Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
06. шептік баылау сратары.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

Курстық жұмыс жазуға ұсынылатын тақырыптар

  1. Қылмысты саралаудың гылыми негіздері

  2. Өмірге қарсы қылмыстар

  3. Женілдететін мән-жайларда адам өлтіру

  4. Ауырлататын жағдайларда адам өлтіру

  5. Жыныстық қылмыстар

  6. Денсаулыққа қарсы қылмыстар

  7. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

  8. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар

  9. Адамның жыныстық бостандыгына қарсы қылмыстар

  10. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар

  11. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

  12. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту

  13. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

  14. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

  15. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар

  16. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

  17. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар

  18. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

  19. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

  20. Әскери қылмыстар

  21. Адамзатқа қарсы қылмыстар

  22. Қарулы қақтығыстарды құқылық реттеудің халықаралық принциптеріне қарсы қылмыс

  23. Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс

  24. ҚР сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

  25. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

  26. Меншікке қарсы қылмыстар.

  27. Талан -тараж түрлері

  28. Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар.

  29. Ұрлық

  30. Тонау

  31. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар

  32. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар.

  33. Экономикалық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар

  34. Банктік қызмет саласындағы қылмыстар

  35. Экономикалық қызмет саласындағы аралас қылмыстар.

  36. Коммерциялық және өзге ұйымдардың кызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

  37. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

  38. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

  39. Халықтың денсаулыгына қарсы қылмыстар.

  40. Адамгершілікке қарсы қылмыстар

  41. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар

  42. Табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстар.

  43. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғауға қарсы қылмыстар.

  44. Көліктегі қылмыстар.

  45. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар

  46. Парақорлық

  47. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

  48. Басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекеленген ережелерге қол сұғатын қылмыстар

  49. Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдар жасайтын қылмыстары.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысын және студенттердің өзіндік жұмысын орындау бойынша методикалық ұсыныстар

Студенттердің өзіндік жұмысы – бұл студенттің кешенді қызметі, оның жақсы орындалуы студенттің үзіліссіз аудиторлық және аудиториядан тыс жұмысына тәуелді болады.

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы – бұл студенттің және оқытушының кешенді қызметі, онда материалды жақсы қабылдау үшін бірге жұмыс істеу қажет.

«ҚР-ң Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім» пәні бойынша СӨЖ және СОӨЖ түрін және нысанын таңдау курсты оқудың мақсаттары мен міндеттеріне, студенттің дайындық деңгейіне, өзіндік жұмысына берілген сағат көлеміне, күрделілік деңгейіне сәйкес келтірілген. Тапсырмаларды орындау кезінде берілген тақырып бойынша қосымша дәрістерді өңдеу, қайнар көздерді талдау, СӨЖ және СОӨЖ тақырыбына дәрістердің поляларында белгі жасау қажет. Егер материал толығырақ және тереңірек зерттелген болса, онда өзіндік жұмысты жеңілірек орындауға мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасын орындау кезінде тапсырманың шартымен танысып, орындаудың жоспарын ойлау, шешудің дұрыстығына талдау жасау қажет.

СӨЖ және СОӨЖ түрлерінің кейбіреулеріне тоқталайық.

Глоссарий немесе глоссарлы диктант – берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктемелерге жазбаша немесе ауызша түсінік беру, шет тілге аударуы мүмкін.

Реферат – жұмыстың кең таралған түрі, әдебиеттің міндетті түрде көрсетілуімен нақты тақырыпқа баяндама. Реферат міндетті түрде А4 форматында орындалуы керек, жазылған немесе басылған түрде, 10 беттен ке емес, уақтылы тапсырылуы керек.

Схемаларды құрастыру. Схема А4 форматында орындалуы керек, жазбаша немесе басылған түрде, уақытында тапсырылуы керек. Схеманың мазмұны күрделі болуы керек, тақырып, негізгі түсініктемелер, анықтамалар көрсетілуі тиіс.

Ауызша сұрау –тақырыптың негізгі түсініктемелері және анықтамалары бойынша сұрау.

Диспут – тақырыпты кең талқылау, түрлі пікірлерді қарастыру және тақырып бойынша қорытынды жасау. Берілген тапсырманы орындау кезінде барлық студенттердің қатысуы міндетті, білімдерді бағалау үшін.

Баяндама – жазылған немесе басылған түрде тақырып бойынша материалды мазмұндау, баяндама жазылған немесе басылған түрде А4 форматында орындалуы қажет, 4 беттен кем емес, уақытында берілуі керек.

Кроссворд құрастыру. Кроссворд жазылған немесе басылған түрде А4 форматында орындалуы тиіс, уақытында тапсырылуы керек. Кроссвордтың мазмұны күрделі болуы керек, тақырып, негізгі түсініктемелер, анықтамалар көрсетілуі тиіс.

Эссе- бұл өз ойын берілген мәселеге мазмұндау, түрлі жанрларда– критика, публицистика және т.б.

Тақырыптың конспекті – тақырып бойынша қосымша материалды жинау және конспектілеу.

СӨЖ тапсырмаларының орындалуы 2 сағаттан артық болмауы керек, СОӨЖ тапсырмаларының орындалуы 4 сағаттан артық болмауы керек.