Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_praktika_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688 Кб
Скачать
☆

3.Мекеменің бағдарламалық жабдықталуы

Зауыттың компьютерлерінде Windows 2000, Windows 7 операциялық жүйелері орнатылған. Microsoft Office 2003 және 2007 мәтіндік редакторы бар. Оның ішінде Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Power Point, Microsoft Office Access, Microsoft Office Publisher қосымша бағдарламалары бар. Ал браузеріне келетін болсақ , Mozilla Firefox пен Internet Explorer орнатылған. Компьютердің қауіпсіздігіне антивирус деп аталатын бағдарлама жауап береді.Оған келсек, Avast free antivirus,Eset Nod 32, Kaspersky internet security 2014 орнатылған. Бағдарламалау тілдеріне тоқталсақ, Turbo Pascal, Delphi, Visual Basic қосылған.  Суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылатын Adobe Photoshop бағдарламасы ал ,векторлық графикалық редактордан CorelDRAW деп аталатын қолданылады.

Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады.

Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Microsoft PowerPoint- презентациялар мен слайдтар жасауға арналған бағдарлама.

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.

Mozilla Firefox ([moʊˈzɪlə ˈfaɪɹfɑks] / [moʊˈzɪlə ˈfaɪəfɒks]) — еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады.[9] Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған.

Firefox браузері барлық мүмкіндіктерді стандартты версияда қолданудың орнына, өз пайдаланушыларына өзіне қажетті мүмкіндіктерді кенейтулер арқылы кірістіре алады.

VBScript (Visual Basic Scripting) - бағдарламаның скриптік тілі VBScript Windowsтың ескірген command.com-ның орнына жасалған бағдарлама тілі.

Delphi бағдарламалау тілі — Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Дельфы қаласының аты өнер қамқоршысы және даналық құдайы Апалон атымен байланысты болған. Аңыз бойынша Апалонның үйі Дельфыда орналасқан екен. Оның абыздары, келгендерге күн ілгері не болатыны жайлы болжаулар айтумен айналысыпты. Қазіргі кезде қаланың орны ғана қалған. Осы ежелгі есркетркішке қарағанда Delphi- жүйесі бугінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады

CorelDRAW Graphics Suite (ағыл: «CorelDRAW бағдарлама топтастығы») — CorelDRAWдың 12 пакетінен бастап — бағдарламаның ресми маркетингтік аты Corel (Оттауа, Онтарио, Канада) компаниясының графикалық редакторы. «Suite» н-се «Graphics Suite» деген сөздер қорапшада 9 нұсқадан бері аолданылғанына қарамастан, бұл нұсқаға дейін пакет жай ғана «CorelDRAW» деп аталатын. Пакеттің құрамы оның атының өзгеруіне еш қатысы жоқ.

CorelDRAW Graphics Suite растрлік графиканың редакторы - Corel PHOTO-PAINT сияқты бағдарламалар кіреді, мысалға, экраннан сурет түсіруге арналған Corel CAPTURE. Corel TRACE растрлік графикасын векторлауы 12-ші нұсқаға дейін пакет кұрамына бөлек бағдарлама ретінде кірген. Түрлі-түсті модельдер Сorelде түрлі-түсті модельдер пайдаланады:

RGB – (қызыл + жасыл + көк) – бейнелеулерді экранға шығару үшін

CMYK – (көгілдір + қызыл + сары + қара) – баспа өнімін жасау үшін

HSB – (рең + қою бояу + жарық) – жеке көркем шығармаларды жасау үшін

Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.

Мәтінді распозновать еткенге  ABBYY FineReader деп аталатын бағдарлама қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]