Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
russ_novy_s_perevodom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

6. Өкше сүйектің сынығы.

Өкше сүйегі көп жағдайда зардап шегуші өкшесімен тік құлағаннан сынады.Өкше сүйектің көбінесе компрессиялық сынығы байқалады.Биіктен құлаған кезде өкше сүйек асық сүйек пен жердің арасында қысылып,бөлшектеніп сынуы мүмкін.Сүйектің компрессиялық ығысқан сынығында табан күмбезі тегістеледі,асық сүйек-өкше және өкше-текше(куб тәрізді сүйек»сүйектердің бір-бірімен қатынасы өзгереді.Өкше сүйектің буыннан тыс және буынішілік сынығын ажыратады(анатомиялық орналасуына және компрессия дәрежесіне қарай»,сонымен қатар көпбөлшектісынықты бөледі.Науқас өкше сүйектің сынығында аяғын баса алмайды.Өкше аймағы кеңейеді,тобықтардан төменгі аймақта гематома және ісіну анықталады.табанның ұзын күмбезі төмендейді,ал ығысу болғанда күмбез толық жойылады.Балтыр бұлшықеттерінің жиырылуынан ауырсыну қарқындайды.Өкше аймағына пальпация жасағанда ауырсыну өршиді.Өкше сіңірінің маңайында домбығу байқалады.Анықтан білуде рентгенологиялық зерттеулер жүргізіледі.Жанынан және аксиальды бағытта жасалған рентгенограмма диагнозды дәлелдейді.Рентгенограмманы жанынан жасағанда аяқ басын толық қамту керек,осы арқылы сынықтың түрін,ығысу сипатын,сонымен қатар Беллер бұрышын анықтайды.Емі Ығысқан сынықта жергілікті анестезия немесе наркозды қолдану арқылы репозияция жасалады.Репозицияны саусақпен немесе аппараттың көмегімен орындауға болады.Консервативті ем нәтижесіз болса операциялық ем қолданады.ашық репозиция жасау және сүйек фрагменттерін сымшабақпен,бұрандамен бекіту.Операциядан кейін аяқ гипс таңғышымен 1-1,5айға бекітіледі.Өкше сүйектің сынығын емдеуде доц.М.Т.Әбілмәжінов өз әдісін ұсынды.Табанға ағаш тірегі бар гипсті таңғышын салу арқылы емдеуді ұсынды.Сонымен қатар ығысқан сынықты емдеуде Каплан бойынша сүйектен тарту әдісі қолданылады.ол үшін сымшабақты өкше сүйектің дистальды бөлігінен өткізеді.Содан кейін сирақтың білігі бойымен 8кг жүкпен сүйекті тартады.3-4тәуліктен соң жүк салмағын 6кг дейін азайтады,енді осы сымшабаққа төмен бағытта тартатын 4-8кг жүкті іледі.5 тәуліктен соң екі жүктің де салмағын азайт

7. Ішектің инвагинациясы. Үрдістің дамуына факторлары. Негізгі клиникалық көріністерін тізіп көрсетіңіз. Дезинвагинацияға оперативті және кешенді әдісі және көрсеткіші. Бір ішектің екінші бір ішекке енуі.Инвагинация 4-9айлық балаларда жиі кездеседі инвагинацияға әкелетін факторлар:тамақтану режимінің бұзылысы,ішек аурулары:ісік,энтерит,ішектің жетілмеуі,ішек полиптері,ісіктері Меркель дивертикуласы,анатомиялық себебі:соқыр және мықын ішектің патологиялық өзгерістері,илеоцикальды қақпақтың даму ақауы.классификацияИлеоцикальды бұрыштың,жіңішке ішекпен жіңішке ішектің,тоқ ішекпен тоқ ішектің инвагинациясы.Клиникасы:іштің кезеңді(5-30мин)ұстамалы қарқынды ауырсынуы,ұстамалы ауырсынуда бала бозарады, қатты айқайлайды,аяқтарын ішіне жақындатады,ұстамалы ауырсынудан кейін бала бірнеше секундтқа тынышталады.құсу ас қалдықтарымен,қанды нәжіс немесе шырыштың қанға қануы малиновый желе,іштің пальпациясында жұмсақ эластикалы,аздаған жылжымалы ісік тәрізді түзіліс,соқыр ішектің щң мықын жақ аймағында анықталмауы,ректальді зерттеуде инвагинаттың басын және қан аралас нәжісті анықтауға болады.Диагностика:қанның жалпы және биохимиялық анализ, рентгенографи,УДЗ,КТ,ирригография,колоноскопия.Диф диаг:жедел аппендицит,ойық жаралы меккелдің дивертикуласы.Емі:консервативті және опративті ем

-медикаментозды ембалаға наркоз беру арқылы Ричардсон аппаратымен ішекке ауа жібереді,пальпациялап отырады.Оперативті ем операцияға екі,үш сағат бұрын дайындық шаралар жүргізеді.Хирургиялық емде лапараскопия және лапаратомия қолданады.Лапаротомия кезінде дезинвагинацияны жүргізуде ішекті резекциялап, анастомоз құрайды.

8. Жедел фронтит. Этиология, патогенез, ағымы және емі. Жедел фронтит (frontitisacuta) – Маңдай қойнауының шырышты қабатының жедел қабынуы.Этиология и патогенез  ерекшелігі маңдай қойнауы ортаңғы мұрын жолымен тесік арқылы емес, ал ұзындығы 1,5-2,5 , тар маңдай-мұрын өзегімен байланысады. Бұл қойнаудан ағымның бұзылысына қабынудың дамуына өз әсерін тигізеді. Клиникасы. Маңдайдың зақымдалған аймағындағы локальды ауырсыну, мұрынның бітуі, мұрын қуысынан іріңді бөліністердің бөлінуі, қойнаудың аймағында ісіну пайда болады, көз шарасының ішкі бұрышына, жоғарғы қабаққа таралатын терінің гиперемиясы, интоксикацияның белгілері. Диагностика. Алдыңғы риноскопияда ортаңғы мұрын жолының латеральды қабырғасынан іріңді бөліністер, оның шырышты қабатының тығыздалуы, гиперемия көрінеді. Перкуссия және пальпацияда маңдай қойнауының алдыңғы қабырғасында ауырсыну болады, сонымен қоса көздің зақымдалған жақта медиальды бұрышының ауырсынуы. Басты алға игенде ауырсыну күшейеді, баста ауырлық сезімі пайда болады. Сонымен қоса тік проекцияда рентгенография, КТ, маңдай қойнауының трепанопункциясын жасауғаболады Емі: ортаңғы мұрын жолы аймағының шырышты қабығын анемизирлеуші препаратты (адреналином, эфедрином, галазолином, нафтизином и т.д.) жағу. Дал осы препараттарды тамшы түрінде күніне 4-5 рет тағайындауға болады. АБ-терапия, антигистаминдң.Трепанопункция (қойнауды шаю). Ең нәтижелі әдіске маңдай қойнауына эндоскопиялық эндоназальді кіруді жатқызамыз. Бұл маңдай-мұрын қойнауын кеңейтуге бағытталған.

9. . Анурия түрлері. Анурияға әкелетін жағдай.

Анурия- несептің қуыққа түсуінің тоқтауы. Бұл несептің бүйрек паренхимасынан бөлінбеуінен не жоғарғы несеп жолдарының бітелуіне байланысты қуыққа жетпеуінен болады. Анурияда тәулік бойы несепке шақыру болмайды, қуықтан катетер арқылы несептің аз мөлшерін (20-30мл) алады. Қуықта несептің болмауы 3 түрлі факторларға байланысты болады: 1)пререналды 2)реналды 3)постреналды

1)пререналды анурия-буйрек артериясының не венасының окклюзиясынан 2 буйректің қан айналысының кенет бұзылуынан,коллапс,шок,дегидротация әсерінен болады.

2)реналды анурия-буйректер шумақтарының,өзекшелер аппаратаның 1ші реттік зақымдану нәтижесінде дамиды: жіті гломерулонефритте,пиелонефритте,сәйкессиз қан құйғанда,нефротоксикаық улармен уыттанғанда

3)постреналды анурия- буйректерден несеп шығуына кедергі болғанда пайда болады. Несеп жолдарының обтурациясы-2 жақты несеп тасы,несеп жолдарының ісікпен қысылуы, гинекологиялық операцияларда несепағарларға кездейсоқ лигатура салғанда болады.

10. Жіті конъюнктивиттердің симптоматикасы. Оның емінің негізгі принциптері.

Коньнктивит дегеніміз-көздің шырышты қабатының ісінуін шақыратын ауру.Пайда болу себептеріне байланысты:бактериальды,аллергиялық,вирусты,саңырауқұлақты және хламидиялық деп бөледі.

-бактериальды коньюктивит.і:гонококк, ішек таяқшасы, стафилококк, дифтерия, Кох таяқшасы шақырады.

-вирусты коньюктивиттер:қызамықты,герпестік ж/е аденовирусты болып бөлінеді.

-аллергиялық коньюктивит.і:инфекциялар,косметикалық ж/е дәрілік,химиялық заттар ж/е жарық энергиясы да шақырады.

-хламидиялық коньюктивитті:Сhlamydia trachomatis қоздырады.

Ағымына байланысты: созылмылы; жеделдеу; жедел деп 3 бөледі.

Коньюктивиттің жедел түрі белгілі бір симптомдармен басталмайды.Ол алдымен бір көзде,сосын екінші көзге ауысатын кенеттен пайда болатын ауырсынумен басталады.Айқындалған гиперемия геморрагияны дамытады. Көз алмасының коньюктивальды инъекцияның есебінен коньюктиваның қабынуы басталады.Кейде коньюктиваның хемозы пайда болады,яғни қабынудың әсерінен көз алмасы қатты ұлғайып,көз саңылауын қысады.Көзден шырышты,іріңді бөліністер бөінеді.Жедел коньюктивит-бас ауруымен, t жоғарлауымен ж/е әлсіздікпен қатар жүреді.Оның ауытқуы аптадан аптаға дейін жүреді.Жедел бактериальды коньюктивит- айқын жарықтан қорқумен ж/е жиі жас ағумен жүреді.Коньюктива қызарып,қабынады ж/е нүктелік қан құйылу болады. Жедел вирусты коньюктивит- тұмаудан дене t жоғарлауымен, тамақтың ауырсынуымен, катаральды ринит соң дамиды. Ылғи, алдымен бір көзде,сосын екінші көзге пайда болады.Іріңді емес бөліністер,көзден қатты жас ағу,көз тітіркенуі, тұрақсыз қышу болады.Аллергиялық коньюктивиттің негізгі белгілері:шыдап болмайтын қышыну, коньюктиваның ж/е қабақтың ісінуі,ауырсыну,қызару. Хламидиялық коньюктивитте-Трахома ауруымен сипатталады,трахома білінбей басталады.Қабақтардың ауыр тартуымен,көзге құм тығылғандайсезім болады,қоймалжың-іріңді бөлініс пайда болып,қабақтар таңертең тұрғанда жабысып қалады.

Емі: жедел коньнктивит.ң емін окулист не/се офтальмолог жургізеді. Жедел бактериальды коньюктивитті емдеу үшін көзге тамызуға арналған антибиотиктер тағайындайды(сульфация натрий 0,25% ерт.н не/се левомицин).Жас ағудың көлемі көп болса,көзді фурациллин ерт.н,калий перманганатымен жуады ж/е де 1% олететрин майын күніне 1-3 рет ағымына байланысты жағады ж/е аминогликозидтер-тобрамицин, фторхинолондар-ципрофлоксацин,левофлоксацин пайдаланылады.Вирусты коньюктивит кезінде-вирусоцидті ж/е вирусостатикалық дәрілік заттар(ацикловир,ганцикловир,интерферон),стероидты емес қабынуға қарсы заттар-тамшы турінде ж/е иммунитетті көтеруге-иммунал қолданылады. Аллергиялық коньюктивиттерде-аллергияға қарсы препараттар тамшы турінде(мес жасушаларының мембраналарының стабилизаторлары)Кромогликат натрия. Н1 гистаминдерінің блакаторлары ішке(димедрол,лоратадин)қолд.ы.Олар гистамин рецепторларын тежеп,қабыну ағымын төмендетеді.Гормональды иммунодепресанттар-тамшы турінде(дексаметазон).Иммунокомплементті жасушалардың белсенділігін төмендетеді.Аллергологтың консультациясы-аллергендіанықтау үшін ұсынылады.Хламидилер-сульфаниламидтер мен антибиотиктердің тетрациклин қатарына,макролидтерге (эритромицин,олететрин),рифамицинге жоғары сезімді.Көзге 1 процентті тетрациклин,олететрин майын күніне 3-6 рет салады,осылайша 6 айға дейін жалғастырады.Егер нәтиже болмаса,арнайы қасқыш-пинцеттермен фолликулдарды сығу қолданылады.Сонымен қатар,антибиотиктер қолданылады.Асқынғанда хир.қ ем жүргізіледі.Трихиаз болғанда қабақтың шетін тіліп,сол жерге бір тілім еріннің дәнекер қабығын көшіріп орналастырып,дұрыс өспеген кірпіктер көз алмасынан алыстатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]