- •Мазмұны
- •Шаруашылық субъектіге баланс құру
- •1.2. Бухгалтерлік есептегі ашық шоттар, шотқа корреспонденция құрастыру
- •Құжаттау. Құжаттарды толтыру
- •2.1. Есеп құру. Ауытқу, сомалық есеп айырысу
- •2.2. Негізгі құралдар
- •2.3. Құжаттарды толтыру
- •2.4. Шот корреспонденциясын құру
- •2.5. Қорытынды баланс құру
- •2.Типтік операция артуын түзету.
Шаруашылық субъектіге баланс құру
Баланс – есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған, деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екіжақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) тұратын кестеден құрастырылады.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс– қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштерікәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.
Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].
Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
«Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.
Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».
Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) қысқа мерзімді активтер;
2) ұзақ мерзімді активтер;
3) қысқа мерзімді акитивтер;
4) ұзақ мерзімді актив;
5) меншікті капитал.
Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.
Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.
Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.
Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудитор-лық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.
Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.
Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Аудит жүргізу барысында тексеруге арналған негізгі тұжырымдар. Дебиторлық қарыздар аудиті. Бақылау құралдарын тексеру тестері.
Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жүргізілгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестер.
Материалдық емес активтердің аудиті. Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестілері.
Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.
Капиталдардың аудиті. Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айыры-су аудиті. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.
Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.
Аудиттің қорытынды кезеңінде пайдаланылатын аудит тәсілдері. Клиентке ұсыныстар беру. Аудиторлық қорытындыларды бағалау. Кейінгі болатын уақиғалар.
Қоршаған ортаның аудиті. Ішкі аудит. Операциялық аудит. Басқа да ілеспе қызметтер.
Кәсіпорында 20___ ж. 1 қаңтарында құралдар мен олардың көздерінің төмендегі түрлері бар: негізгі құралдар бастапқы құны бойынша 1000000 теңге, олардың тозуы 300000 теңгеге тең, материалдар 200000 теңге. Қоймада 280000 теңгенің дайын өнімі бар. Тауарлар 200000 теңге алушыға жіберілді
(өндірістің өзіндік құны бойынша). Кәсіпорынның кассасында 20000теңге қолма-қол ақша, ал есеп айырысу шотында 800000 теңге ақша бар. Кәсіпорын материалдарды ала отырып, әлі жеткізушімен есеп айырысқан жоқ, оның қарызы — 340000 теңгеге тең. Еңбекақы 400000 теңге көлемінде есептеліп, бірақ берілген жоқ. Кәсіпорында алдыңғы жылдардың бөлінбеген табысы 580000теңгеге тең. Банктің несиесі 200000 теңге көлемінде алынып, бірақ
қайтарылған жоқ. Аяқталмаған өндіріс байқау кезінде 120000 теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 800000 теңге мөлшерінде қалыптасқан. Осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның 20___ ж. 1 қаңтарына кіріспе балансын құрастыруымыз қажет.
