- •Лекциялық кешен құрылымы
- •1. Тақырып.Қаржылық бақылау және аудиттің экономикалық мәні, мақсаттары, міндеттері мен принциптері
- •Қаржылық бақылаудың ұғымы міндеттері мен функциялары.
- •Қаржылық бақылаудың түрлері және қаржылық бақылаудың орғандары.
- •Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын орғанға қарай:
- •Тақырып. Қаржылық бақылау және аудиттың рөлі және құқықтық реттелуі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •3. Тақырып. Қаржылық бақылау нысандары. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •4. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •5. Тақырып.Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттары
- •Қазіргі таңда стандарттың мынадай түрлері бар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •6.Тақырып. Салықтық, кедендік және валюталық бақылауларды жүргізу ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері:
Бақылау заңдарының қаржылық бақылауға сәйкестілігін тексеру. яғни, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес қаржылық бақылауға баға беру.
Қаржылық есептемені бақылау.Яғни, мемлекеттік қаржылық бақылау обьектісінің қаржылық есептемені жасауын және ол есептемені табыс ету анықтығын, негіздерін және уақытын бағалау.
Тиімділікті бағалау.Яғни,бюджет қаражатын, мемлекет активтерін,тауарды өткізуден түскен ақшаны үнемдеумен және олардың дұрыс пайдаланғанын тексерумен бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлері:
Кешенді бақылау дегеніміз-бұл бақылау обьектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау.
Тақырыптық бақылау дегеніміз-бұл бақылау обьектісінің қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау.
Үстеме бақылау дегеніміз-бұл бақылау обьектілеріне қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты 3-ші тұлғаларды бақылау яғни,ол операциялардың біркелкілігіне карай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстыру.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жүзеге асырылуын орғанға қарай:
Сыртқы және ішкі болып бөлінеді:
Сыртқы бакылауға:республикалық деңгейде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жергілікті деңгейде маслихаттардың тексеру комиссиясы нәтижесінде жүзеге асырылады.
Ішкі бақылауға:ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орған және ішкі бақылау қызметкерлері.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың қағидаттары:
Тәуелсіздік қағидаты дегеніміз- мемлекетік қаржылық бақылау орғандарының маслихатың тексеру комиссиясының, ішкі бақылау қызметкерлерінің және олардың мүшелерінің тәуелсіздігіне бақылау кезінде жүргізілуін әр түрлі қызметкеріне нұқсан(кедергі)келтіретін шараларға жол бермеу.
Бақылаудың обьективтілік қағидаты дегеніміз-бұл бақылауды Қазақстан Республикасының заңына сәйкес,бақылау стандарттарына сәйкес бақылау нәтижелері бойынша анықталатын және құжаттармен расталған актілер негізінде ғана шешім қабылдау.
Бақылау нәтижесінің анықтылығы қағидаты дегеніміз-бұл бақылау нәтижелерін бухғалтерлік және банктік құжаттармен растау.
Жариялық қағидаты дегеніміз-бұл қағидат қызметтік комиссиялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтамасыз етуді ескере отырып бақылау нәтижелерін жариялау.
Б) Қоғамдық қаржылық бақылау дегеніміз-бұләр түрлі қоғамық ұйымның бақылауы болып табылады.Яғни,тексерушілер алдына қойылған нақты міндеттерге байланысты жүргізілетін бақылаудың түрі болып табылады.
Қоғамдық бақылаудың орғандарына:ШЖС-дегі әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ, ұйымның бақылауы жатады.Яғни коғамдық
ұйымның, кәсіпорынның, партияның, жастардың бұқаралық қозғалысының ғылыми-технологиялық, мәдени-ағартушылық, спорт шығармашылық түрлі қорлардың бақылауы болып табылады.
Қаржылық бақылаудың әдістері.
Қаржылық бақылау әдістерін қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы орғандардың қызметіне нысандарының ерекшелігімен бақылаудың обьектісі мен бақылау іс-қыймылына байланысты болып келеді.
Қазіргі кездеқаржылық бақылаудың мынадай әдістері қолданылады:
1.Тексеріс-яғни,барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру.Олардың нақты обьектісі табыс,қосылған құнға салынатын салық, өзіндік құн, айналыс шығындары әр түрлі мақсаттармен қорғауға аударылатын аударымдар және әр түрлі қүнды көрсеткіштер.
Қадағалау-яғни,кәсіпорындардың қаржы-қаражатының жай күйімен жалпы танысу.
Тексеру-яғни, құжаттаманы есепке алуды және есептемені шоттық тексеру.Шоттық тексеру дегеніміз-бұл бухғалтерлік есептеменің, баланстың салық есеп-қисаптың ақиқаттылығын тексеру.
Инспекция-кэсіпорьшның қаржылық жай күйін орнында тексеру.
Қаржылық бақылауда тексерудің мынадай тәсілдері бар:
1.Экономикалық талдау-бұл обьектінің шаруашылық қаржылық қызметіне баға беру,сонымен қатар қызметтерінің түрлі нәтижелерін анықтау.Және соның негізінде экономиканы жақсарту мен дамыту жолдарын анықтау.Экономикалық талдауды шаруашылық орғанының өздері де,сонымен қатар банктер қаржы аудит фирмалары да жүргізе алады.
Құжаттық талдау-бұл тексерісті жүргізген кезде есептер,сметалар, бастапқы құжаттар, шоттар, төлемнің түрлері ,кіріс-шығыс ордерлер,чектер, басқада құжаттар тексеріледі.
Материалдық құндылықтарды түгендеу-кассадағы нақтылы ақшаларды тексеру және жоспарлы көріністер мен есептік көрсеткіштерді салыстыру.
Қаржылық басқаруды ұйымдастыру
Жалпы басқару деп - белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын айтамыз. Заң талаптарына сәйкес мемлекет өз қызметтерін жүргізу кезінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып мемлекеттік шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғамдық қаржыларды, бағаны, несиені және де өндірістік қатынастарды әртүрлі нысандарға сәйкес басқарады. Қаржылық басқару дегеніміз бұл - қаржыларды экономикалық әлеуметтік жүйеде жетілдіру және дамыту мақсаты мен қаржы қатынастарының тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізуді және тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекет шараларының жиынтығы.
Қаржының басқаруының мақсаты: мемлекеттік борыштың азаюын және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету ұлттық валютаның беріктілігін сақтау, мемлекет пен қоғамның қаржылық тұрақтылығын сақтау, елдің тәуелсіздігін сақтау және де мақсатты макроэкономикалық теңдікті қалыптастыру. Мемлекеттің қаржылық қатынастарын реттеуде қаржылық басқарудың мынандай принциптері қарастырылған:
Басқарудағы демократизм бұл - басқару кезінде әр түрлі заңдарға сәйкес мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын ерікті түрде басқару;
Қаржы мәселелеріне саяси көзқарас немесе тәсілдеме қолдану – бұл әртүрлі амалдар қолдану арқылы әр түрлі қаржылық операциялар қолдану;
Басқарудағы экономикалық әкімшілік әдістерінің үйлесуі – бұл барлық деңгейдегі басқарушы субъектілердің заң талаптарына сай басқару әдіс амалдарын қолдану;
Басқарудағы ғылымилық бұл - білікті кадрлардың болуы;
Басқарудағы жауапкершілік;
Орталықтандырылған салалық және аймақтық басқарулардың жүзеге асырылуы, яғни мемлекеттің төменгі буындарына мемлекет тарапынан орталықтандырылған жүйеде ақша қаражаттарын реттеумен пайдалануға көп көңіл бөлулері (сала аймақтарына);
Шаруашылық шешімдерін жүзеге асырылуы: шешім, нәтиже қабылдау.
Мемлекеттік деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің, қаржылық қатынастарын ұйымдастыру мен реттеу кезінде жүзеге асырылады. Сол себепті кәсіпорындар мен мекемелердің қаржысын басқару орталықтандырылған жүйеде жүргізіледі. Жалпы мемлекет қаржысын басқару стратегиялық және оперативтік болып 2 деңгейде жүзеге асырылады:
1) Стратегиялық басқару бұл - қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы мақсатты бағдарламаларды іске асыруға арналған қаржыларды айтамыз. Стратегиялық басқару кезінде мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары белгілі бір ақша қаражаттарын жүзеге асыруға яғни бағдарламаға сәйкес бюджетті орындаулары тиіс. Жалпы қаржы ресурстарының ауқымын белгілейтін және стратегиялық бағдарламаларды құрастыру мен оларды жүзеге асыратын органдар болып президент аппараты, парламент, үкімет, қаржы министрлігі, экономикалық және жоспарлау министірі болып табылады. Жалпы мемлекет қаржысын президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға мынадай өкілеттілік берілген:
- Республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беруін айқындайды.
- Республикалық бюджет комиссиясын құрады және ол туралы принциптерді бекітеді.
- Мемлекеттегі жағдаймен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын Қазақстан халқына жыл сайын жолдаулар негізінде жетеді және де Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын бюджет саясатының негізгі бағдарламаларын анықтайды.
2) Оперативтік басқару бұл – қаржы ресурстарының стратегиялық бағдарламаларға сәйкес мақсатты түрде жүзеге асырылуын басқару, яғни әр салалар бойынша бөлінген қаржы ресурстардың мақсатты түрде, жеделді түрде жүзеге асыруына басқару жасау және оны реттеу.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Қаржылық бақылау субъектілері бойынша жіктелуі және оларға сипаттама
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың органдарына қарай бөлінуі
Қаржылық бақылау қатынастарының жүйесі
