- •I апта бөж тапсырмалары
- •II апта
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •Қалау рай
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
- •II апта
- •III апта
- •Ұлы жазушының шығармашылық өмірбаяны
- •Iiі апта бөж тапсырмалары о. Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы
- •IV апта
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстанның экологиясы. Табиғи қорықтары мен саябақтары
- •Өзгелік етіс. Ырықсыз етіс
- •IV апта
- •Туристік нысандар
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •V апта бөж тапсырмалары Қазақстанның тарихи орындары
- •VI апта
- •Менің мамандығым
- •Университет - білім ордасы
- •Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
- •VI апта
- •VII апта
- •Vіі апта бөж тапсырмалары
Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы
Ж.Аймауытов – творчестволық интеллигенциясының жарқын өкілдерінің бірі, романист, драматург, аудармашы
(Ғ. Мүсірепов)
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – қазақтың көрнекті жазушысы, драматургы және аудармашы, сыншы. Туып өскен жері қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Ол жастайынан арабша хат танып, оқып үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектепте, Керекудегі ауылшаруашылығы мектебінде, Керекудегі екі сыныптық орыс - қазақ мектебінде оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911–1914 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң Алаш қозғалысына қатысып, Семейде «Абай» журналын М.Әуезовпен бірге шығарады.
Қаламгер шығармаларындағы кейіпкерлердің жан сұлулығы бірнеше қырынан көрінеді. Біріншіден, жазушы шығармаларындағы кейіпкерлердің адалдығы мен ақкөңілдігі, екіншіден, оларды бейнелеудегі автордың эстетикалық позициясы, үшіншіден, кейіпкерлердің қоғамның әділетсіздігіне төзбеуі, онымен күресуі, яғни кейіпкерлер бойындағы жігер мен білімнен аңғарылады. Мысалы, «Әнші» әңгімесінде жазушы Әмірқан бейнесі. Әмірқанның прототипі – ұлы әнші Әміре Қашаубаев.
Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығын оның «Психология» оқулығынан оқимыз. Мұнда қаламгер жан, тәрбие, ілтипат, қиял, адамгершілік, әлеуметшілдік сияқты адамның ішкі әсемдігін сипаттайды. Оның ойынша, жан сұлулығы адамның осындай көптеген әрекеттерінен, мінезінен өрістейді де, адамның әсемдік әлемін қалыптастырады.
Ол өзінің В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н. Толстойдан аудармаларында кейіпкерлердің ішкі әлемін қазақ тілінің бай лексикасын қолданып, жоғары эстетикалық деңгейде аударған. Сонымен бірге, қазақ әдебиеті туралы жазған сын еңбектерінде өзі талдаған туындылардағы кейіпкерлердің жан сұлулығына ерекше мән берген.
«Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» және тағы да басқа туындыларында Аймауытов кейіпкерлері өздерінің ішкі жан дүниесінің терең суреттелуімен көрінеді.
Сөздік
Алаш қозғалысына қатысу – участие в движений Алаш
қаражат табу – зарабатывать средства
ауылшаруашылық мектебі - сельскохозяйственная школа
кейіпкерлердің жан сұлулығы – душевная красота персонажей
қоғамның әділетсіздігі – несправедливость общества
адамның ішкі әсемдігі – внутренняя красота человека
хат тану – обучение письму
төзбеу – не выносить
күресу – бороться
аңғару – замечать
сипаттау – характеризовать
қалыптастыру – формировать
мән беру – обращать внимание
5-тапсырма. Мәтінде берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырыңыз.
арабша хат тану –
екі кластық мектеп –
тиіп-қашып оқу –
оқытушылар семинариясы –
жан сұлулығы –
адалдығы мен ақкөңілдігі –
жігер мен білім –
адамның ішкі әсемдігі –
6-тапсырма. Ми шабуылы.
Жүсіпбек
Аймауытов
7-тапсырма. Сөйлемдерге қалау райының тиісті жалғауын жалғап оқыңыз.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген.
Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Ол ауылда мұғалім болып істейді.
Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.
Оның ойынша, жан сұлулығы адамның осындай көптеген әрекеттерінен, мінезінен өрістейді де, адамның әсемдік әлемін қалыптастырады.
8-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпаратты тауып, кестеге толтырыңыз.
Жүсіпбек Аймауытов |
|
Туған жері |
|
Алған білімі |
|
Қаламгердің шығармалары |
|
Аудармалары |
|
3- сабақ
9-тапсырма. Берілген мәтіннен қалау райындағы неше сөйлем құрастыра аласыз?
Үлгі: Қартқожа білімді азамат болғысы келеді.
«Қартқожа» романында кейіпкердің ішкі сұлулығын оның мақсатымен байланыстырады. Бас қаһарман Қартқожаның арманы білімді азамат болу, ұстаздық мамандықты меңгеру, сондықтан соған сай суреттелген. «Әнші» әңгімесінің бас кейіпкері өнер адамы болғандықтан оның ішкі жан-дүниесі әсемдікке, тазалыққа, үйлесімге ұмтылады.
Жүсіпбек Аймауытов көркем шығармаларымен бірге өзінің «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші» сияқты ғылыми-педагогикалық еңбектерінде де жан сұлулығын жоғары бағалаған.
10-тапсырма. Берілген етістіктерді қалау райға айналдырып, сөйлем құрастырыңыз.
хат тану –
төзбеу –
күресу –
аңғару –
сипаттау –
қалыптастыру –
мән беру –
11-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жан сұлулығы тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
Әсемдік әлемі, сұлулық табиғаты, жан жарасымы, мейірім, әсер, қызығу, табиғилық, бейне, пішін, қимыл, әдемі.
12-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
Қаламгер шығармаларындағы кейіпкерлердің ...................... бірнеше қырынан көрінеді. Біріншіден, жазушы шығармаларындағы кейіпкерлердің ............... ............. , екіншіден, оларды ................... автордың эстетикалық позициясы, үшіншіден, кейіпкерлердің қоғамның ........................, онымен күресуі, яғни кейіпкерлер бойындағы ............................. аңғарылады. Мысалы, Әмірқанның прототипі – ұлы әнші Әміре Қашаубаев.
Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығын оның .............................. оқулығынан оқимыз. Мұнда қаламгер жан, тәрбие, ілтипат, қиял, адамгершілік, әлеуметшілдік сияқты ............................................. сипаттайды.
Қажетті сөздер: адалдығы мен ақкөңілдігі, жан сұлулығы, әділетсіздігіне төзбеуі , бейнелеудегі, адамның ішкі әсемдігін, жігер мен білімнен, «Психология».
