- •2013 Жылы «-15-» тамызда
- •2. Қордың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Қор қызметінің мәні мен мақсаты
- •4.Қатысушының құқықтары мен міндеттері
- •5.Қордың мүлкі құрау көздері
- •6.Қордың басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзреті
- •7. Қамқорлық кеңесі
- •8. Қордың атқару органы
- •10. Филиалдар және өкілдіктер туралы мәліметтер
- •11.Қаржы жылы және есеп беру
- •12. Еңбек және әлеуметтік өзара қарым-қатынастар
- •13.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу тәртібі
- •14.Қордың қызметінің тоқтату шарты
- •9. Ревизор
- •15 Августа 2013 г.
- •1.Общие положения
- •2. Права и обязанности фонда
- •3.Цель и предмет деятельности фонда
- •4.Учредитель – его права и обязанности
- •5.Имущество фонда и его формирование
- •6.Органы управления и контроля фонда
- •7.Попечительский совет
- •8.Правление фонда
- •9. Ревизор
- •10.Сведения о филиалах и представительствах
- •11.Финансовый год и отчетность
- •12.Трудовые и социальные взаимотношения
- •13.Порядок внесения изменений и дополнений
- •14. Прекращение деятельности фонда
3. Қор қызметінің мәні мен мақсаты
3.1.Қор қызметінің мақсаты:
- көз көру бойынша мүгедектерді біріктіруге, олардың өмірлерінде шектеулерді жоюға, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға, оларды әлеуметтік ақтауға және интеграцияға, еңбекке, мәдениет және спортқа қатыстыруға арналған шаралар мен бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыру.
3.2.Қор қызметінің мәндері:
- көз көрмейтін мүгедектерді анықтау және қоғамдық өмірге қатыстыру;
- гранттар, несиелер және де басқа төлемдерді алу үшін әлеуметтік бағытталған бағдарламалармен жобаларды дайындау;
- көз көру бойынша мүгедектерге жұмыс орындарын құру;
- жаңа кәсіптерді және мамандықтарды меңгеру;
- шынықтыру, спорттық, мәдений-бұқаралық және де көз көру бойынша мүгедектердің басқа шараларды өткізу;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруда қатысу және ұйымдастыру;
- көз көрмейтін мүгедектерді оқытуға және жұмысқа орналастыруға жәрдем беру;
- өткізетін шынықтыру, спорттық, мәдени-бұқаралық және де басқа шараларды өткізуге материалдық жәрдем ұсыну; ------------«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалымен қарым қатынас жасау және осы филиалдың көз көру бойынша мүгедектерге арналған реабилитация бағдармаларыны қаржыландыру;
- қиын өмірлік жағдайда болған көз көру бойынша мүгедектерге материалдық көмек беру.
3.3.Қор өзінің жарғылық мақсаттарыны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға құқылы, тек қана ол оның жарғылық мақсаттарына сәйкес болғаны үшін. Қор кәсіпкерлік қызметінен түскен пайданы, шыққан шығынды есептейді. Кәсіпкерлік қызметінен тапқан табыс қордың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланылады. Қордың мақсаттары мен қызметтеріне толықтырулар және өзгертулер енгізу қатысушы шешімі бойынша бекітіледі.
4.Қатысушының құқықтары мен міндеттері
4.1.Қордың құрылтайшысы (қатысушысы) заңды тұлға - «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Талдықорған» корпоративтік қоры («ҚСҚ» ҚБ) және де бұл қор корпоративті болып танылады.
4.2.Қор қатысушысы құқылы:
- Жарғыда көзделген тәртіпте Қор жұмыстарын басқаруда қатысу;
- Қор қызметі туралы мәліметтер алу, құжаттармен танысу;
4.3.Қор қатысушысы міндетті:
- құрылтайшы құжаттардың ережелерін сақтау;
- коммерциялық құпия деб белгіленген деректерді жарияламау .
4.4. Қор қатысушының реквизиттері, мекен-жайы өзгерген жағдайда қысқа уақытта 15 (он бес) күннің ішінде жазбаша түрде Қорды ол туралы хабарландыру.
4.5. Қатысушының ерекше құзіреті:
-Қордың атауын, мекенжайын өзгерту, оның ішінде Қордың құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар еңгізу;
- Қор қызметінің басымдық бағдарламаларын белгілеу;
- Қор басқару органдарының өкілеттіктерінің құру және тоқтату тәртібін, ұйымдастыру құрылымын, құзіреттіктерін белгілеу;
- атқару комитетінің қаржылық есеп беру мерзімін ұсыну, бақылау органының тексеру өткізу тәртібін және нәтижелерін бекіту тәртібін белгілеу;
- Қорды қайта құру және ерікті тарату туралы шешім қабылдау, тарату балансын бекіту;
- басқа заңды тұлғалардың құрылуында немесе қызметінде Қордың қатысуы туралы шешім қабылдау;
- Қордың филиалдары мен өкілеттіктерін ашу туралы шешім қабылдау.
- Кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде тапқан табыс пен түсімдерді пайдалану туралы шешім қабылдау.
4.6. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша құрылтайшының шешімдері Қор атқаруға міндетті.
4.7. Қордың қызметіне қатысты басқа да мәселелерді қарастыруға және олар бойынша шешім қабылдауға «ҚСҚ» ҚБ жарғысының көзделуімен қатысушы құқылы.
4.8. Қатысушының әрекеттеріне сот арқылы наразылық білдіруге болады, егер де оның шешімдері қолданыстағы заңнамаға немесе осы Жарғыға қайшы келсе.
