- •5. Жұқпалы және жұқпалы емес иммунологияның дамуы (и.Мечников, к.Ландштейнер)
- •6. Иммунологияның дамуында ф.Бернет, п.Медавар, п.Эрлих, ж.Доссэ, м.Гашек, э.Дженнердің еңбектері
- •8. Иммундық жүйе туралы түсінік, иммундық жүйе құрылысы
- •9. Иммунды жүйе қызметтері
- •10. Иммунологиялық талдау
- •12. Иммунитет теориялары
- •13. Ф.Бернеттің клондық--селекциялық теориясы
- •14. Иммунитеттің анықтамасы, түрлері
- •15. Иммунитеттегі тимустың маңызы
- •Классикалық жол;
- •Альтернативтік жол;
- •Лектинді жол.
Классикалық жол;
Альтернативтік жол;
Лектинді жол.
Комплемент жүйесінің биологиялық әсерлері:
- нысана-жасушаларға және жоғары молекулалық иммундық кешендерге лизистік әсер ету (С5-9 кешені);
- иммундық жабысу (СЗ b фрагменті);
- хемотаксис - сұйық фазаға өткен комплемент фрагменттеріне (СЗа, С5а, С5 b 67) қарай лейкоциттердің жылжуы. Осының салдарынан иммунологиялық серпіліс дамыған ошақта макрофаттар мен нейтрофилдер жинақталады. Олар иммундық кешендер мен антиген гидролизі нәтижесінде түзілген өнімдерді фагоцитозға ұшыратады. С5 компонентінің жетіспеушілігі кезінде қабыну ошақтарында нейтрофилді инфильтрация болмайды.
- комплемент жүйесінің активтенуі СЗа және 5а анафилактоксиндерінің түзілуіне алып келеді, олардың физиологиялық ролі - мес жасушалары мен базофилдердің белсенуі мен дегрануляциясын шақыру. Натижесінде бөлінген биологиялық белсенді заттар (гистамин, серотонин, брадикинин және т.б.) қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылата отырып фагоциттердің серпіліс ошағына өтуін қамтамасыз етеді. Бірақ, СЗа мен С5а фрагменттерінің шамадан тыс түзілуі кезінде вазоактивті аминдер мен арахидон қышқылының метаболиттерінің көп мөлшерде бөлінуіне байланысты жүрек-тамвр коллапсы мен бронхоспазм дамуы мүмкін, яғни анафилаксияға ұқсас жағдай дамиды.
- кинин жүйесініц белсенуі (С2 b) де қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауына алып келеді.
3-уровен
1-Моноклондық антиденелерді (СО2, СЭЗ, СВ4, СБ8, хелпер-супрессорлы индекс, РБТЛ, РТМЛ) қолдану арқылы иммунофлюресценция әдісімен Т-лимфоцитткрдің абсолютті және салыстырмалы көлемін және олардың субпопуляцияларын анықтау әдісі
Т-лимфоциттердің популяцияларымен мен субпопуляцияларын анықтауға бірнеше әдістер қолдан;иммунофлюоресценция, микроскопия және ағын цитометрия, ИФТ, жарық микроскопында иммунофенотиптеу ,электрофорезді айыру. Иммундық қабілетті жасушалардың түрлерін анықтау тәсіліне моноклондық антиденелердің көмегімен дифференциялаушы антигендерді ұқсастыру жатады. Барлық әдістерде алдын ала лимфоциттердің популяцияларын дайындау қажет. Лимфоциттердің популяцияларын алудың негізгі тәсілі бұл Беюм әдісі бойынша тығыздық градиентінде дифференциалды центрифугирлеу.Барлық жасушалардың тығыздығыболады соған байланысты олар градиент қабатынан өтеді, не өтпейді де қабаттың бетінде қалады,яғни тығыздық градиентінің сұйықтығына байланысты жасушалар белгілі позицияны белгілейді.
