің диаметрі;
қабат қысымы және стратиграфиялық қабаттардың гидрожарылу қысымы;
ұңғыманы аяқтау және пайдалану тәсілі;
ұңғыма қимасы (тік, көлбеу, т.б.) және оның мінездемесі (ауытқу шамасы, қисаю азимуты, т.б.)
жыныстардың беріктік бойынша мінездемесі.
Шегендеу тізбегінің диаметрі мен оны бұрғылауға қажетті қашаудың диаметрі төменнен жоғары қарай жобаланады, яғни бірінші пайдалану тізбегінің диаметрі таңдалынып аынады. Ал құбырдың диаметрін таңдау үшін бірінші қашаудың диаметрін таңдау керек:
Dқ = Dм + 2δ
Мұндағы Dм – шегендеу тізбегі муфтасының диаметрі, мм, δ – шегендеу тізбегінің муфтасы мен ұңғыма қабырғасы арасындағы саңылау, мм.
