- •Ұйымдастыру негіздері»
- •Әскерді медециналық қамтамыз етудің жалпы жүйесіндегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың орны мен маңызы.
- •Ұрыс жағдайларындағы әскердегі өткізілетін санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны мен түсінікті айқындау
- •Әскерилердің денсаулық жағдайын медициналық қадағалау, денені және медициналық тексеру, күнделікті медициналық бақылау және аурушаңдықты зерттеу жолдарымен іске асыруға болады.
- •Санитарлық-гигиеналық жағдайды бағалау
- •Эпидемияға қарсы шаралар
- •Қатарға қосылатындармен жұқпалы аурулардың енуін алдын алу шаралары :
- •Жеке құрамның тұрғылықты халықтан залалдануының алдын алуға былай жетуге болады;
- •Эпидемияға қарсы тәртіп
- •4.Бөлімнің және оның қимылдайтын ауданының санитарлық-эпидемиологиялық ахуалының сипаттамасы. Бөлімде обсервацияны және карантинді ұйымдастыру
- •Аман – есенді деп есептеледі :
- •Әскердегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізу үшін қарастырылатын күштер мен құралдар
- •С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰму әскери кафедрасының аға оқытушысы м/қ подполковнигі Лесбаев ә.Т.
Ұрыс жағдайларындағы әскердегі өткізілетін санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны мен түсінікті айқындау
Санитарлық гигиеналық шаралар өткізу мақсаты- бекітілген қағидаларды және орналастыру, тамақтандыру,сумен қамтамасыз ету, моншада жуыну қызметін ұйымдастырудағы ережелерді қатаң сақтап өткізумен жеке құрамның денсаулығын нығайту және соғысу қабілетін сақтау,әскерилердің еңбегінің қауіпсіз шараларын қамтамасыз ету және ұрыста қайтыс болғандарды (өлгендерді) жерлеу және де жеке және қоғамдық тазалықтың ережелерін сақтау.
Осы шараларды өткізу барлық командирлер мен бастықтардың міндеті болып табылады.
Медицина қызметіне жүктелетіні:
Әскерилердің денсаулық жағдайын медициналық қадағалау
Жеке құрамның еңбек жағдайларын, орналастыруды, тамақтандыруды, сумен қамтамасыз етуді, моншада жуыну қызметін, қайтыс болған әскерилерді (өлгендерді) жерлеуді санитарлық қадағалау.
Бөлімнің (құраманың ), оның орналасқан жерін және қимылдайтын ауданын бағалау, әскерилердің денсаулық жағдайына сыртқы ортаның қолайсыз шарттары әсерін болжау және жеке құрамның денсаулығын сақтау және нығайту бойынша ұсыныстарды дайындау.
Жеке құрамды гигиеналық тәрбиелеу.
Әскерилердің денсаулық жағдайын медициналық қадағалау, денені және медициналық тексеру, күнделікті медициналық бақылау және аурушаңдықты зерттеу жолдарымен іске асыруға болады.
Денені тексеру жеке құрамның жуынған кезде феьлдшермен (санитарлық нұсқаушымен) өткізіледі, оның мақсаты тері және паразиттік ауруларды дер кезінде табу, жеке тазалық ережелерінің орындалуын қадағалау.
Медициналық қарау және күнделікті бақылау бөлім дәрігерлерімен өткізіледі және оның мақсаты лездік және созылмалы ауруларды, тамақтануы төмен, физикалық дамуы нашар адамдарды ертерек айқындау.
Иондық және ионсыз сәуленің қатты әсер ететін улы заттардың және басқа зиянды шарттардың әсеріне душар болғандар, созылмалы арулармен ауырғанда, дене бітімінде ақауы барларды бөлімнің медициналық бақылауында болулары керек, оларға тиісті емдеу, алдын алу шаралары жүргізіледі.
Денсаулық жағдайының медициналық қадағалау берілгендерді бөлімнің санитарлық-гигиеналық жағдайын бағалау кезінде және жеке құрамның денсаулығын сақтау және нығайтудың күшті шараларын жасау кезінде қолданылады.
Санитарлық қадағалау медицина қызметінің функциясы: тұрмыс, табиғи ортаның әскерилердің денсаулығына әсер етуін зерттеу және де гомеостазисті мониторингілеу, гигиеналық диагностика және қалыптастырудан тұрады.
Ескерту: қамтамасыз ету және тіршілік ету қалыптарын жасау және бекіту кезеңдерінде, әскери мекендерді жобалау, құрылысын жүргізу және ағымдағы (күнделікті тіршілікте) санитарлық қадағалау деп бөледі.
Әскери медициналық қызметтің лауазымды адамдары негізінде ағымдағы санитарлық қадағалауды мына бағыттарда іске асырады.
Әскери еңбектің жағдайларын санитарлық қадағалау:
Ұрыс техникасы мен қару жарақты қолданудағы гигиеналық қалып пен талаптардың орындалуын қадағалау;
Жеке құрамның ауа райына сәйкес киім-кешекпен және жабдықтармен, қорғану құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуін қадағалау, оларды дұрыс қолдануды қадағалау;
Ракетаның жанармай компоненттерімен, агрессивті және улы сұйықтықтармен, ионды және ионсыз сәуленің көздері және де басқа зиянды шарттармен жұмыс істеген кездегі кәсіптік ауруларды және лездік зақымданулардан сақтандыру шараларын өткізуді қадағалау.
Еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек кестесін тиімді ету және дәрі дәрмектерді қолдану жолдарымен әскерилердің ұрыс тіршіліктерін ұтымды ету және жоғары еңбек қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау;
Орналастыруды санитарлық қадағалау;
Бөлімнің санитарлық-гигиеналық жағдайына кері әсер ететін шарттарды дер кезінде ашу үшін бөлімнің қимылы мен орналасқан ауданын бақылау
Құрылыс кезінде және инженерлік құрылыс орындарын, жылыту орындарын, дала қоныстары мен баспаналарда орналасуда гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау
Жерді уақытылы тазалау, қалдық пен қоқысты шығару және залалсыздандыруды қадағалау
Жеке құрамның соғысу қабілеттілігіне және денсаулығына сыртқы ортаның қолайсыз шарттардың әсерін азайту немесе сақтандыруға бағытталған ұсыныстарды жасау және олардың орындалуын қадағалау
Тамақтандыруды санитарлық қадағалау;
Тамақтың толыққандығын, мөлшері мен сапасын қадағалау, жеке құрамның тамақтануының нақты ахуалын бағалау;
Азық-түлік пен тағамдардың сапалылығын, дайындалған астың дайындалу технологиясы мен сапасын қадағалау
Азық-түлік қызметі жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылау және олардың жеке тазалық ережелерін орындауды қадағалау.
Тамақтан уланудың алдын алу шараларын ұйымдастыру
Әскерилердің тамақтануын жақсарту бойынша ақыл кеңестерді беру
Сумен қамтамасыз етуді снитарлық қадағалау
Су көздерін барлауға қатысу
Сумен қамтамасыз ету орындарының, су алатын орындардың, суды тасыйтын және сақтайтын құралдардың санитарлық жағдайын қадағалау
Судың сапасын зертханалық қадағалауды жүйелі ұйымдастыру, жеке құрамды суды залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету және оларды қолдану ережелерін оқыту.
Суды іздеп табатын, сақтайтын және үлестіретін жеке құрамның денсаулығының жағдайын медициналық бақылауды күнделікті өткізу және ұйымдастыру
Монша-жуу қызметіне санитарлық қадағалау:
Жеке құрамның жуынуын және оның ұйымдастырылуын қадағалау
Көрпе төсекті және іш киімдерді, сырт киімді залалсыздандыру, жуу сапасын қадағалау
Дала моншалары және жуыну және жуу орындарында қызмет ететін жеке құрамның денсаулық жағдайын медициналық бақылау
Ұрыста опат болған ( өлген) әскерилерді жерлеуді санитарлық қадағалау:
Достық зираттарға орын іздеген кезде санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау;
Ұрыста опат болғандар мен өлгендерді жерлеу рәсімдерінің сақталуын қадағалау;
Санитарлық тұрғыдан қарағандағы қауіпті заттарды жою;
Жерлеу және ұрыс даласын тазалауға бөлінген бөлімшелерді (жасақтарды) дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету;
Ұрыс даласын тазалау жұмыстарымен және жерлеумен айналысқан жеке құрамның жуынуын ұйымдастыруды қадағалау;
Гигиеналық тәрбиелеу әскерилерде жеке және қоғамдық тазалық ережелерін орындауға дұрыс көзқарасты қалыптастыру мақсатымен өткізіледі, ол дәрістерді, әңгіме өткізуді қарастырады
Әскерде өткізілетін санитарлық гигиеналық шаралар мазмұны мен көлемі жағдайдың шарттарымен және де бөлімнің санитарлық-гигиеналық жағдайы және оның қимылдайтын ауданы немесе орналасуымен айқындалады
