- •Сырқатнама
- •Шағымдары:
- •Anamnesis morbi (сырқаттың даму тарихы):
- •Anamnesis vitae (науқастың өмір тарихы):
- •Status praesens objectivus (науқастың қазіргі жағдайы):
- •Тыныс алу жүйесі.
- •Жүрек - қантамыр жүйесі.
- •Нерв және психикалық жағдайы.
- •Зертханалық мәліметтер.
- •Ас қорыту жүйесі.
- •Несеп бөлу жүйесі.
Тыныс алу жүйесі.
Кеуде қуысы ауырмайды. Жөтел, қақырық бөлінуін жоққа шығарады. Мұрыннан, өкпеден қан кету жоқ.
Тынысы мұрын арқылы, еркін. Дауысы жәй.
Мұрынның пішіні: өзгермеген, тыныс алу еркін.
Кеуде пішіні: цилиндр тәрізді, дұрыс, екі жартысы бірдей, эпигастральды бұрыш 900 жоғары, кеуденің екі жағыда тыныс алуға қатысады. Бұғана мен жауырынның орналасуы бір деңгейде. Жауырын кеуде қуысына тығыз жанасады, қабырғалар бағыты горизонтальды қалыпқа жақын. Бұғана үсті және бұғана асты шұңқырлар айқын көрінбейді. Қабырға аралықтар сәл кеңейген.
Шеңбері: тыныштықта 105 см; кеуде экскурсиясы 2 см. Тыныс алумен шығару қатынасы бірдей.
Көмекші бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы: қатыспайды.
Тыныс алу түрі: аралас, тынысы ырғақты, беткейлі.
Тыныс алу жиілігі- минутына 18 рет.
Кеудені сипап тексергенде: ауру сезімі анықталмайды, серпімділігі сақталған.
Дауыс дірілі- симметриялық аймақтарда бірдей, күшеймеген.
Перкуссиясы: салыстырмалы: өкпенің алдыңғы, бүйірлік, артқы бөліктерінің симметриялық аймақтарында перкуторлық дыбыс бірдей өкпелік.
Дауыстылығы- өкпенің барлық бліктерінде сақталған.
Топографиялық: Өкпе ұштарының биіктігі.
|
Сол жақта |
Оң жақта |
алдынан |
Бұғана үстінен 4 см |
|
артынан |
7-ші мойын омыртқасының өсіндісі деңгейінде |
|
Кренинг алаңының ені сол және оң жақта 4 см.
Оң өкпенің төменгі шекаралары.
Төс маңы сызық бойымен |
6-шы қабырғаның жоғарғы қыры |
Бұғана ортаңғы сызығы бойымен |
6-шы қабырғаның төменгі қыры |
Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен |
6-шы қабырғааралық |
Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен |
7-ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы бойымен |
8 қабырға |
Жауырын сызығы бойымен |
9 қабырға |
Жота маңы сызығы бойымен |
10 кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі |
Сол өкпенің төменгі шекаралары.
Алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен |
6-шы қабырға аралық |
Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен |
7-ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы бойымен |
8 қабырға |
Жауырын сызығы бойымен |
9 қабырға |
жота маңы сызығы бойымен |
10 кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі |
Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен.
Оң өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығы |
|
Тыныс алғанда |
3 см |
Тыныс шығарғанда |
3 см |
Сол өкпенің төменгі жиегінің жылжымалығы |
|
Тыныс алғанда |
3 см |
Тыныс шығарғанда |
3 см |
Аускультациясында: өкпенің барлық аймақтарында (алдыңғы, артқы, бүйір) везикулярлы тыныс. Қосымша тыныс шуылы жоқ. Бронхофония өзгеріссіз.
Жүрек - қантамыр жүйесі.
Жүрек тұсында ауру сезімі жоқ. Ентігу, жүректің жиі соғуы юолмаған. Ісінулер жоқ.
Жүрек аймағын қарау және пальпация жасап тексеру. Жүрек аймағында дөңестік жоқ. Жүрек ұшының түрткісі пальпация жасағанда анықталмайды. Оң қарыншаның соққысы анықталмайды. Жүрек аймағында діріл байқалмайды.
Жүрек перкуссиясы: жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары: сол – сол бұғана ортаңғы сызығы бойымен 5-қабырға аралықта, оң – 4 қабырға аралықта төстің оң қырынан 1,5 см сыртқа, жоғарғы – 3 қабырға деңгейінде (төс сызығы мен төс маңы сызығының ортасында).
Абсолюттік тұйықтығының шекаралары: оң – төстің сол қыры, сол – салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасынан 2,5 см ішке қарай, жоғарғы – 4 қабырға деңгейінде орналасқан. Қан тамырлар шоғырының ені 2-ші қабырға аралықта төс сүйегі қырында, ені – 6 см. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының көлденең мөлшері – 14 см. Жүрек пішіні қалыпты.
Жүрек аускультациясы: тондардың жалпы сипаттамасы-анық, ырғақты, І тон жүрек ұшында, ұйқы артерияларының соғуына сәйкес, ұзақ үзілістен кейін естіледі, ІІ тонға қарағанда дауысты, ұзақтау, төмендеу. ІІ тон өкпе бағанасында І тоннан дауысты, кіші үзілістен кейін естіледі. Жүрек ұшында – қысқа, нәзік, тұрақсыз систоликалық шуыл. Тондардың ажырауы және митральды қақпақшаның қосымша ашылу дыбысы естілмейді. Шоқырақ ырғағы жоқ. ҚҚ 140/90 мм с.б.б.
Шыбық артериялары пульсі: екі қолда бірдей, ырғақты, жиілігі 1 минутта – 68 рет. Пульс жетіспеушілігі анықталмайды. Кернеулігі қалыпты, толықтығы – қанағаттанарлық, пішіні қалыпты, қан-тамыр қабырғасы – серпімді.
