- •Аға оқытушы Серкебаева г.И.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1662 Жылы 2 наурызда ірі аристократ, жазушы Францияның сөз шебері герцог Ларофшуконың салонында Мольер өзінің «Оқымысты әйелдер» комедиясын оқиды. Бір аптадан кейін ол Пале –Рояль театрында қойылады.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •1813-1816 Жылдар аралығында Байрон Шығыстық поэмаларын жазды. Оған кіретіндер: «Гяур», «Абидосс қалыңдығы», «Корсар», "Коринф бекінісі", "Партизана".
- •Бақылау сұрақтары:
- •1940-1945 Ж аралығында Германия үшін жазылған бірқатар публцистикалық мақалаларда, радиохабарламалар сериясында жазушы саяси іскер –антифашист ретінде көрінеді
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
1662 Жылы 2 наурызда ірі аристократ, жазушы Францияның сөз шебері герцог Ларофшуконың салонында Мольер өзінің «Оқымысты әйелдер» комедиясын оқиды. Бір аптадан кейін ол Пале –Рояль театрында қойылады.
Мольер әйелдердің «оқымыстылығын» келекелейді. Мольер оларды асханада қалдырып, олардың қайраткерлің шеңберін отбасымен шектейді. Көптеген көрермендер осындай ойға тоқталады. «Тартюф» (1665). Тартюфтың есімі әлемнің барлық білімді адамдарына белгілі. Бұл есім әлем тілінде эгоист ретінде қабылданды. 1664 жылы 12 мамырда Версальда комедияның екінші редакциясы қойылды. Париж архиэпископы және ханшайым пьесаның қойылымына тыйым салуға қол жеткізеді. Осы жылдың күзінде Мольер комедияның қойылымын қайта қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш жазады. Бірақ рұқсат берілмейді. 1664 жылы қарашада Палатинск ханшайымның сарайында Ренси қаласында комедия қойылымы болады.1667 жылы шілдеде пьесаның қойылымына патша рұқсат береді. Редакцияланған комедия Пале-Рояль театрында қойылады.«Дон Жуан» (1665) Әлем өнеріне Дон Жуан бейнесінің жүзден астам нұсқалары белгілі. Көптеген ұлы ақындар, композиторлар , суретшілер әйелдердің жүрегін жаулаушы испандықтың портреттер галереясын жасауға қатысады. Олардың түрлері әртүрлі, бірақ есімдері бір- Дон Жуан. Байронның «Дон Жуан» поэмасының әсерімен Француз суретшісі Делакруа Дон Жуанға арнап сурет салады. Ұлы Моцарт «Дон Жуан» операсына музыка жазады. Осындай көптеген бір- біріне ұқсас әдеби Дон Жуандардың ішінде Мольердің Дон Жуаны өзіндік орын алады. Драматург пьесаны өзінің труппасын уақытша қимылсыздықтан шығару үшін проза түрінде екі апта ішінде жазады («Мизантроп» аяқталмаған еді, ал «Тартюф» тыйым салынған еді). Пьеса алғаш рет 1665 жылдың ақпанында Пале-Рояль театрында қойылады. Бірнеше қойылымнан кейін репертуардан шығып 200 жыл ішінде бірде-бір рет қойылмайды, ал бұл Мольердің ең жақсы шығармасы еді. Комедияның осындай тағдырын немен түсіндіруге болады? Көтерілген саяси мәселелердің маңыздылығымен. Мольердің заманы үшін олар өте батыл болады. «Мизантроп» комедиясы-Мольердің терең мағыналы комедияларының бірі.Бұл пьесаны жазу үшін өте ұзақ мерзім жұмсайды. Оның қойылымынан 2 жыл бұрын (1666 жылы 4 маусымда) Мольер өзінің достарына жеке бөлімдерін оқиды. «Мизантроп»- байсалды комедия. Оның негізгі кейіпкері күлкіліге қарағанда қайғылы және оған қаншама күлсек, біздің күлкімізге одан да көп қайғы. Мизантроп бейнесінің тарихы ежелден басталады. Б.з.б.V ғасырда өмір сүрген Тимон есімді афиндік тұрғын осы бейнеге негіз болады. Аристофан, Плутарх, Лукиан шығармаларында осы есім аталады. Шекспирдің «Афиндік Тимон» трагедисы бар. Мизантроп – трагедиялық фигура. Бірақ Мольер оны күлкіге айналдырады. «Сараң» комедиясы алғаш рет 1668 жылы 9 қыркүйекте қойылып, автор тірі кезінде өте сәттілікпен өтеді. Алғашында автор орындаған Гарпоген ролін әлемнің ең жақсы актерлары орындады. Пьеса әлемдік драма театрлардың тұрақты репертуарына кіреді. Сараңдық қасиеті адамдардың назарын өзіне аударады. Сараңдықтың керемет бейнесін Шекспир, Пушкин, Бальзак , Гоголь, Салтыков-Шедрин жасайды. Сараңдық бейнесі адамзаттың серігі ретінде антика заманынан қазіргі заманға дейін жалғасуда. Әдеби дәстүр бойынша Мольер пьесасы антикалық деректермен байланысты. Мольерлік Гарпогеннің бейнесінің негізі сөзсіз ежелгі Рим драматургы Плавттың «Кубышка» комедиясындағы образды есептесек болады. «Мещанин во Дворянстве» комедиясы (1670) ең алғаш рет Шамбар қорғанында патша аңшылығының тойында қойылады және ол патша ауласындағыларға ұнамайды. Шындығында пьесаға ендірілген керемет балет (музыкасын жазған композитор Люлли), бай түрік рәсімдері патшаға ұнамайды. Бұның басты себебі осыдан аз уақыт бұрын түрік елшісі Версальдың кереметтілігі туралы айтпауына байланысты XIV Людовиктің өзімшілдігіне қатты тиеді.
Джон Мильтон – 1608 жылы Лондонның нотариустар жанұясында дүниеге келген. Мильтонды әкесі отбасының әдет – ғұрпын сақтауға жас күнінен тәрбиелейді. Ол өзінің алғашқы білімі мен әдебиетке деген құштарлығын Лондондағы әулие Павелдің ғибадатханасында алады. Соңғы өзгерістер жас әдебиетшінің әлемдік әдебиетке ден қоюына әсер етеді.Мильтон біраз жылдан соң, Кембридж университетіне қабылданады. Кембриджде Мильтон сол кездегі Парламентке қарсы шыққан студенттер қатарына қосылып, феодалдық – аристократиялық топтың мүшесі болады. Сол кезде Мильтонға бір оқытушы қарсы болады. Оған қарамастан, ол университетті өте жақсы деген бағамен бітіреді.Осы уақытта Мильтонның әкесі Лондонға жақын маңдағы Гортон шіркеуіне қол жеткізеді. Осыны пайдаланып, Мильтон білімге деген ынтасын арттырады. Бірақ, соңында ол өзі дайындалған шіркеу шырақшысы қызметінен бас тартады.1638 жылы Мильтон Гортон шіркеуін тастап, Европаға саяхатқа шығады. Джон Мильтон Францияға ат басын бұрып, Италияда ұзақ тұрақтайды. Осы Италияда ол өзінің классикалық филология және италия әдебиеті салаларындағы білімін толықтырады. Мильтонның Италиядағы өмірі ойламаған жерден аяқталды. Өйткені, ол Англиядан революциялық дағдарыстан хабар алып, үйіне қайтады. Сондай – ақ ол Англиядағы қоғамдық күрестерге араласады.40 жылдардың ортасында Мильтон индепенттердің арасына қосылуға мүмкіндік алып, 40 –жылдардың соңында олардың тапсырмасын орындайтын күйге жетті. Ал 50 – ші жылдарда ол «Латын хатшысы» деген үлкен жұмыстың тізгінін тартып, мемлекетаралық саясат саласындағы сұрақтарға жауап беру үшін консультациялар жүргізді. Көз алмай еңбек ететін Мильтонның бұл жұмысынан көзі нашарлап, сыр бере бастайды. Бірақ бұған мойынсұнбай жұмыс барысын одан әрі жалғастырады. 1660 жылдары оған өлім жазасы қауіп төндірді. Себебі ол өзінің памфлеттерінде қоғам қайраткерлеріне тіл тигізіп, олардың феодалдық – демократиялық қоғамға қарсы күресі әлі кедейшіліктен арылған жоқ деп пікір білдіреді. Оның ақындық бағыты 60 – 70 жылдардағы көркем шығармалардың жаңа этаптағы туындыларының біріне саналуына септігін тигізеді. Бірақ ол бұл кезде көз жанарынан айырылған болатын. Өз жауларының соңына түсуіне қарамастан, еш қорықпай бәррін қасқая қабылдаған. Мильтонды туған халқы көңілдерінің түбінде ұмытпай, сақтап оған деген сенімін жоғалтпады. Джон Мильтон 1674 жылы қаза тапқан болатын. Мильтонның алғашқы кезеңдегі шығармалары, яғни, 20 -30 жылдардағы көркем туындылары 60 – 70 жылдардағы публицистика мен поэзия саласының бағытында жазылған туындыларынан аса маңызды бола қоймағаны рас. Сондықтан Мильтон шығармашылығын сөз еткенде, «20-30 жылдардағы поэзиясы» деп бөлек қарастырамыз. Яғни, бұл оның «алғашқы шығармашылық кезеңі» - деп аталады. Мильтон Кембриджде оқып жүргенінде – ақ, әдебиет әлеміндегі поэзия жанрына мықтап ден қоя бастайды және университетте өтетін дәстүрлі әдеби кештерге қатысып жүреді. Оның осы жылдарға қатысты латын және ағылшын тілдеріндегі топталған өлеңдері ақын шығармашылығының шыңға шығуына Джон Мильтон өзінің «На 5 ноября» деп аталатын латын тілінде жазылған поэмасында феодалдық – католиктік қозғалысқа қарсы екенін және патриархалдық Римнің өлім жазасын қолданылуына келіспейтінін ашып көрсетеді. Ал, «Элегия к Юнгу» деген латын тіліндегі өлеңінде Кораль Яковтың Германиядағы протестанттарға көмек көрсетуге асықпай, реформаланған шіркеулерді қорғамай алаңсыз жүргеніне наразылығын білдіреді. Мильтон Гортон шіркеуінде сүрген өмірінің көп бөлігін өлеңдер жазуға арналған болатын. Соның айғағы ретінде, «поэма – диптих» жанрына кіретін «Alledro» және «ІІ Penseroso» деген өлеңдері мен «Аркадцы» (1634ж), «Камум (1637ж) деп аталатын пьесаларын жазғанын айтуға болады. Алдыңғы екі өлеңінде Мильтон ағылшын фольклорынан бастау алады және ағылшындардың әдебиеттегі қайта өрлеуіне өз пікірін кейіпкерлері арқылы көрсетеді.
1638 жылы Европаға саяхатын бастаған Джон Мильтон ең алдымен, Италияның мәдени мұралардың орталығы екеніне көз жеткізіп қана қоймай, осы елдің ақын – жазушыларының құшақ жая қарсы алғанына да куә болады. Бүкіл мәдениеттің орталығына саналған бұл елде де феодалдық – католиктік қозғалыс жүріп жатқан болатын. ХVІІ ғ.30 – жылдарынан көрініс берген Италияның бұл күйі Мильтонның өз отанына қайтып, сол жақтағы феодалдық – католиктік қозғалыстарға қатысуына ықпал етті.Енді Мильтонның әдебиеттегі дамуының жаңа кезеңі басталады. Оның трактаттары мен мақалалары және ізденістері көркемдігі жағынан өте бай болғандықтан, ХVІІ ғ – ғы Англияның прозасын дамытты деп айтуға болады.
Мильтонның алғашқы кезеңдегі шығармаларының ең үздігі деп танылған «Ареопагитика» трактаты (1644ж). Ол бұл трактатта «адам баласы жеке және қоғамдық өмірінде тек бір – ақ нәрсеге бағыну керек –деді. Ол – табиғат заңы».Мильтонның натур – фмлософиялық көзқарасы онша айқын емес болатын. Ол өзінің педагогикалық трактаты «о воспитании» (1644ж) туындысында антифилософиялық идеяларды ұсынады.Ал, 1649 жылы «Обязанности государей и правительств» және «Иконоборец» деген кітаптар шығарумен шұғылданады. Бұл екі кітап та, 1649 жылға І Карлдың процесі мен корольдің өлім жазасына кесілуін суреттейді.
Сальмаза – Самэза деген профессор Мильтонның әдебиеттегі орнына дақ түсіру үшін «Защита Карла І» деген кітап шығарады. Бірақ, Мильтон да қарап қалмай, оған жауап ретінде «Защита англиского народа « деген трактат жазады. Бұл трактат 5 басылымнан тұрады, 1650 – 51 жылдар аралығын қамтыған. Осыдан соң, 4 жыл өткеннен кейін Мильтон «Вторая защита» деп аталатын трактатын жазды.ХVІІ ғасырдың 50 – ші жылдарының екінші жартысын Мильтон өзінің достары мен шәкірттерінің арасында өткізеді. Оның ол кездегі достары ақын Марвел, доктор Пэджет болатын. Мильтон бұл кезде соқыр болатын. Өзінің бірнеше шәкірттері мен әлгі достары оған көмектесіп отырды. Енді ол сонеттерін достарына арнап жаза бастады. Олар: «Лоуренсу», «первый сонет Скиннеру», «На слепому» және «К моей покойной жене».
Джон Мильтонның ағылшын әдебиетінің әуенін әуелеткен тырнақалды екі поэмасы бар. Бірі – «Потерянный рай», екіншісі – «Возвращенный рай». Бұл екі романда да христиан аңызын баяндайды. Орыстың ұлы сыншысы Белинский: «бұған аса жоғары баға берудің қажеті жоқ» - дейді. Сатананың Исусты өзіне еліктіре алмағаны баяндалған алғашқы романда бунтарлық пафос жетіспейді. Ал, екінші романы оған қарағанда жоғарғы бағаға ие болды.Енді Мильтонның өз халқының мұң – мұқтажын театрда көру мақсатында «Самсон – борец» деген трагедия жазады. Ол бұл трагедияда отандастарының құлдыққа берілмей, бейбіт өмір сүруіне үндейтінін аңғартады. Өз ойын трагедияның бас кейіпкері Самсонның қылықтарымен көрсетеді.Джон Мильтонның бұл трагедиясы ХVІІ ғасырдағы үздік туынды «Потерянный рай» романы сияқты, сол ғасырдың 60 – 70 жылдарындағы алып туындыға айналды. Қорыта айтқанда, Мильтон шығармашылығы да өз елінің игілігі үшін тізгінін тартқандай.
