- •1. Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде.
- •3. Жоғары мектеп педагогикасының ғылым ретіндегі құрылымдық сызбасы. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі
- •Жоғары мектеп педагогикасының пәні, ұғымдары және оның міндеттері
- •Қр білім беру саясаты. Жоғары білімнің қазіргі заманғы концепциялары.
- •Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
- •Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына талдау жасау. Жоғары бiлiм берудің негiзгi мәселелерi және оларды шешудің жолдары.
- •Қазақстандағы жоғарғы мектеп тарихы, қазiргi жағдайы және даму бағыттары.
- •Жоо педагогикалық үрдісі бойынша халықаралық құжаттар. Болондық процесс. (Болондық декларация материалдары және болондық үдеріске талдау жасау).
- •Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Кәсіби біліктілік ұғымы.
- •15.Жоғары оқу орындары оқытушыларының педагогикалық шеберлiгi.. Оқытушының педагогикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері. Оқытушылардың біліктілігін жетілдіру жолдары.
- •16.Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын оқытушысының қызметіне сипаттама.Талаптар. Жоғары мектеп
- •17.Эдвайзер, Тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тьютордың, эдвайзердің қызметіне талдау
- •18. Студенттердің танымдық қызығуларын қалыптастыру жолдары. Оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекеттестіктің мәні.
- •19. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектеп дидактикасының негiзгi проблемалары. Қазіргі кезеңдегі дидактикалық тұжырымдамалар.
- •20. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары және қозғаушы күштері. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру.
- •Ойындар
- •22. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары білім берудің мазмұны.
- •23. Жоғары мектепте кәсіптік білім берудің жаңа технологиялары. Жоғары мектеп дидактикасындағы модульді оқыту ерекшеліктері
- •Жаңа технологиялардың жіктемесі және оларға сипаттама беру.
- •Педагогикалық технология түсініктері: мәні және қолдану ерекшеліктері.
- •Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
- •Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың инновациялық формалары, оларға сипаттама, инновациялық процестер.
- •27. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру (мөж, моөж, сөж, соөж).
- •28. Білім беру үдерісінде студентердің ғылыми зерттеу жұмыстары. Баяндама, ғылыми мақала, курстық жұмыс, магистрлік диссертация және т.Б. Зерттеулердің ғылыми аппаратын құрастыру.
- •29. Мөж (сөж) түрлері және оның әдістері мен ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері.
- •30.Жоғары мектеп - мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты.
- •Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні және негізгі бағыттары. Факультеттің және кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына талдау.
- •32.Білім берудегі менеджмент. Білім менеджменті жүйесі: мәні, мазмұны және құрылымы. Білім беру ұйымдарын басқару үлгілеріне талдау жасау, модел құрастыру
- •33) Семинар, семинар сабақтарының типтерi, мәнi және оған сипаттама, талдау жасау әдiстемесi.
- •35) Жоғары оқу орындарындағы лабораториялық (практикалық) сабақтар, оған дайындалу және өткiзу және талдау әдiстемесi.
- •3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
- •4. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары
- •Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты: мақсаты, құрылымы және мазмұны. Қр нормативтік құжаттарына талдау жасау
- •Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
- •52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
- •Оқытудың кредиттік жүйесі және оны басқару мәселелері
- •54. Жоғары мектептегі қарым- қатынас жүйесіне сипаттама.
- •55. Мемлекеттік қорытынды аттестациялауға даярлық және оны өткізу
- •Тестілеу жүйесіне (тms-ке) қойылатын жалпы талаптар
- •4. Тестілеу жүйесін (тms-ті) пайдаланушылар
- •5. «Тестілеу» модуліне қойылатын талаптар
- •6. «Тестті құрылымдаушы» модуліне қойылатын талаптар
- •7. «Тестілеу қорытындысы» модуліне қойылатын талаптар
- •Білім беру ұйымдарында өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Өзін-өзі аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу
- •4. Мамандықтарды өзін-өзі аттестациялаудан өткізу
- •5. Өзін-өзі аттестациялау жөнінде комиссияның жұмыс қорытындысын шығару
- •Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау нұсқаулығы
- •Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралыНұсқаулық
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
- •3. Аттестаттаудың қорытындыларын шығару
- •56. Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйенің түрлері.
- •57. Жоғары мектептегі тәрбие әдістері. Жоғары оқу орындарында студентті әлеуметтендіру мәселелері.
- •Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.
- •Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі, қашықтан оқыту және дамыта отырып оқыту мәселелері.
- •60. Жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдары: ерекшеліктері мен олардың сипаттамасы.
- •61. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың формалары.
- •64. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Қазақстандағы жоғары білім беру болашағы
- •65. Қр білім беру саласындағы заңнама. Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің алатын орны
Жоғары маман даярлауға қойылатын талаптар. Жоғары мектепте мамандарды кәсiптiк тұрғыда даярлау сапасының критерийлерi. Аккредитация туралы түсінік.
АККРЕДИТАЦИЯ – ЖОО-ның толық немесе жеке білім бағдарламалары сапасының алдын-ала жасалынған белгілерге және стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органының өткізетін бағалау үдерісі.
АККРЕДИТТЕУ ТҮРЛЕРІ
Аккредитация құрылымы бойынша бөлінеді:
Институционалдық аккредиттеу – ол ұйымды тұтас аккредиттеуден өткізу (мәселен, университетті, академияларды, институттарды). Мамандандырылған аккредиттеу деп кәсіптік білім беру бағдарламаларын (мамандықтардың) аккредиттеуді айтады.
Аккредитация аймақтық белгілері бойынша ұлттық және халықаралық аккредиттеу болып бөлінеді:
Ұлттық аккредиттеу - мемлекет шеңберіндегі білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу. Халықаралық аккредиттеуде білім беру ұйымдарын немесе бағдарламаларды аккредиттеу шетелдік агенттікте жүргізіледі.
АККРЕДИТТЕУ ҮШІН НЕ КЕРЕК?
Қазақстанда аккредиттеудің қажеттілігі төмендегідей себептермен көрсетіледі:
Тек аккредиттеуден өткен ЖОО мен колледждердің түлектері үшін жоғары және орта кәсіби мекемелердің дипломдарды өзара мойындау сәйкестігінде Еуразиялық экономикалық бірлестігі мен тәуелсіз мемлекеттер одағының келісімдерін орындау үшін жүргізіледі;
ЖОО халықаралық талаптар бойынша аккредиттеуден өзінің елінде өтуі тиіс. Басқа жайдайда мемлекеттік үлгідегі дипломдарды шетелде құптамайтындықтан, біздің ЖОО-ң студенттері өздерінің оқуларын басқа елде жалғастыра алмайды, сол себепті Қазақстан азаматтарының шетелдік және халықаралық еңбек нарығындағы білім құқығын қорғау үшін;
Болон үдерісіне кіру үшін міндетті шарттарда Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерін біріктіруде ЖОО-да аккредиттеу тәртібінің болуы үшін;
Ел сапаның қамтамасыз етуі бойынша салыстырылатын белгілер мен тәртіптерді әзірлеу және ақпараттар алмасу мақсатында білім сапасы бойынша халықаралық желілермен ынтамақтастық үшін халықаралық желілерге қатысады: жоғарғы білімде агенттіктердің халықаралық (International Networkfor Quality Assurance Agenciesin Higher Education - INQAAHE), агенттіктердің Европалық (European Networkfor Quality Assurancein Higher Education - ENQA), Орталық және Шығыс Европаның жоғарғы білімінде агенттіктердің (TheNetwork of Centraland Eastern European Quality Assurance Agenciesin Higher Education - CEE Network), салыстырылатын белгілер мен әдістемеліктерді дайындау мақсатында Еуразиялық желілеріне (ЕСОКО) білім сапасын қамтамасыз ету үшін;
Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білім беретін қызметтерді алуда қанағаттанушылық мүдделерінде және білімнің отандық жүйелерінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім сапасын жоғарылату үшін.
52. Жоғары оқу орындарында оқытудың психологиялық ерекшеліктері
Оқу процесі – бұл білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс әрекет.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты);
кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);
оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);
неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны);
оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);
оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компюьтерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);
оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер),
оқыту нәтижелерін қалай бағалауға және бақылауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері).
Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, жоғары білім беру теориясы т.б. мәселелерді зерттейді.
Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белегілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу. Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады.
Оқытудың атқаратын қызметі:
Оқыту атқаратын қызметіне келер болсақ, ол білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қызметін атқарады.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту масатына бағытталған алдын- ала жоспарланған іә-әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжрибесінің бөлшегі.Ол-оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш- қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іә-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың прихологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту-таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта туседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан – жақты жетілуін түйістіреді.
Мектептегі оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп түсінеміз.
Оқытудың жалпы заңдылықтары:
оқыту мақсаты,
оқыту мазмұны,
оқыту сапасы;
оқыту әдістері;
оқытуды басқару;
оқытуды белсендендіру.
Оқытудың жеке заңдылықтары:
жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар мен оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);
гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық белсенділігіне байланысты);
психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау меңгеру деңгейіне байланысты);
әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтердің қарым-қатынасына байланысты);
ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты);
