Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_EAPP.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218 Кб
Скачать
☆

4 Автокөліктің жылжымалы құрамның сыныпталуы

Дәрістер жоспары

4.1 Жылжымалы құрамның жалпы сипаттамасы

4.2 Жылжымалы құрамның жалпы сыныпталуы

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы жіктеледі:

  • көліктік – жүктерді тасымалдауға арналған (жүк автомобильдері, жартылай тіркемелері бар жетектер, жүк тіркемелері, жеңіл автомобильдер, тіркемелер және т.с.с.);

  • арнайы – көлікте орнатылған құрылғылардың көмегімен орындалатын, көбінесе әр түрлі көліктік емес жұмыстарды атқаруға арналған (өрт сөндіруші автомобильдер, автокрандар, жылжымалы жөңдеу шеберханалары және т.с.с.).

Көліктік жылжымалы құрам өз кезегінде жалпы қолданыстағы және өнеркәсіптік көлік жататын арнайы (жүктің түріне және тасымалдың сипатына қарай) жылжымалы құрам болып бөлінеді.

Әр жүктің түріне байланысты жылжымалы құрам сәйкесінше тасымалданатын жүктің құрамы мен тасымалдың сипатына байланысты техникалық сипаттамасымен таңдалынуы қажет.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы келесілерге байланысты класталады, олар:

  1. жүккөтергіштігінен байланысты (кесте 4.1);

  2. өтімділігінен байланысты (кесте 4.2).

  3. көліктік пайдалануын анықтайтын толық салмағынан байланысты (кесте 4.3);

  4. жүк түрінен байланысты (кесте 4.4).

Кесте 4.1 – Жүк автомобильдерінің жүккөтергіштігі

№

Жүккөтергіштігі

Мәні

1

Ең аз жүккөтергішті

1 т-ға дейін

2

Аз жүккөтергішті

1 т-дан 2,5 т-ға дейін

3

Орташа жүккөтергішті

2,5 т-дан 5 т-ға дейін

4

Үлкен жүккөтергішті

5 т-дан 10 т-ға дейін

5

Аса үлкен жүккөтергішті

10 т-дан жоғары

Кесте

4.2 – Жүк автомобильдерінің өтімділігі

№

Өтімділігі

Пайдаланушылық тағайындалуы

1

Жолды (қалыпты өтімділікті)

Асфальтбетонды жамылғысы бар жолдарға арналған

2

Жоғарылатылған өтімділікті (4x4; 6x4; 6x6 доңғалақ формуласымен)

Жолсыздықпен немесе ауыр жол жағдайларымен қозғалуға арналған

Кесте 4.3 – Жүк автомобильдерінің сыныптары

№

Толық салмағы

Пайдаланушылық тағайындылығы

1

1,2 т-ға дейін

Байланыс, сауда желілі, тұрғындарға қызмет көрсететін өнеркәсіптерге арналған жеңіл автомобильдің шассиінде орындалған.

2

1,2 т-дан 2 т-ға дейін

Көбінесе тұрғылықты орынның шегіндегі аз мөлшерлі жүкті тасымалдауға арналған.

3

2 т-дан 8 т-ға дейін

Орташа жүкайналымды өнеркәсіптің жүгін тасымалдауға арналған

4

8 т-дан 14 т-ға дейін

Қатты жамылғысы бар жолдармен үлкен өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылыс материалдарын, жаңар-жағармайы мен өнімдерін тасымалдауға арналған.

5

14 т-дан 20 т-ға дейін

Көбінесе жалпы қолданыстағы емес жолдармен үлкен және орнатылған жүкайналымдарға қызмет көрсетуге арналған.

6

20 т-дан 40 т-ға дейін

7

40 т-дан жоғары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]