Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус - ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

3.2 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

1-модуль. Әдеби сын және оның міндеттері мен мақсаттары.

1-практикалық сабақ. Әдеби сын және оның міндеттері мен мақсаттары. Cынның әдебиет тарихымен, теориясымен байланысы және айырмашылықтары. Сынның эстетикаға, журналистикағажақындығы. Сыншылдық өнермен сыншының принциптілігі. Әдеби сынның қоғамдық ой пікірде алатын орны

2-практикалық сабақ. Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері. Халықтық эстетика. Фольклор халық әдебиетіндегі көркем сөздің ролі.Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің көркемдік танымы, Абайдың эстетикалық көзқарасы

3-практикалық сабақ. Қазақ баспасөзінің әдеби сынды дамытудағы ролі. Баспасөз және сын. ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тууы. Баспасөз бетіндегі әдебиеттік материалдар. Олардың эстетикалық тәрбиедегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті.

4-практикалық сабақ. Жазба әдебиет және сын. Сын жанрының жазба әдебиетке тән жанр екендігі. Жазба әдебиет өкілдерінің сын жанрын дүниеге әкелудегі ролі. Жазба әдебиет өкілдерінің әдеби сынды дамытудағы тарихи ролі.

5-практикалық сабақ. ХХғ. 20 жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет саласындағы саясаты. Пролетариат жазушылары ассоциацияларының құрылуы. Қазақ әдебиетінің дамуы жайлы пікірталастар

6-практикалық сабақ. Дарынды тұлғалардың қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын жанрын қалыптастыруға қосқан үлесі. С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармаларына қатысты сынның дамуы.

7-практикалық сабақ. 30-шы жылдардағы көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру шаралары. Жазушылар одағының құрылуы. СССР жазушыларының және Қазақстан жазушыларының бірінші съезі.

2-модуль. Сынның жанр ретінде қалыптасуы және осы қалыптасу.

8-практикалық сабақ. Әдеби мұра және оны игеру мәселелері. Ауыз әдебиетін зерттеу саласындағы еңбектер. Ауыз әдебиеті мұраларын жинап, бастыру шаралары. Қазақ эпосын Р.Бердібаев, Ш.Ыбыраев зерттеуі. Қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша жүйелеу және дәуірлеу. Түркі халықтарына ортақ көне мұралардың қазақ әдебиетіне ықпалымен жалпы түріктік байланыстары

9-практикалық сабақ. Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері. Сапалы оқулық жасау жолындағы ізденістер. Хрестоматия, оқулық, ғылыми еңбектер жазудың ерекшеліктері.

10-практикалық сабақ. Сынның жанр ретінде қалыптасуы және осы қалыптасу кезіндегі қиыншылықтар мен кедергілер М.Қаратаев, Е.Ысмайылов т.б. шығармашылығы

11-практикалық сабақ. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қазақ әдеби сыны. Сын өнерінің дамуындағы идеологиялық ықпалдар

12-практикалық сабақ. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы жаңа ізденістер. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеу ісінің жалғасуы. С.Қирабаев,Е.Ысмайылов, Т.Кәкішев т.б. шығармашылығыжайлызерттеулер. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің табыстарын жеке жанрлардың дамуын шола зерттеу арқылы анықтау. Қазақ әдеби сын жанрларын тууы мен дамуы тұрғысынан алып зерттеу

13-практикалық сабақ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы. Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов т.б. еңбектері.

14-практикалық сабақ. 60-90жылдардағы қазақ әдеби сынының дамуы мен қалыптасуы, сын мен әдебиеттануға келген тұлғалардың шығармашылығы, сын өнеріне келген жаңа толқынның еңбектері.

15-практикалық сабақ. Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі, қазіргі әдеби процестегі сынның атқаратын ролі. Әдебиет сыны мен ғылымның өзара сабақтастығы.