- •Мазмұны
- •Vі тарау. Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері…………………………50
- •Қысқартылған сөздердің тізімі.
- •1.2. Әскерге жұқпалы аурулардың ену жолдары және соғыс кезіндегі эпидемиялық процестің білінуіне, дамуына әсер ететін факторлар
- •Іі тарау Соғыс уақытындағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің (бөлімшелердің) жұмысын ұйымдастыру
- •Ііі тарау Әскерде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру
- •3.1 Әскери әрекет жасалатын ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
- •3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық барлауға қойылатын талаптар. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекшеліктері. Бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
- •3.3 Әскери бөлімнің және әрекеттегі ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының бағалауына байланысты оңашалау (обсервация, карантин) шараларын енгізу ерекшеліктері
- •IV тарау Соғыс уақытында әскерге эпидемияға қарсы (алдын алу) санитарлық шараларды ұйымдастыру және оның мазмұны
- •4.1 Жеке құрамды эпидемияға қарсы қорғау бойынша жүргізілетін шаралар, жұқпалы ауруларды анықтау, оңашалау және тасымалдау ерекшеліктері
- •4.2 Әскер санын қосымша жауынгерлермен толықтыру кезінде жұқпалы аурудың енуінің алдын алу шаралары
- •4.3 Соғыс уақытында әскери қызметкерлерді тағаммен, ауыз сумен, монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды медициналық бақылау
- •4.5 Бөлімде егу жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қолданылатын техникалық құралдар
- •V тарау Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы
- •5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны
- •5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (пмп) жұмысын ұйымдастыру
- •5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны
- •5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Тарау Биологиялық қару. Әскерді биологиялық қарудан қорғау және медициналық тасымалдау кезеңдерінің негіздері
- •6.1 Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері
- •6.2 Биологиялық қаруды қолдану заттары, тактикасы, әдістері. Биологиялық зақымдалу ауданы (ошағы) туралы түсінік
- •6.3 Биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға және ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолдану қаупі туғанда әскерді биологи-ялық қорғау жүйесіндегі қауырт тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.1 Әскерді биологиялық қорғау жүйесінде қарсылас биологиялық қаруды қолданғанға дейінгі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.2 Ықтимал қарсыластың бактериологиялық қаруды қолдану қаупі төнгенде әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі қауырт-тактикалық және арнайы шаралардың мазмұны
- •6.3.3 Ықтимал қарсылас бактериялық қаруды қолданған кездегі және биологиялық шабуылдың зардаптарын жоюдағы әскерді биологиялық қорғау жүйесіндегі жүргізілетін арнайы шаралар
- •6.4 Биологиялық барлау және биологиялық заттардың индикациясы
- •6.4.1 Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру
- •6.4.2 Биологиялық заттардың индикациясы. Биологиялық заттардың арнайы индикациясына сынамалар алу, зертханаға жеткізу тәртібі. Арнайы индикацияның әдістері, сатылары және жүргізу сызбасы
- •6.5 Обсервация және карантин кезіндегі шаралардың мазмұны мен ұйымдастырылуы
- •6.5.2 Биологиялық зақымдау ошағындағы жартылай және толық санитарлық өңдеу
- •6.6 Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның, жеке медициналық батальонның, әджаг-нің және әдақжаг-нің жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.6.1 Ықтимал қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы медициналық ротаның жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6.6.2 Қарсылас биологиялық қаруды қолданған жағдайдағы жеке медициналық батальонның жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •6.7 Биологиялық зақымдалу ошағындағы жедел және арнайы профилактика
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер
- •25.03.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
4.2 Әскер санын қосымша жауынгерлермен толықтыру кезінде жұқпалы аурудың енуінің алдын алу шаралары
Әскер санын толықтыру кезінде әскери бөлімде қабылдау күндері көптеген дайындық шаралары жүргізіледі. Жаңадан келгендерге санитарлық өңдеу жүргізу үшін қабылдау бөлмесі, оңашалау бөлмесі, дәретхана, жуынатын бөлме болу керек. Бұл бөлмелердің санитарлы-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық болу керек. Алдын ала монша, дезинфекциялық қондырғыларды дайындау керек, дезинфекциялық камералардың жұмысын тексеріп дайындау керек, таза ауыстырылатын киім-кешек, сабын, жөкелер және шаш алатын машинкалар болу керек.
Карантин жүргізуге арналған бөлмелерді дайындауға көп көңіл бөлінеді. Бұл бөлмелерде адамдар тығыз орналаспау керек. Бөлімнің медициналық қызметінің бастығы медициналық қызметкерлердің көмегімен эшелонның санитарлық-эпидемиялық жағдайын жол бойында жұқпалы аурулар кездесті ме, жоқ па, педикулез бар жоғын анықтайды. Әскери бөлімге келіп түскендер қабылдау бөлмесіне орналастырылып, дәрігер педикулезді анықтауға медициналық тексеру жүргізеді. Жұқпалы ауруларға күдіктілерді, терілік, паразиттік аурумен ауырғандарды анықтайды, егер болса оларды жеке бөлмелерге оңашалайды.
Қабылдау бөлмесінен жаңадан қабылданғандар санитарлық өңдеуге жіберіледі. Егер жұқпалы аурулар анықталмаса, карантин 2 аптаға созылады. Осы мерзім ішінде толық медициналық бақылау, кеуде қуысының рентгеноскопиясы, алдын ала егулер жүргізіледі.
Сүзек, паразиттік аурулармен, дизентериямен бұрын-соңды ауырғандарды бактериотасымалдаушылыққа зерттеу мақсатында есепке алады. Инкубациялық кезеңнің мерзімі өткеннен кейін жаңадан қабылданғандарды әскери бөлімнің бөлімшелеріне орналастырады.
4.3 Соғыс уақытында әскери қызметкерлерді тағаммен, ауыз сумен, монша қызметімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды медициналық бақылау
Әскерде санитарлық қадағалау әскери-медициналық қызметпен ескертпелі және ағымды қадағалаумен, тағам, ауыз су, әскердің орналасу ауданы арқылы зақымдалудың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізген кезде медициналық қызметтің бастығы басқа да шаралардан бөлек келесі шараларды қолдануға міндетті:
тамақтану тәртібін дайындауда, тағамды дайындау және тағам сапасын жақсартуды ұйымдастырып, жүйелі түрде бақылау жүргізуге қатысуға;
ауыз судың сапалылығын бақылап, ауыз суды қолдануды жоспарлау және ауыз суды залалсыздандыруға;
бөлімнің, бөлмелердің және шаруашылық қызметтердің орналасқан ауданының санитарлық жағдайын бақылауға;
монша жұмысына және жеке бас гигиенасына бақылау жүргізуге.
Санитарлық қадағалауды ұйымдастырғанда дәрігер гигиеналық нормалар мен ұсыныстарды, ережелерді қолданады.
Әскердегі тағаммен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда медициналық бақылау тағаммен бактериалды улануды ескертуге бағытталған. Бұл мақсатпен медициналық бақылау тағам қоймаларындағы, асхана, ас үйдегі сумен қамтамасыз ететін қызметкерлердің денсаулығын қадағалаумен жүзеге асырылады және медициналық бақылау ас үйдегі, асханадағы тәуліктік нарядты күнделікті тексеруді, тағамдардың әкелініп, сақталып, өңделуін, қалған қалдық тағамдардың сақталу жағдайын бақылаумен жүргізіледі.
Асханадағы қызметкерлердің медициналық бақылауын әлсіздендіріп алуға болмайды, өйткені жедел ішек ауруларымен ауырған қызметкерлерді асханаға жұмысқа алу әскери бөлімге аса қауіпті. Ондай қызметкерлерді тек 3 айдан соң, емдеу мекемесінен емделіп шыққаннан кейін клиникалық және зертханалық тексеруден өткеннен соң ғана асханада жұмыс істеуге рұқсат береді. Егер тағаммен қамтамасыз ететін нысаналардың барлығының санитарлық жағдайы гигиеналық талаптарға сай болса, тағаммен улану және жедел ішек жұқпалы ауруларын ескерту шаралары тиімді болады. Далалық жағдайда дайын тағамды ыстық күйде қолдану жаппай аурулардан сақтауға мүмкіншілік береді. Далалық жағдайда тағамды медициналық бақылаудың өзіндік ерекшеліктері бар, ол:тағаммен уланудың жоғары мүмкіншілігі, азық-түліктің бактериалды, уландырғыш, радиоактивті заттармен зақымдалуы және жергілікті жерде дайындалған тағамды қолдану.
Тағаммен уланудың пайда болу себептері:
далалық жағдайда тағам бір ғана ас үйде дайындалмайды, бірнеше ас үйлерде минимальды заттары бар жерде дайындалады да, тағам дайындауда, сақтағанда, өңдегенде санитарлық талаптарды орындамайды;
ұрыс жағдайының өзгеруі де тамақтану тәртібін бұзады, өйткені дайын тағамды жеткізу мерзімі ұзартылады;
дұрыс бөлініп, дұрыс сақталмаған піскен ет те себептерге жатады;
қазаннан тамақтану да, оны жууға судың аздығы да себептерге жатады.
Әскердің сумен қамтамасыз етілуінің медициналық бақылауы далалық жағдайда әскердің ұрысқа дайындығы және денсаулығын нығайтуда аса маңызды орын алады.
Әскерді сумен қамтамасыз етудегі гигиеналық аспектілер физиологиялық, эпидемиологиялық, шаруашылық-тұрмыстық маңыздылығы жағымен медициналық қызметтің бақылауымен анықталады. Әскерде су шаруашылықта қолдануға, әскердің жуынуына, киім-кешектерінің жуылып санитарлық өңделуіне, дезинфекцияға, техниканың дезактивациясы мен залалсыздандыруына және т.б. шаруашылыққа қолданылады.
Әскердің ауыз су-шаруашылығына сумен қамтамасыз ету пункттері орналастырылады. Су көздері бар пункттерде әскерлер өздері табельді қолда бар заттарды қолданады. Суды тазартатын әскери заттардың бірі ЖАСС (жетілдірілген автомобильді сүзгіш станциясы) және т.б.
Бөлімнің медициналық қызметінің бастығы су көздерін барлауға күштер мен құралдарды бөледі, оның міндеті әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау және бұл пункттердің санитарлық жағдайын бақылау.
Әскерде ауыз су шаруашылыққа берілген судың сапасын бақылау, әскери бөлімшелерді суды залалсыздандыратын жеке құралдармен қамтамасыз ету жүргізіледі. Далалық жағдайда тек қарсыласы жаппай зақымдаушы қаруды қолданғанда ғана судың зақымдалуынан басқа да су қоймаларының патогенді микроорганизмдермен, тұрмыстық жағдайда қолданған сулармен тұрмыстық-шаруашылық, жауын суларымен, ағымды сулармен зақымдануының мүмкін болатынын еске алып отыру керек. Далалық жағдайларда су көзі зақымдалған болып саналады, ал ауыз суы қолданар алдында залалсыздандырылуы керек.
Жоғары жер бетіндегі су қоймалары, мұз жөне атмосфералық тұндырғылар әр түрлі ауру тудырушы бактериялармен, мысалы, іш сүзегі, тырысқақ, лептоспироз, вирусты гепатит А және Е, жалғантуберкулез, туляремия, сібір түйнемесі споралары, ботулизм токсиндерінің қоздырғыштарымен зақымдалуы мүмкін. Кейбір патогенді микроорганизмдер түрлері суда ұзақ уақыт бойы, кейде көп жылдар бойы сақталуы мүмкін. Сондықтан жоғары орналасқан су қоймаларынан суды қолданбас бұрын оны тек зертханалық өңдеу және сараптамадан кейін ғана қолдануға рұқсат етіледі. Далалық жағдайда эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігі жағынан суды тазарту залалсыздандырудың әр түрлі әдістерімен:қайнату, хлорлау, коагуляция, тұндыру, сүзу, ультракүлгін сәулелерден өткізу және арнайы суды залалсыздандыратын дәрі-дәрмектермен (аквасепт, аквасан) жүзеге асыралады.
Әскерді далалық жағдайда орналастырудағы медициналық бақылау әскери құрамның орналасу жерінің санитарлық-эпидемиологиялық барлаудан басталады, әрі қарай ағымды санитарлық бақылауды, яғни ауданның, бөлмелердің санитарлық жағдайын аймақта жұқпалы аурулар ошақтарының бөлуін, әскери бөлімдері моншалық қызметтің және қоғамдық гигиеналық ережелерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырудан басталады.
Әскерді далалық жерде орналастырудың ерекшеліктері: орналасудың уақытша сипаттамасы коммуналды шаруашылық қызметінің деңгейін төмендету, тығыз орналасу, топырақпен үнемі қатынаста болу, қауіпті табиғи-ошақтық аурулармен қатынаста болу мүмкіншілігі, су және тағаммен қамтамасыз етудің қиыншылығы, сонымен қатар әр түрлі қоқыстарды жою кезінде қатынастың болуы.
Жеке бас гигиенасын орындауда қиыншылықтар туындайды, жедел ішек және жедел респираторлы аурулардың пайда болуына далалық жерде орналасу қолайлы жағдайлар туғызады.
Әскерді пәтерлерде немесе қоғамдық ғимараттарға орналастыру тек оның санитарлық-эпидемиялық жағдайын бағалаудан кейін ғана жүзеге асырылады.
Әскери құрамды тұрғындар пункттеріне қолайсыз санитарлық-эпидемиялық жағдайда орналастыруға рұқсат берілмейді. Медициналық қызметтің міндетіне пәтерде орналастырудың гигиеналық нормаларын сақтау, казармалық бөлмелердің әскери аймақтық тазалығын сақтау жатады.
Әскери құрамды моншалық кір жуу қызметімен қамтамасыз етуге әскери құрамның апта сайын моншада жуынуы, олардың киім-кешектерін, төсек-орындарын ауыстыру, шұлғауды, арнайы киімдерін ауыстыру, киімдері мен төсек жабдықтарының дезинфекциясы мен дезинсекциясы, киімдерді химиялық тазарту, сабын және басқа да жуғыш заттармен қамтамасыз ету жатады. Медициналық қызметтің бастығы монша мен кір жуатын бөлмелердің санитарлық жағдайын бақылап, апта сайынғы жуынудың кестесін, жөкелер мен бөлмелердің дезинфекциялануына бақылау жүргізіп отырады. Жуыну кезінде фельдшер (нұсқаушы санитарлар) моншада жеке құрамның денесін қарайды.
4.4 Санитарлық өңдеу: көрсетілімдері, техникалық заттары, жұмысты ұйымдастыру, табельдік заттар және дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуге арналған медициналық қызметтің әскери бөлімінің техникасы.
Ұрыс кезінде жаппай зақымдалу қаруын қолданудың әсерінен әскери құрамның, жергілікті тұрғындардың, қарудың, техниканың, көліктің, киім-кешектің, аяқ киімнің, жеке қорғаныс заттарының радиоактивті уландырғыш, биологиялық заттармен зақымдалуы мүмкін. Осы кезде ең тиімді шаралардың бірі ол санитарлық өңдеу болып табылады. Ол жартылай және толық санитарлық өңдеу болып бөлінеді.
Жартылай санитарлық өңдеу бөлімшелерде жүргізіледі, бірақ әскери құрамның толық залалсыздануына кепілдік бермейді, дегенмен сырқаттанушылық қаупін азайтады және өз-өзіне немесе бір-біріне көмек көрсету ретінде жүргізіледі. Өңдеудің тәртібі алдымен, щеткамен, сыпырғышпен киімді, аяқ-киімді және қару-жарақты тазартады және химиялық заттарға қарсы пакеттегі сұйықтықпен (ЖХП-8 немесе ЖХП-10) касканы, газқағардың бет жағының сыртын және қорапты сүртеді. Одан кейін газқағарды киіп тұрғанда киімді шешіп, сілкіп қайтадан шинельді (куртканы) және қару-жарақты киеді. Әрі қарай жеке химиялық заттарға қарсы пакеттегі сұйықтықпен қолды және мойынды тазартады. Киім-кешекті шешкен кезде денесінің ашық жерлері киімнің сыртымен қатынаста болмау керектігін ескерту керек.
Газқағарды шешу тек командирдің рұқсатымен егер биологиялық заттармен зақымданудың қаупі болмаса ғана жүргізіледі. Газқағарды шешкеннен кейін бетті сұйықтықпен сүртеді.
Әскери құрамды толық санитарлық өңдеуден өткізу, ұрыстың барлық міндеттері орындалғаннан кейін жүргізіледі.
Толық санитарлық өңдеу жеке құрамды эпидемияға қарсы қамтамасыз ету жүйесіне жеке құрамның моншада жуынып, киім-кешектерінің дезинфекциясы немесе дезинсекциясы, киімдерін ауыстыру кіреді. Далалық түрдегі санитарлық өткізу пункттері палаткаларда дезинфекциялық душтың қондырғыларын қолданумен жүргізіледі. Толық санитарлық өңдеудің мақсаты ол тері қабатын, киімдерін, аяқ-киімдерін, қару-жарақтарын максималды түрде залалсыздандыру. Дененің ашық жерлерін ЖХП-10 сұйықтығымен, одан кейін сабынмен душтың астына жылы сумен жуады, онымен бірге киімдерін, аяқ-киімдерін, қару-жарақтарын және басқа да заттарының дезинфекциясын жүргізеді.
Әскери құрамның толық санитарлық өңдеуі арнайы өңдеу күштерімен жүргізіледі. Душтарды орналастыру радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау қызметіне жүктелген. Әскери медициналық қызметтің міндетіне медициналық эвакуация кезінде жараланғандар мен ауырғандарға толық санитарлық өңдеу жүргізу, арнайы көліктерді дезинфекциялау, дезинфекцияның сапалылығын зертханалық бақылау жүргізу, судың тазартылуына және залаласыздандырылуына санитарлық бақылау жүргізу жатады.
Әскери құрамның толық санитарлық өңдеуі санитарлық өткізу пунктіне келгеннен басталады. Шешіну бөлмесіне келгеннен кейін шинельді, бас киімін, дене қорғаныс заттарын шешіп, етігін дезинфекциялық сұйықтықпен сүртеді, әрі қарай қару-жарақты, аяқ киімді, іш киімді шешеді де ең соңында газқағарды шешеді, 2% монохлорамин сұйықтығына батырылған тампондармен, қолын, бетін, мойнын сүртеді. Киімі, аяқ киімі және қорғаныс заттары қапшықтарға салынып қызмет көрсетушілермен дезинфекциялық камераларда залалсыздандыруға жіберіледі. Шешіну бөлмесінен әрі қарай жуыну бөлмесіне өтеді де жөкемен, сабынмен душтың астында жуыну басталады. Душта жуыну 10-15 минутке созылады, әрі қарай киіну бөлмесіне өтіп таза киімдер, аяқ-киім, қару-жарақты алады. Толық санитарлық өңдеуді жүргізуге әскери медициналық қызмет душтық дезинфекциялық автокөліктермен және тіркемелермен (ДДА-2, ДДА-3; ДДА-66, ДДТ-1, ДДТ-2 және т.б.) қамтамасыз етіледі.
Әскери дезинфекция–бұл қоршаған ортадағы, әскери бөлімшелердегі жұқпалы аурулар қоздырғышын жою, сонымен қатар медициналық тасымалдау кезінде эпидемиялық көрсеткіштер бойынша (ағымды және қорытынды дезинфекцияны) жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында жүргізу.
Әскери дезинфекциялық жұмысты ұйымдастыруға бөлімнің, қосымшалардың, медициналық мекемелердің бастықтары жауапты. Дәрігерлер мен фельдшерлер нысаналарды анықтап, залалсыздандыруға жататын әдістер мен құралдарды, кезектілігін, өңделуін, аспаптар мен техниканы қолдануда нұсқаулар, дезинфекциялық сұйықтықтарды дайындауда нұсқаулар береді, дезинфекцияның сапасын бақылайды.
Бөлмелердің және аймақтың тазалығын жүргізетін профилактикалық дезинфекцияны арнайы тағайындалған әскери қызметкерлермен, кезекшілермен жүргізіледі. Стационарларда ағымды және қорытынды дезинфекцияны штаттық санитар-дезифекторлар жүргізеді. Дезинфекцияның әдістемелік нұсқаулары санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерге жүктеледі.
Әскери дезинсекция-әскери бөлімдерде, табиғи-ошақтарда жеке құрамды қорғауда жұқпалы ауруларды тасымалдаушы жәндіктермен күресу болып табылады. Буынаяқтыларды жою шараларын бөлімнің медициналық қызметі және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің мамандары ұйымдастырып, жүргізеді.
Әскери дератизация - әскери құрамға қауіп тудыратын жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының көзі болатын кеміргіштермен күресу болып табылады. Әскерде дератизациялық шаралар кеміргіштердің санын есепке алып, эпизоотиялық және эпидемиялық нақты жағдайлар анықталғанда жүргізіледі.
Дератизация тағайындалуы бойынша профилактикалық және қырып жою болып бөлінеді. Әскерде эпидемиялық көрсеткіштерге байланысты кеміргіштерге қарсы жою шараларының ұйымдастырылуына бөлімнің медициналық қызметінің бастығы жауапты. Жергілікті жерде дератизацияны жүргізу үшін арнайы әскери бөлімшелерден мамандар бөлінеді.
Дезинфекцияның және дезинсекцияның техникалық заттары: гидропульт «ГС-2», «ГС-3», автомакс «АО-2», сұйықтықтарды шашыратқыш «Дезинфаль», ұнтақталған дезинфекциялық заттарды шашыратқыш - «ПР-3», дезинфекцияға арналған аэрозольді генератор–«АГД».
Биологиялық зақымдалу ошақтарындағы залалсыздандыру табиғи эпидемиялық ошақтарда жүргізілетін дезинфекциядан ерекшеленеді. Залалсыздандыруды ұйымдастыру кезінде дезинфекциялық әдістердің тиімді заттарын қолдану керек. Егер қарсылас аса қауіпті жұқпаларды қолданса, әскерде арнайы өңдеу, дезинфекция жергілікті жердің дезинсекциясы жүргізіледі. Споралық қоздырғыштармен зақымдалған нысаналарға құрамында хлор бар белсендірілген сұйықтықтар қолданылады. Қыс мерзімінде әр түрлі нысаналарды залалсыздандыру үшін қатпайтын (кальций хлориді, магний, гелий, натрий қосылған) дезинфекциялық сұйықтықтар қолданылады.
