Психологиялық ойын.
Ойын – әлеуметтік әрекеттесу моделі. Ойын шығармашылық қабілеттерді дамытып, сананы жетідіріп, қарым-қатынас жасау әрекетін жетілдіреді. Ойын төмендегідей функциялар атқарады:
танымдық;
коммуникативтік;
мәселені шешу;
біріктіруші;
ұйымдастырушы;
дамытушы;
көңіл көтерушілік;
психотерапевтік.
Ойын төмендегідей схема бойынша өтеді (И. Вачков):
проблемалық жағдай тудыру;
проблемалық жағдайды бастан кешу, мазмұнын ашу;
қортынды шығару, саралау;
ойынның қортындысын шығару, саралау, нәтижесін бағалау.
Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа жолдары :
Педагогикалық білім беру университеті: Педагогикалық ағарту жұмысының формасына педагогикалық білім беру университеттерін жатқызуға болады. Университеттің бағдарламасы ата-аналардың , оқушылардың контингентін ескеру арқылы жасалады. Ата-аналардың білім деңгейлерін жетілдіру, педагогикалық мәдениетін көтеру мақсатын көздейді.
Конференция – Ата-аналар конференциясының негізгі міндеті; отбасылық тәрбие туралы тәжірибе алмасу, білімдерін жетілдіру. Ата-аналар комитетінің мүшелері мұғаліммен бірге конференцияда сөз сөйлейтін баяндамалар дайындайды. Түрлері: ғылыми-практикалық, шығармашылық, тәжірибе алмасу т.б. Жылына 1 рет өткізіледі үлкен даярлықты талап етеді.
Сонымен бірге педагог-психолог және мұғалімдер ұйымдастыратын педагогикалық үйірмелерді ұйымдастыруға болады. Бұл үшін педагог-психолог мұғалімдермен, педагогикалық үйірмелерді өткізу графигін құрады. Педагогикалық үйірмеде келесі тақырыптарды қарастыруға болады: отбасында балалардың оқуын ұйымдастыру, олармен өлеңдерді жаттауға, музыка тыңдауға, проблемалық жағдайларды қалай шешуге болатынын талқылау т. б.
Практикум – бұл жұмыс формасы арқылы ата- аналардың педагогикалық іскерліктері жетіледі, түрлі педагогикалық жағдаяттарды саралап , дұрыс шешімін табуға үйренеді.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасымен психологтың әрекеттесуі қандай болуға тиіс ?
2.Психолог мектепе қандай функция атқарады?
3. «Педагогикалық мәдениет» қандай компоненттерден тұрады?
4. «Педагогикалық мәдениет» дегенді қалай түсінесіз, тәжірибеде іске асу жолдары қандай?
5. Қандай жұмыс түрлері ата-аналардың білім деңгейлерін тереңдетуде қолданылады?
6. Мектепте ата-аналар комитеті қандай көмек көрсетеді ?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Педагогикалық мәдениет мәселелерін зерттеген ғалымдар ....
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формаларына....,..., ..., ..., ..., жатады.
Ойын келесідей функциялар ..., ..., ..., ..., ..., ... атқарады.
Дискуссия – пікірталас ол.....
Психологиялық ойын дегеніміз....
Конференция түрлеріне...,..., ..., ..., жатады.
Зерттеу әдісі негізінде ...,..., ..., ... жиналады.
