- •37) Ішкі электр жабдықтау тораптары
- •38) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
- •40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •Iдоп.Ав.Iав – екі тізбекті желі үшін есептік тоқ;
- •43) Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44) Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45) Дәнекерлеу қосалқы стансаның сұлбасы
- •42) Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •Iном.Каб Iр – бір тізбекті кж үшін;
- •Iдоп.Ав. Iав,
- •46) Күштік ажыратқыштары бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •47) Қосалқы станцияның тарату құрылғылары
- •48) Магистралді қоректегі трансформаторлық қосалқы станцияның электрлік қосылу сұлбасы
- •49) Радиалды қоректегі қосалқы станциялардың электрлік қосылу сұлбасы
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51) Электр энергияның сапалық нормалары
- •52) Электр энергиясын санау
- •53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
Магистральді сұлбаларды электрмен жабдықтаудың ішкі жүйесінде қолданады, егер де тұтынушылар айтарлықтай көп болса және радиалды сұлбаларды қолдану тиімді болмаса. Әдетте магистральді сұлбалар тұтынушылардың ортақ қуаты 5000-6000кВА-дан көп емес бес-алты ҚС-ды қорекпен қамтамасыз етеді.
Бұл сұлба қоректенудің төмен сенімділігімен сипатталады, бірақ ағытатын аппараттар санын азайтуға және тұтынушыларды қорек үшін сәтті жинақтауға мүмкіндік береді..
1 Сурет - Өндірістік өнеркәсіптің электржабдықтауының ішкі жүйесіндегі бір жақтан қоректелуі бар сипаттық магистральді сұлбасы
|
|
|
|
Магистральді сұлбалардың артықшылықтарын сақтау қажет болғанда және қоректендірудің жоғары сендімділігін қамтамасыз ету үшін транзитті магистральдар жүйесін қолданады. Мұндай жүйеде кез келген қоректендіруші жоғары кернеулі магистраль зақымдалса, тұтынушыларды автоматты түрде істе қалған трансформатордың төменгі кернеулі шиналар секциясына ауыстыру арқылы қоректендіруді екінші магистраль арқылы сенімді қамтамасыз етеді. Бұл қосылыс 0,1-0,2 с аралығында болады, яғни тұтынушыларды электрмен жабдықтауда зиян тигізбейді.
40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
Электр энергиясын зауыт ішіне тарату кезінде қолданылатын тораптардың бір түрі, ол-аралас сұлбасы. Бұл, жүктеменің территория бойынша орналасуына, олардың шамасына, қоректендіру сенімділігінің қажет ететін дәрежесіне тәуелді болады. Шарттар бірдей болған кезде көбінесе магистральді немесе аралас сұлбалар қолданады.
41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
а) энергия шығыны бойынша желінің есептелуі тоқтың экономикалық тығыздығы бойынша).
Желі бойымен энергияны таратқан кездегі шығындар желі кедергісі үлкейген сайын өседі, олар өз кезегінде сымның қимасымен анықталады; сымның қимасы үлкейген сайын шығын аз болады. Бірақ бұл кезде түсті металдың және желіні құруға кететін капитал шығын өседі. Экономикалық жағынан ең тиімді желіні таңдап алу үшін капитал шығын мен жыл сайынғы пайдалануға кететін шығынды бірнеше нұсқа (2-ден аз емес) үшін салыстыру керек.
Электр қондырғыларын құру ережелері бойынша (ПУЭ) тоқтың экономикалық тығыздығының jэк мәні белгіленген, ол тек сымның материалына, құрылымына және жүктеме Тм максимумын қолдану уақытына тәуелді. Бұл жерде келесі факторларды есепке алмаймыз, олар: электр энергияның бағасы және желідегі кернеудің мәні. Экономикалық жағынан ең тиімді қиманы желінің есептік тоғы Iр және экономикалық тығыздық jэк арқылы есептейміз
,
мм2,
мұнда
,
А – бір тізбекті желі үшін есептік тоқ;
,
А – екі тізбекті желі үшін есептік тоқ;
Iав=2Iр;
б) ұзақ есептік тоқпен қыздыру шарты бойыншы желі есебі
Iном.пров Iр– бір тізбекті желі үшін есептік тоқ;
Iдоп.Ав.Iав – екі тізбекті желі үшін есептік тоқ;
Iдоп.ав.=1,3 Iном.пров;
мұнда Iном.пров – жалаңаш сымдар үшін рұқсат етілетін үзақтық тоқ;
в) кернеу шығыны бойынша желі есебі
,
В
немесе
,
В.
Номиналды кернеу бойынша кернеу шығынының пайыздық көрсеткіші:
;
г) «тәжге» кететін шығын шарты бойынша 110кВ АЖ үшін сымның минималды қимасы АС-70, 220кВ АЖ үшін АС-240 болады, 35кВ АЖ-рі «тәжге» кететін шығынға тексерілмейді.
Механикалық төзімділік бойынша АЖ есебі
АЖ-н механикалық төзімділікке есептеу деген оның нәтижесі бойынша ауа желілерінің элементтеріне түсетін механикалық жүктемелер анықталатын, осы жүктеме әсерінен АЖ элементтерінде туатын ішкі кернеулер және сымдар мен арқансымдардың (трос) салбырауы анықталатын есептеулер.
АЖ-нің келесі элементтері есептеледі: сымдар және арқансымдар оқшауламалар мен арматура; тіректер мен іргетастар.
