Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экз тест.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

60. Іске қосылған Windows бағдарламалары туралы ақпарат жұмыс үстелінің қай жерінде бейнеленеді?

  1. Менің компьютерім терезесінде

  2. Тапсырмалар үстелінде

  3. Бағдарламалар реттегіші терезесінде

  4. Жетектегіш бағдарламасының күй жолында

61. Файл – бұл ....

  1. амалдық жүйе қотарылатын дискідегі жүйелік аймақ

  2. дискідегі немесе басқа ақпарат тасымалдаушыдағы атау берілген аймақ

  3. пайдаланушы пайдаланбайтын дискінің немесе басқа машиналық тасымалдаушы бөлігі

  4. ақпараттың кез келген типі сақталатын дискінің немесе басқа машиналық тасымалдаушы бөлігі

62. Қалта – бұл ….

  1. пайдаланушының сызбалық тілдесуіндегі бағдарламалар мен файлдарға арналған сауыт

  2. каталогтар тармағы

  3. жойылған файлдар мен қалталарды орналастыруға арналған сауыт

  4. файлдар реттегіші

63. Лақап – бұл …

  1. файлдардың иерархиялық құрылымын бейнелейтін бағдарлама

  2. компьютерде немесе желіде қатынауға болатын кез келген элементке сілтеме

  3. Жетектегіш терезесіндегі файлдардың ұсынылу пішімін басқаратын мәзір әмірі

  4. бірден бірнеше файлды немесе қалтаны көшіруге мүмкіндік беретін бағдарлама

64. Windows АЖ-сінде файлға қандай атау беруге рұқсат етілген?

  1. нышандар саны шектеусіз кез келген

  2. тек латын әріптерімен ғана берілген кез келген

  3. 255 нышаннан аспайтын кез келген

  4. 255 нышаннан асатын кез келген

65. Файлдар атауының ұзындығы ... бола алады.

  1. бос орынды қамти отырып, 1-ден 255 нышанға дейін

  2. 2-ден 187 нышанға дейін

  3. 3-тен кем емес нышан

  4. нышандар саны шектелмеген

66. Қазіргі мезетте пайдаланушы жұмыс істеп отырған каталог ... деп аталады.

  1. түпкі

  2. ағымдағы

  3. негізгі

  4. жойылған

67. Жетектегіш ... үшін қызмет етеді.

  1. тек қана дискілермен жұмыс істеу және файлдарды жою

  2. тек қана файлдар мен қалталардың атауын өзгерту

  3. тек қана файлдар мен қалталарды іздеу

  4. файлдар мен қалталарды көшіру, жылжыту, қайта атау және іздеу

68. Жетектегіш бағдарламасының сол жақ үстеліндегі қалтаның жанындағы «плюс» таңбасы ... дегенді білдіреді.

  1. қалтада қазіргі сәтте бейне бетте бейнеленбеген ішкі каталогтар бар

  2. қалтада ішкі каталогтор жоқ

  3. қалтада тек қана файлдар бар

  4. қалтада бары Жетектегіш терезесінің оң жақ бөлігінде бейнеленген

69. Қалталар ... арналған.

  1. файлға оңай қатынауды және өзара байланысты файлдарды орналастыруды ұйымдастыруға *

  2. көлемді құжаттарды пішімдеуге және сақтауға

  3. файлдарды жалғастыра жоюға

  4. онша үлкен емес құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, өңдеуге

70. Жаңа қалта жасауды мына әрекеттер көмегімен орындауға болады:

  1. тінтуірдің оң жақ батырмасымен шақырылатын мәтінмәндік мәзір немесе Файл мәзірінің Жаңа тармағы

  2. Ғ7 пернесі

  3. Бастау мәзірінің Жегу тармағы

  4. Бастау мәзірінің Бағдарламалар тармағы

71. Файлдың көшірмесін басқа атпен немесе басқа орында сақтау үшін ... әмірін таңдау керек.

  1. ағымдағы бағдарламаның Өңдеу мәзірі – Көшіру

  2. ағымдағы бағдарламаның Файл мәзірі – Сақтау

  3. ағымдағы бағдарламаның Құралдар мәзірі – Өзауыстыру

  4. ағымдағы бағдарламаның Файл мәзірі – Басқаша сақтау

72. Жойылған нысандар уақытша орналастырылатын қалта ... деп аталады.

  1. Портфель

  2. Менің құжаттарым

  3. Себет

  4. Блокнот

73. Жұмыс үстелінен Лақапты жойған кезде ...

  1. Сіздің компьютеріңіздің тұрғылықты дискінен белгіше жойылады

  2. тұрғылықты дискіден лақап та, оған сәйкес бағдарламалар да, қалталар немесе файлдар да жойылады

  3. тұрғылықты дискіден сәйкес бағдарламалардың, қалталардың немесе файлдардың лақабы, сондай-ақ басқа бағдарламалардың бәрі жойылады

  4. жұмыс үстелінен тек лақап ғана алынып тасталады

74. Желілік немесе иілгіш дискіден жойылған элементтер Себетке түсе ме?

  1. иә

  2. тек атауын өзгерткеннен кейін ғана

  3. жоқ

  4. тек бірден себетке тасығаннан кейін ғана түседі

75. Файлдар мен қалталар себетте қанша уақыт тұра алады?

  1. 1 күн

  2. бір апта

  3. пайдаланушы оларды өзі жойғанша

  4. жарты жыл

76. Себеттен қайта қалпына келтірілген файл қайда орналасады?

  1. а) Жұмыс үстелінде

  2. б) Менің құжаттарым қалтасында

  3. в) негізгі каталогта

  4. г) бастапқы тұрған орнына

77. Файлдарды Себетке жойған кезде ... болады.

  1. файлдар дискіден өшіріліп, ал себетте олардың тек қана тізімі сақталатын

  2. файлдар дискіден жойылмастан Себет қалтасында сақталып, бірақ бұрын тұрған қалтада енді жоқ болатын

  3. файлдар дискіден жойылмастан бұрын тұрған сол қалтада сақталатын

  4. файлдар дискіден қайтымсыз жойылатын

78. Әр жерде орналасқан бірнеше файлды ... ерекшелеуге болады.

  1. бірінші файлды және Shift пернесін басып тұрып соңғы файлды шертіп

  2. Shift пернесін басып тұрып әрбір файлды шертіп

  3. бірінші файлды және Ctrl пернесін басып тұрып соңғы файлды шертіп

  4. Ctrl пернесін басып тұрып әрбір файлды шертіп

79. Windows амалдық жүйесінде файлдың белгіленуі қандай бөліктерден тұрады?

  1. екі бөліктен: атауы және кеңейтімі

  2. екі бөліктен: атауы және үйшік атауы

  3. бір бөліктен: атауы

  4. үш бөліктен: атауы, кеңейтімі және үйшік атауы

80. Файлдың (.txt, .doc, .ipg және б.) кеңейтімі нені көрсетеді?

  1. құжат жасалған қосымша типін

  2. файлдың тұрған орнын

  3. файлдың ақпараттық көлемін

  4. файлдың құрылымын

81. Төменде келтірілген жазбалардың қайсысы файлдың атауы бола алады?

  1. :abcd.doc

  2. <abcd.doc

  3. lacd.doc

  4. ?abcd.doc

82. Қалта жойылған кезде ондағы мәліметтері жойыла ма?

  1. жоқ, бірақ бірінші жазылған файл жойылады

  2. жоқ

  3. иә

  4. жоқ, бірақ бірінші каталог жойылады

83. Қалтаны немесе файлды дискетке тез көшіру үшін мына әрекеттерді орындау керек:

  1. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Жіберу – 3,5 алмалы дискі А әмірін

  2. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Көшіру - 3,5 алмалы дискі А әмірін

  3. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Жіберу – Хат алушы әмірін

  4. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Жөнелту – CD-RAM әмірін