Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аида диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
670 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Елбасымыз Н.Назарбаев Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде айтып өткендей, «Елдің болашағын ойлай отырып, әуелі экономиканы өркендетуге барынша күш салған осы 15 жылдағы еңбегіміз өз жемісін беріп отыр. Алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің мәртебесін жетілдіру, оның абыройын дүние жүзі алдында асқақтату, Қазақстанның беделін сақтау бізге оңай соққан жоқ. Бүгінге дейін қаншама заңдар қабылданды. Осы қолданыстағы Конституциямыздың арасында толайым табыстарға қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да егер Конституцияға өзгерістер енгізсек, ол түбегейлі өзгеріске ұшырамауы керек. Өйткені өткен сайлауда еліміздің түгелдей дерлігі бүгінгі жүргізіліп отырған саясатты жақтады. Өзгерістер енгізуде әруақытта халықпен ақылдасып отырғанымыз абзал». Ал халық билігі, яғни демократияны одан әрі дамытудың бірден-бір көзі жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру екендігін айтып өту керек. Жергілікті өзін-өзі басқару – нақты демократия, іс үстіндегі демократия деп кездейсоқ айтылмаса керек.- Назарбаев айтты деудің қажеті жок- ссылка болса болды, газет емес ғылыми мақала сиякты ету керек

Соңғы жылдары мемелекеттік құрылымының либерализациасы мен демократизациасы шараларының нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару институтын қайта жандандыру қажеттілігі туралы пікірлер орын алды. Қоғамдастықтың өзіндік ұйымдастырылуынсыз жоғарғы стандарттар, азаматтық қоғамдастықты қалыптастыру және Қазақстанның бүтіндігін нығайтуды қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бүгінгі күндегі Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму этапы күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерден хабардар етеді. өтпелі кезеңнің екіжақтылығы мен анықсыздығын, республикадағы көптеген процестердің анықсыздығын білдіреді.

Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу мен оның тиімділігін арттыруды ғылыми тұрғыдан зерттеу нәтижелері мынадай ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

1. Елімізде жүргізілген конституциялық реформаларға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару функцияларын ауылдық, округтік деңгейде жүзеге асырылатын қызмет түрі. Бүгінгі күні аталмыш жүйелерде жүргізіліп жатқан рефоормалардың мақсаты қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы халықтың әлеуметтік мәселелерін уақтылы шешу, сұраныстарын қанағаттандыру, олардың басқару билігіне сенімін арттыру болып табылады. Бұл қойылған мақсат нақты бөлінген өкілеттіктер мен олардың атқарылуы нәтижесінде ғана жүзеге асатыны сөзсіз.

2. Мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігін арттыру жөнінде жүргізілген зерттеу нәтижесі республикамызда мынадай мәселелердің орын алғандығын көрсетті:

  • мемлекеттік басқару жүйесі функцияларын оның деңгейлері арасында бөлу аяқталмаған;

  • орталық басқару мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы қызметтер мен өкілеттіктердің қосарланып атқарылуы жиі кездеседі;

  • жергілікті мемлекеттік басқару органдары көрсететін қызметтер мен олардың атқаратын өкілеттіктері заңда жалпылама берілген;

  • ауылдық, кент және қалалық (аудандық маңыздағы) басқару деңгейлерін қаржымен қамтамасыз ету механизмі жетілмеген;

  • бюджетаралық қатынастар бұрынғысынша ресми сипаттағы трансферттердің бөлінуі негізінде қалып отыр.

3. Жергілікті басқаруды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін зерделей келе, Қазақстанға өзін-өзі басқару жүйесінің француздық үлгісі жақын келетінін байқадық. Дегенмен, Қазақстан қоғамының қазіргі даму жағдайын ескере отырып, әкімшілік реформалардың «қазақстандық жолын» таңдай білу жөн.

4. Республикамыздың басқару деңгей органдары мемлекеттік мүддені негізге ала отырып, құзіреттерді бөлуді, жеке және бірлескен өкілеттіктер тізімін бекітуді келісім немесе шартты негізде заңмен анықтау қажет. Олай болса, оның «ҚР жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» туралы заңына аталған жүйелер бойынша толықтырулар енгізу қажет екендігін ескерген дұрыс.

5. Жергілікті өзін-өзі басқарудың келесі үлгісін ұсынамыз: Аудан деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды аталған маслихаттар жүзеге асырады, бұл заңға сәйкес. Мәслихат өздігінен немесе әкімнің ұсынысымен депутаттар арасынан жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы – Жетекшіні сайлайды, ал жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органына басшысы – Төрағаны маслихаттың ұсынуымен облыс әкімі бекітеді.