+ Вертгеймер тәжірибесі
«Жалған тамақтандыру» тәжірибесі
Гейденгайн әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы
Павлов әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы
Экка-Павлов фистула тәжірибесі
36. Сілекей бөлу орталығы:
жұлында
ортаңғы мида
ми қыртысында
+ сопақша мида
мишықта
37. Сілекейдегі крахмалды гидролиздейтін фермент:
пепсин
гастриксин
+ амилаза
Трипсин
Химотрипсин
38. Қарын ішіндегі анемияға қарсы тұратын Кастл ішкі факторының химиялық құрамының аталуын табыңыз:
май
пепсин
гастриксин
+ гастромукопротеид
витамин В12
39.Түрі, иісі, басқа да тамақ ішер алдында адамға әсер ететін факторлардан бөлінетін ас қорыту сөлінің түрін табыңыз:
қарын кезеңінің сөлі
ішек кезеңінің сөлі
+ тәбет сөлі
рефлекстік және гуморальдық кезеңінің сөлі
натрий бикарбонатына бай сөл
40. Қоректі заттардың ас қорыту түтігіндегі негізгі сіңетін орны:
ауыз қуысында
қарында
+ ащы ішекте
он екі елі ішекте
тоқ ішекте
41. Ауыз қуысының қорғаныстық қызметі сілекей құрамында мына заттың болуымен байланысты:
муцин
амилаза
+ лизоцим
трипсин
мальтаза
42. Сілекейдің тұтқырлық қасиеті құрамында қандай заттың болуымен байланысты:
трипсин
амилаза
лизоцим
+ муцин
мальтаза
43. Қарын сөлінің қышқылдық ортасын анықтайтын оның негізгі компоненті:
көмір қышқылы
натрий бикарбонаты
сульфаттар
+ тұз қышқылы
сүт қышқылы
44. «Тәбет» сөлі бөлінетін кезең:
қарын кезеңінде (нейрогуморальдық)
ішек кезеңінде
механикалық кезеңде
+ милы кезеңнің шартты рефлекс кезеңінде
тамақ қабылдағаннан кейін релаксация кезеңінде
45. Тири-Велла фистулаларын орнату арқылы ас қорыту түтігінің зерттелетін функциялары:
қарын сөлінің бөлінуі
қарынның қимыл қызметі
сілекей бездерінің сөл бөлінуін
+ ішектің қимыл қызметі
ауыз қуысының сіңіру қызметін
46. Ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттер ыдыратады:
тек қана ақуыз бен майларды
тек қана көмірсулар мен ақуыздарды
+ қоректік затттардың барлық түрлерін: ақуыздарды, көмірсуларды майларды
тек қана эмульсияланған майларды
тек дисахаридтерді
47.Ұйқы безі сөлінің сілтілік реакциясын қамтитын зат:
аниондар CI-, HPO4
катиондар K+, Ca2+
шырышты заттар
+ бикарбонаттар
ұйқы безінің ферменттік сөлі
48. Ұйқы безі сөлімен он екі елі ішекке түскен ферменттердің әсерін күшейтеді:
глюкагон
ЖИП (ҚИП)
фруктоза
+ өт сөлі
Соматостатин
49. Асқорыту процесіндегі өттің ролі:
гликогенезді активтендіреді
пепсиндердің белсенділігін төмендетеді
+ ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттердің белсенділігін жоғарылатады
глюкозаның сіңірілуін қамтамасыз етеді
суда еритін витаминдердің сіңуін қамтамасыз етеді
50. Секретин гормонының әсер етуі:
гастриннің бөлінуін тежейді
холецистокиннің әсерін тежейді
пепсин бөлінуін күшейтеді
+ бикарбонаттың бөлінуін күшейтеді
жіңішке ішектің бүрлерінің жиырылуын күшейтеді
51. Асқазан бездерінің құрамына кіреді:
негізгі, шырышты және қосымша жасушалар;
айнала қоршалған, аралас және негізгі жасушалардан;
айнала қоршалған, серозды және қосымша жасушалардан;
+ негізгі, қосымша және айнала қоршаған жасушалардан;
қосымша, негізгі және кілегейлі жасушалардан;
52.Тағамның гидролиздік ыдырауын қамтамасыз ететін ферменттер келесі топтарға жатады:
липазалар,карбогидраза,трансферазалар;
протеазалар,липазалар, K+-Na+ - АТФ-азалар;
+протеазалар, липазалар,карбогидролазалар;
протеазалар, липазалар, трансферазалар;
карбогидролазалар, протеазалар, трансферазалар.
53.Пепсиногеннің пепсинге айналуы ненің көмегімен жүзеге асады:
+тұз қышқылы;
инсулин;
химозин;
өт;
липазалар.
54.Эмульсияланған майларды қорытатын фермент:
