Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішектің мторлық қызметінің бұзылыстары. Ішек өт...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Кб
Скачать
☆

Іш қатуы.

Ішектердің қимылдық өрекеттерінің өлсіреуі оте жеңіл ыдыратыла-тын тағамды көп қабылдағанда, кезбе жүйкенің қозымдылығы темендегенде, үлтабарға өт аз түскенде, ішектерде серотонин, мотилин,вазобелсенді ішек пептидтерінің аз өндірілгенінде т.б. жағдайларда байқалады. Осыдан іш қатуы дамиды. Іш қатуы ішектердің кейбір бөліктерінің қатты жиырылып қалуынан (спазмдық іш қату) немесе ішектердің жиырылуға қабілеті жоғалуынан (атониялық іш қату) дамуы мүмкін.

Спазмдық іш кату қорғасынмен, сынаппен уланулар кездерінде, кейбір дәрі-дөрмектердің (темірі бар дөрілер, кальцийі бар дәрілер, жүйке түйіншектерінің (ганглийлердің) бәсеңсіткіштері, транквилизаторлар т.б.) әсерлерінен дамиды.

Сонымен бірге, ауыр жан-дүниелік күйзелістер ішектердің қимылдық өрекеттерінің жүйкелік реттелуін бүзьш, спазмдық іш қатуға әкелуі мүмкін. Қабынған асқазаннан, өт жолдарынан, үйқы безінен жүйкелік серпіндер ағза-ағзалық рефлекстердің дамуына әкеліп, ішектердің қатты жырылуларын туындатады.

Атоииялық іш қату:

• жеңіл қорытылатын тағамды жиі қабылдағанда, тағамда тор-шалардың аз болуынан, асқазаңца гиперхлоргидрия болудан тағамның артық ыдыратылып кетуінен;

• ауыр дерттердің нәтижесінде науқастардың ұзақ төсек тартып жатып қалуынан т.б. себептерден қимыл-қозғалыстардың аздығынан;

• қарттардың ішек қабырғаларындағы ет талшықтарының өлсіздігінен;

• кезбе жүйкелердің медиаторы ацетилхолин түзілуге қажетті В,-витаминінің тапшылығынан;

• іш қуысындағы ағзаларда хирургиялық өрекеттерден кейін т.б. жағдайлардан - байқалады.

Үзақ мерзім іш қатуларының нәтижесінде ішектердің сол болу қабілеті азаяды, ондағы ферменттердің белсенділігі төмендейді. Атониялық іш қату кездерінде ішектер керіліп кетеді, оларда үлкен дәрет жиналып, түрып қалады. Бұл үлкен дәреттің сүйық бөлшектері кері сіңіріліп, ол қатып қалады. Содан нөжісте тас құрылады. Ішектерде микробтардың артық өсіп-өніп кетуінен астың іріп-шіруі артып, уытты заттар өндіріледі. Осыдан организмнің уыттануы пайда болады. Ішектерде газдардың (күкіртті сутегі, метан, кемірқышқыл газы т.б.) жиналып қалуы, іш кебуін (метеоризм), ауыру сезімін туындатады.

Ішек бітелуі.

Ішек бітелуі (ііеиз, грек. сііео - бүрау, бітеу) - ішек қуысы арқылы тағамдық заттардың өтуі бұзылыстарына өкелетін ішек әрекеттерінің бүліністері немесе олардың механикалық бітеліп қалуы, Даму жолдарына қарай механикалық, динамикалық, тромбоэмболиялық ішек бітелулерін ажыратады.

Механикалық ішек бітелуі тығындалыстық (обтурациялық) немесе қылқынулық (странгуляциялық лат. 8Ігап£и1аІіо - қылқынып қалу, буынып қалу) болады.

— тығындаяыстық ішек бітелуі — деп шырышты қабықтарында дамыған өспемен, құрттармен, бөгде заттармен ішектің ішінен тығындалып, бітеліп қалуын айтады.

— қылқынулық ішек бітелуі — деп ішектің сыртынан тыртық тінмен, кіндіктегі немесе еңцегі жарық тесіктермен қысылып қалуын, ішектің бұралып қалуын үғады. Бүл кезде ішек қабырғаларын қоректеңдіретш қан тамырларының қысылъш қалуынан ішектерде некроз дамиды. Осыдан ішек өнімдері іш қуысына пшғарьмьш, іш пердесінің қабынуы (перитонит), қатты ауыру сезімі пайда болады.

Динамикалық ішек бітелуі ішек қабырғаларындағы тегіс салалы еттердің қатты жиырылуы (спазмы) немесе олардың салданулары кездерівдегі функпиялық қүбылыстардан дамиды. Сондықтан ішектердің қатты жиырылуын ішек түйілуі деген дүрыс. Ішектердің түйілуі қорғасынмен уланғанда, ашішектерде серотонин артьгқ өндірілгенде (қою боялатын (хромафиндік) жасушалардың қабынуында немесе өспесінде) т.б. жағдайларда дамиды.

Ішек еттерінің салданулары: адренергиялық рецепторлардың қозымдыльгғы котерілгенде, ішпердесінің қабынуларывда, іш қуысывда хирургиялық өрекеттерден кейін, іштен жарақат болғанда т.с.с. жағдайларда байқалады.

Тромбоэмболиялық ішек бітелуі ішектердің қабырғаларында қанайналым бүзылыстарынан дамиды. Бүл кезде ішек тамырларынъщ ішінде қан қатпаларының (тромбылардың) пайда болуынан немесе эмбодцар түрып қалуынан ішектерде қанайналым бүзылады.

Ішектердің жоғарғы боліктерінің бітелуі, тоғышектердің бітелуіне қарағаңда, ауыр өтеді.

Ашішектердегі интерорецепторлардың артық қоздырылуьшан қатты ауыру сезімі пайда болады, кейде ауырулық сілейме (шок) дамуы мүмкін.

Ішек бітелуі кезінде ас қорытатын сөддердің белінуі жөне оның кері сорылуы бүзылыстары нәтижесіңде су мен электролиттердің алмасуы бүзылады; толастамайтын қүсу пайда болады. Қүсықпен бірге көп су (тәулігіне 5-7 л дейін) натрий, калий, сутегі иондары, гидрокарбонаттар мен хлор организмнен сыртқа шығарылады. Осыдан гиповолемия, артериялық гипотензия дамиды. Калии иондарьшың организмде азаюы шіектердің атониясына әкеледі.

Ішек бітелуі кезінде қышқылдық-сілтілік үйлесімділік бүзылады. Гидрокарбонаттардың (үйқы безі жөне ішек сөлдері құрамында) қүсықпен көп шығарылуы, сутегі иондары шығарылуынан басым болғавдықтан, метаболизмдік ацидоз дамиды. Ацидоз дамуы жалпы қан айналым жөне шгкі ағзалардың қызметгері бұзылыстарьгаа екеледі. Егер асқазанның қышқыл сөлі қүсықпен басым шығарылса, онда метаболизмдік алкалоз дамиды.

Ішек бітелу нөтижесінде ас қорытылу бүзылады, ішектерде тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі күшейеді, уытты заттар қүрылып, қанға түседі. Ішектер газбен керіліп, бүрап қатты ауыру сезімі пайда болады.