- •Жаратылыстану-техникалық факультеті География және экология кафедрасы
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Кәсіптік оқыту кафедрасы
- •Глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік ұсыныстар
- •Дәрістік сабақтардың қыскаша конспектісі.
- •Бақылау - өлшем құралы.
Дәрістік сабақтардың қыскаша конспектісі.
1-дәрістің тақырыбы: “Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау” курсының мәні мен шарты.
Дәрістің жоспары:
1. «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» курсының шарттары.
2."Еңбекті қорғау" пәнін оқу үрдісінде студентің менгеретін неғізгі мәліметтері.
Еңбекті қорғау-еңбек үрдісіндегі адамның жұмыс қабілеттілігін және адам денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін заң шығарушылық және құқықтық актілер және оған сәйкес әлеуметтік құқықтық,техникалық, санитарлы-гигеналық,ұйымдық,өртке қарсы,электр қауіпсіздігі мен емдеу профилактикалық құралдарының жиыны.
Осыған орай “Еңбекті қорғау курсы” бөлімшелерден тұрады:"Еңбекті қорғаудың" құқықтық және ұйымдық сабақтары;Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;Қауіпсіздік техникасы негіздері ;Өрт жарылысы қауіпсіздігі;Электр қауіпсіздігі.Еңбекті қорғау" пәні өндірістік қауіптілерді және кәсіби зияндылықтарды зерттеп табатын,олардың алдын-алу немесе бақытсыз жағдайларды,кәсіби ауруларды, аварияларды және өрттерді жою мақсатындаәдістер жасайды.
Еңбекті қорғау алғаш рет әлеуметтік-құқықтық ,техникалық және медицина ғылымдары негізінде, ғылыми пән ретінде пайда болды.Оның зерттейтін басты объектілері,адам және еңбек үрдісі,өндірістік орта, өндірістік қондырғылармен адамның байланысы,еңбек пен өндірісті ұйымдастыру,технологиялық үрдістер болады.
Түгелдей қауіпсіз және қауіпті өндірістер болмайды.Еңбекті қорғаудың шарты-максималды еңбек өнімділігінде,бір уақытта жайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып,жұмысшының ауруы мен бақытсыз жағдайлардың мүмкіндігінің ең төменгі шамасына келтіру.
"Еңбекті қорғау" пәнін оқу үрдісінде студент келесі негізгі мәліметтерді меңгіруі керек:
- "Еңбекті қорғау" саласындағы жобалы және басқару шарттары, өндірістік шешімдері үшін қажетті құқықтық-нормативтік актілерді білу;
- технологиялық және қосымша қондырғылардың,тораптар ман коммуникациялардың қауіптіліктерін білу,сонымен бірге нормативті режимдердің мүмкін салдары мен олардың функционирлеуді білу;
- технологиялық үрдістердің,шикі заттың,аралық және соңғы өнімдердің
зияндылығын,олардың адамға әсерін білу;
- зияндылық пен қауіптілікті табу әдісін білу және қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайын құру;
- еңбек қауіпсіздігімен басқару принципін білу;
- техникалық қауіпсіздікпен басқару принципін білу.
Қауіпті өндірістік факторлар –жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін,белгілі жағдайлардағы, жұмысшыға әсер ететін факторлар.
Зиянды өндірістік факторлар-ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін,белгілі жағдайдағы жұмысшыға әсер ететін фактор.
Өндірістік санитария – жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі. Өндірістегі сәтсіз оқиғалар – жұмысты орындау кезінде немесе басшының тапсырмасын орындауы кезінде ,қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер ету жағдайы.
2-дәрістің тақырыбы: Өндірістегі еңбекті қорғаудың қызметін ұйымдастыру.
Дәрістің жоспары:
1. Еңбекті қорғаудың қызметін ұйымдастыру.
2."Еңбекті қорғау" аймағындағы құқықтары мен заң сақтауды бақылау.
Өндірістегі еңбекті қорғаудың қызметін ұйымдастыру ҚР "Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы " заңымен регламенттеледі.Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік облысындағы,бақылау,болжау, мемлекеттік басқару, ҚР Басқару орындарымен,басқарушы органдарымен, және оның территориясындағы бөлімшелерімен,сонымен бірге бұрынғы басқару органдарымен жүзеге асырылады.Осы заңда "Еңбекті қорғау" аймағындағы құқықтары ұсынылған. 50 адамнан көп жұмысшысы бар,барлық ұйымдарда,жұмыс беруші еңбек пен қауіпсіздік қызметін құруға міндетті және ол өзінің статусы бойынша, негізгі өндірістік қызметтермен теңестіріледі. 50 адамға дейінгі жұмысшы бар ұйымдарда,"Еңбекті қорғау" бойынша міндеттері,жұмыс берушінің бұйрығы бойынша мамандыққа біріктіріліп басқарылады.
Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша заң шығарушылықты сақтауды ьақылау мен қадағалау түрлері келесідей бөлінеді:
- мемлекеттік;ведомсталық;ұйымдық.
Мемлекеттік бақылау,арнайы мемлекеттік органдардың басқаруымен жүзеге сырылады (ҚР ТЖ Министрлігі, ҚР әлеуметтік қорғанысы мен еңбек Министрлігі;Мемлекеттік энергяны бақылау;Мемтаутех бақылау,Мем жол бақылау). Министрліктер мен ведомствалар, мекемедегі алынған еңбек туралы заң шығарушылықты ведомствалық бақылаумен жүзеге асырылады.
Еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің жағдайын ұйымдық бақылауды ("Еңбек қорғау" бойынша мекеменің бас инженері) жұмысшылар ұйымдарының басқарушылары және оларға сәйкес органдар түріндегі профсоюздар жүзеге асырады.
Қауіпсіз еңбек шартын құруға бағытталған,шараларды орындамаған және техника қауіпсіздігі ережелерін бұзған кезде ,ол сәтсіз оқиғаларға ұшырауы мүмкін,сол себептен қауіпсіздік дәрежесіне байланысты заңды бұзуына байланысты заңмен қудаланады.
3-дәрістің такырыбы:Еңбек қаупсіздігін камтамасыздандыратын шаралар.
Дәрістің жоспары:
1. Нүскаулардың түрлері.
2.Еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзуына байланысты лауазымды адамдардың жауапкершіліктері.
Жұмысты каупсіз жүргізу үшін откізілетін нүскаулардың түрлері, олардың сипаттамасына және өткізу үақытына байланысты томендегідей болінеді:
1)кіріспе нүскау;(вводный инструктаж)
2)жұмыс орнындағы алғашқы нүскау;
3)қайталама нүскау;(повторный)
4)жоспардан тыс нүскау;
5)мақсатты нүскау;
Кіріспе нұскау жұмысты қаупсіз жүргізу үшін-барлық жүмысшылармен өткізіледі, олардын біліміне,стажына,лауазымына,кәсібіне байланыссыз;үақытша жұмысқа алынған,оку орындарында, зертханаларда,шеберханаларда,полигонда әсіресе лабораториалық және практикалық жұмыстарды өткізу алдында.
Өндірісте нүскауды «Еңбек қорғау» инженеры,немесе бұйрык бойынша жауапты адам,мектептерде сол зертханада,шеберханадағы жауапты маман өткізеді және арнайы журналға тіркейді-қол қойғызу арқылы. Сабақтан тыс отетін шараларды өткізу кезінде-нүскауды үйірме жетекшілері,секцияга жауапты мамандар откізеді.
Қайталама,және жоспардан тыс нүскамаларды-технологиалық процестердің өзгерісінде, құрылым ауысқанда,жеке немесе топ болып жүмысшылар өтеді.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұскау жұмыс орнындағы, өндірістеғі,цехтағы өндіріс қүралы мен технологиалык процесс туралы жалпы мағлуматтар,процесс кезінде туатын неғізғі қауіпті және зиянды факторлар карастырылады.
Еңбекті қорғау бойынша заңды бұзуына байланысты, жауапкершіліктің келесі түрлері қарастырылады:
1.Дисциплинарлы
2.Административті
3.Материалды
4.Қылмыстық.
Дисциплинарлы жауапкершілікте, ұсыныс айту туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды.Еңбекті қорғау бойынша заңды бұзғанда дисциплинарлы ұсыныстары,ол ескерту сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан шығару.Жауапты объектілер, бағыныштылар мен жалдамалы жұмыскерлер.
Дисциплинарлы жауапкершіліктен административтінің артықшылығы, ҚР административтік заң шығарушылық кодексімен сәйкес, мұнда басшылар жауапты адамдар және басқа да жауапты жұмысшылар түгелдей қатысты.Ұсыныс айту туралы шешімдер, ол әртүрлі айып төлеуді,Мемлекеттк бақылау органдарының басшылары мен инспекторлары тағайындайды.Материалды жауапкершілік еңбекті қорғау
ережелерін бұзу салдарынан мемлекетке және зардап шегушіге материалдық шығын келтірген жағдайда пайда болады.
4-дәрістің тақырыбы:"Еңбекті қорғаудың" нормативті-құқықтық және ұйымдық негіздері.
Дәрістің жоспары:
1.Заңды актілермен мен нормативтік құжаттар.
Құқықтық және ұйымдық сұрақтары ҚР конституциясы мен "Еңбекті қорғау" бойынша Қазақстан Республикасының заң шығарушылық актілері негізінде қалыптасады,ҚР заңдарының ішіндегі негізгілері:
- 28.02.04 жыл "Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік" туралы;
- 19.05.97 жылы өзгерген ҚР "Денсаулықты қорғау туралы" заңы, 13.01.04 жылы толықтырылған;
- 10.12.99 жылғы "ҚР еңбек қорғау туралы";
- 03.04.02 жылғы "Қауіпті өндірістік объектілердегі,өндірістік қауіпсіздік туралы ";
- 27.03.97 жылы өзгерген "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы",21.12.04 жылы толықтырылған,
- "ҚР Азаматтық кодексі";
- "Өрт қауіпсіздігі туралы".
Сонымен қатар "Еңбекті қорғаудың" құқықтық негіздерін,актілер сияқты әртүрлі юристік күші бар актілерден тұрады;
- ҚР Президентінің бұйрығы;ҚР басқармасының бұйрығы;Сот шешімдері және абстактілі сот шешімі, министрліктер мен ведомствалық бекітулер,өзінің компентенциясында шегіндегі орындаушы органдармен орындалған нормативті актілері.
Еңбекті қорғау бойынша осы актілер,негізгі нормативті-құқықтық актілерге жататындары:
- МЕСТ-тер
-"Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары"(ЕҚСЖС);
- мемлекеттік санитарлы – эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар (санитарлы ережелер,гигеналық нормативтер,санитарлы ережелер мен нормалар,СанЕмН,санитарлы нормалар);
- Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмИ),құрылыс және жобалау бойынша ережелер жиыны;
- Еңбекті қорғау бойынша сала аралық ережелер,"Еңбекті қорғау" бойынша сала арлық типтік нұсқаулама;
5-дәрістің тақырыбы :Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың жіктелуі.
Дәрістің жоспары:
1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларлардың сипаттамасы.
2. Өндіріс жағдайларында адам денсаулығына әсер етуші зиянды және қаупты факторлар.
Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты МемСТ 12.1.007-76 тағайындалып,төмендегідей кластарға бөлінеді:
1. Төтенше қауіпті (сынап,қорғасын).
2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор).
3. Қауіптілігі орташа (темекі,шай).
4. Қауіптілігі төмен (аммяк, ацетон).
Жұмыс орындарында ауаны қауіпті жағдайға келтіруге арналған шаралар арасындағы маңыздысы ҚШШ(қауіпсіз шоғырлану шегі) деп аталады. Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін. Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет.Жұмыс аймағында газдар мен булардың қоюлығын төмендететін шараларға мыналар жатады:механикаландыру, автоматтар қолдану, технологиялық процестерді герметизациялау(технологиялық жабдықтардың ауамен қатынасы болмауы),жергілікті жайларда ауаны сорып шығытын жабдықтар қолдану және жалпы желдеткішті тиімді пайдалану(өндіріс процестерінің рационализациялау).
Егер жұмыс аймағында ауа зиянды газдармен,булармен ластанса,оның мөлшері ҚШШ-сынан асып кетсе,қорғану амалдарын қолданған жөн.Мысалы,универсалды респираторларды,противогаздарды,арнайы киімдерді пайдалана білу керек.Ауа кеңістігіне баға беру әдістерінің кең тарағандары тек экспрестік және лабораториялық.Лабораториялық әдіс өте дәл,бірақ өте көп еңбек жұмсауды талап етеді.
Экспрестіік әдіс өте жылдамдықпен зиянды газдар мен булардың қоюлығын (концентрация) анықтайды.Ол үшін тексеруге арналған ауаны индикаторлық порошогы бар түтікшеден сорып өткізеді.Зиянды ауаның әсерінен түтікшедегі индикаторлық порошок өз түсін басқа бояуға өзгертеді.Түсі басқа бояуға өзгерген индикаторлық порошок, түтікшенің ұзындығы сол зиянды ауның қоюлығына және ауа сору уақытына тікелей қатынаста болып табылады.
Бұл зиянды газдардың қоюлығын экспрес әдіспен анықтау үшін УГ-2 деп аталатын газоанализатор қолданылады.
Адамның психофизиологиалық мұмкіндігін іске асыру.
Адамның жұмыс қабілеті жұмыс күнінде бірнеше рет өзгеріскеұшырайды,атап айтқанда –фазалық.
Фазалар
1.Жұмысқа үйрену (қалыптасу)
2.Жұм ыс қабілеттілігінің тұрақтылығы
3.Жұмыс қабілетінің төмендеуі
1.Бұл жұмыс басталғандағы фаза яғни ұзақтығы – 1,5 сағат
2.Еңбек өнімділігінің жоғарылауы ұзақтығы 2,25 сағат
3.Шаршағанда пайда болатын фаза.
Жұмыс қабілетінің өзгеруі жұмыс түріне тікелей байланысты.Жұмыс қабілетінің тұрақтылығын тек қана адам-машина-ортаны үйлестіру,жұмыс,
демалыс режимдерін сақтау.Оның ең бірден-бір жолы коллективтегі ішкі жағдайлардың дұрыс болуы.Аталған жағдайдың дұрыс болмауы стресс,жарақатқа және аварияға әкеліп соғуы мүмкін.
Жұмыс қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық фактор: ықылас (назар аудару),сезіну, еске сақтау, ойлау, жұмыс қабілеттілігі, қабылдау, шаршау (қажу).
Зиянды газдар көбінесе адамның демалыс органдары арқылы түсіп қана тарайды.Сондықтан да ауа бассейнінің барлық уақытта таза ұстауға арналған дер кезіндегі шаралар еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып табылады.
Таза да кебу ауа бірнеше газдардың қосындыларынан тұрады,мысалы: азот (70%), кислород (21%), көмірқышқыл газы және басқа активті (1%) және күкірт (1%) газдардың қосындылары.
Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және газдармен ластайды.Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен,күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды. Сонымен қатар кейбір зиянды булар мен
газдар қопарылыс беретін қоспа құруы да мүмкін.Мысалы,аммяк,бензин және басқалар.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері томендегідей салдарға әкеліп соқтырады:
- Қауіпті факторлар сәтсіз оқиғаларға, ал зиянды кәсіби ауруларға.
6-дәрістің тақырыбы: Микроклимат параметрлеріну.Өндірістік санитария.
Дәрістің жоспары:
1. Микроклиматтың көрсеткіштері.
2. Еңбек гигиенасы. Өндірістік санитария.
Метерологиялық жағдайлар ағзаның қоршаған орта мен және оның жылулық жағдайымен, жылу алмасуына әсер ететін физикалық факторлар кешені. Өндірістік микроклиматты қорғауға (қалыптасуға) технологиялық үдірістер мен жергілікті жердің климаты қатты әсер етеді. Микроклиматтың көрсеткіштері:
- температура ( С);
- салыстырмалы ылғалдылық (%).
Микроклиматтың көрсеткіштерінің өзгеруі және әртүрлі ауырлықтағы жұмысты орындау кезіндегі, дененің тұрақты температураны ұстап тұратын , адам ағзасының қабілеттілігінің термореттеу деп атаймыз. Ол заттардың алмасуының өзгеруі (химиялық термореттеу) мен жылу берудің (физикалық термореттеу) нәтижесінде жылу тізілүдің арасындағы орнатылған белгілі қатынастарды қамтамассыз етеді. Адамдағы жылу алмасу процесінде, басты рольді үстіңгі тканьдар арқылы жылу беруді реттеудің физиологиялық механизімі атқарады, ол конвекцияның, сәулеленудің, буланудың әсерінен болады.Адам ағзасында физиологиялық процестердің қалыпты өтуі үшін қажет, ол мұндағы ағзадағы бөлінген жылу қоршаған ортаға тарау үшін қажет. Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштерін өлшеу үшін, әртүрлі аспаптар қолданылады.Жеке алып қарағанда:
-температура мен ауа ылғалдылығы – аспирациялық психомермен МВ- 4М, М- 34,электро термометрлері, қара бояумен боялған термометрлер;
-ауа қозғалысының жылдамдығын – анемометр (қанатты АСО-3, АП-1М, чашкалы МС-13), термоанемометрлер ТАМ-1, целиндрлік және шарлық ката термометрлік;
-жылулық сәулеленуге-анемометрлер (инспектрлық, ИМО-5).
Адам ағзасына микроклимат факторларының зиянды әсерін жою үшін және өндірістік ғимараттарда қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін ауалық ортаның көрсеткіштері, зиянды заттардың ШРК бекіткен, СанЕмН 2.2.4.548-96 ”Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қоиылатын гигиеналық талаптары” және МЕСТ 12.1.005-88 ”Жұмыс аймағының ауасы.Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарына” сәкес болуы
керек. Нормалар ауа температурасынан, оның салыстырмалы ылғалдылығын, ауа қозғалысының жылдамдығын, жұмыс аймағындағы энергия шығыны деңгейі бойвнша орындалады жұмыстың ауырлығы (жеңіл, орташа ауыр, өте ауыр) және жыл мезгілін (жылы және суық) ескере отырып, рұқсат етілген шама мен тиімділігі түрінде, жылулық сәулеленудің қарқындылығы.
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы психрометрмен және қозғалыс жылдамдығы анемометрмен өлшенеді. Өндірістік санитария –бұл жұмыскерлерді олардың денсаулығын қорғау жайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында зиянды өндірістік факторларды зерттейтін, техникалық және шаралар жүйесі. Еңбек гигиенасы- бұл адам ағзасына зиянды ортаның әсер етуін зерттейтін ғылым.Еңбек жағдайын гигиеналық нормотивтерді және профилактикалық шараларды құруға бағытталған жүйесі. Өндірісте көп орынды алатын, негізгі зиянды факторлар келесілер: жоғары шаңдылық дағының жоғары газдылығы; жұмыс аймағының немесе қондырғы бетінің төменгі немее жоғарғы температурасы; жұмыс аймағындағы жоғары немесе төменгі ауа қозғалысы мен ауа ылғалдылығы; шу деңгейінің жоғарлығы, діріл деңгейінің жоғарлығы; әртүрлі электромагниттік сәулеленудің деңгейінің жоғарлығы, табиғи жарықтың аздығы немесе жоқтығы; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуын және басқа да факторлар.
7-дәрістің тақырыбы: Зертханаларда,ұстаханаларда және цехтарда окушылардың еңбегін қорғау. Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру.
Дәрістің жоспары:
1.Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
2. Жұмыс орындарын жарықтандыру түрлері.
Мектептеғі «Технология» сабағында оқушылар түрлі кескіш аспаптармен жұмыс істейді. Оларды дұрыс қолданбаған жағдайда кесіп кету немесе жарақат алу қаупі тұрады. Жарақат алу тек материалды кесу кезінде ғана емес, басқа еңбек әрекеттерін орындауда да ұшырасады. Қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуы келеңсіз жағдайлардың болуына жол бермейді. Сондықтан аспаптарды, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін білу оқушыға да оқытушыға да міндет болып табылады. Бірінші сабақтан бастап-ақ оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қатаң сақталуын талап ету керек.
Техника қауіпсіздік ережелерін кез-келген жұмысқа қатысты – жалпы және жеке жұмысқа қатысты – жеке деп екіге бөлуге болады.
Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
1.Жұмысты тек оқытушы рұқсатымен баста. Мұғалім сенімен сөйлесіп жатса, жұмысты тоқтат. Жұмыс кезінде басқа нәрсеге алаңдама.
2.Қолдану ережесін меңгермеген аспаптарды пайдаланба.
3.Аспапты міндеттері бойынша қолдан.
4.Бұзылған, ақауы бар аспаптармен жұмыс істеме.
5.Жұмыс кезінде аспапты оқытушы қалай көрсетсе солай ұста.
6.Аспапты және құралдарды белгіленген жерінде сақта.
7. Жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті сақта.
8.Аспаптар мен құралдарды мұғалімнің көрсеткен тәртібі бойынша ретте.
9.Жұмыс уақытында сөйлеспе.
10.Жұмысты жан-жаққа алаңдамай ықыласпен орында.
Қайшымен жұмыс істеу ережелері.
1.Қайшының сабынан ұста және оны көрсетілген жерде сақта.
2. Жұмыс кезінде қайшының кесу бағытына назар аудар.
3. Бұзылған қайшыны қолданба.
4. Қайшының ұшын жоғарыға қаратып ұстама.
5. Қайшының жүзін ашық күйінде қалдырма.
6. Қайшымен немқұрайлықпен кеспе.
7. Жұмыс кезінде жолдасыңа кедергі жасама.
8. Қайшыны жүзін жабық күйінде, сабын жолдасыңа қаратып бер.
9. Жұмыс кезінде материалды сол қолыңмен ұста.
Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Газ плитасын пайдалану кезінде.
1. Плитаны пайдаланудың алдында үй – жайды желдетіп алыңдар, желдеткішті қосыңдар.
Жанарғылар мен қаңылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізіңдер солдан кейін газ құбырындағы шүмекті ашыңдар.
2. Жанарғы жалынының біркелкі, көкшіл түспен жануын қадағалаңдар. Егер оның түсі сары болып, жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіріңдер.
3. Қаңылтыр пешті жанарғысын жағудың алдында оны 2-3 минуттай ашып желдетіңдер.
Электр плитаны пайдаланар кезінде
1. Ас үй электр плитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерлендіруінің бар екендігі мен ақаусыздығына көз жеткізіңдер және диэлектрик кілемшеге тұрыңдар. Үстел үстілік плитаны жүйеге қосудың алдында қоректендіру бауы мен ашасының ақаусыздығын тексеріңдер, плитаны отқа төзімді тұтқырға орнатыңдар. Ашық шиыршықтық электр плитасын пайдаланбаңдар. Қосудың алдында қоректендіру бауының ақаусыздығын тексеріңдер. Плитаны отқа төзімді тұғырға ( кірпіш, асбест және т.б.) орнатыңдар.
2. Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейін енгізіңдер. Ашаны баудан тартып ажыратуға жол бермеңдер.
3. Электр плиткада ас әзірлеу үшін тек эмальданған ыдысты ғана пайдаланыңдар.
Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде
1. Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу керек. Картопты пышақпен, балықты қырғышпен тазалаңдар, етті еттурағышқа ағаш келсаппен нығыздаңдар.
2. Нанды, гастрономиялық бұйымдарды, көкөністер мен басқа да азық – түліктерді кесудің дұрыс тәсілдерін сақтай отырып, бөлшектеу тақтайшаларында кесіңдер. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс.
3. Қол үккіштермен жұмысістеген кезде сақ болу керек. Өңделетін азық – түліктерді (жемістерді, көкөністерді және т.б. ) қолдарыңа мықтап ұстаңдар, өте майда бөліктерді өңдемеңдер.
Ыстық сұйықтықтармен ( су, май және басқалармен ) жұмыс істегенде
1. Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтардың ернеуінен асып төгілмеуін қадағалаңдар. Қатты қайнау кезінде отты азайтыңдар немесе плитаны өшіріңдер.
2. Ыстық ыдыстың қақпақтарын сүлгімен ұстап, өздеріңнен аулақтата ашыңдар.
3. Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қойыңдар және алыңдар. Кұтілмеген жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1. Ас үй мүліктерінің ақаулықтары кезінде, бөлшектеу пышақтары мұқалып, өтпей қалған кезде жұмысты тоқтатып, бұл туралы мұғалымге хабарлаңдар.
2. Еденге сұйықтық, май төгілген кезде, оны дереу тазалаңдар.
3. Егер де асханалық ыдыс сынып қалса, онда оның сынықтарын еденнен қолмен жинамай, сыпырғыны немесе қылшақ пен күрекшені пайдаланыңдар.
4. Жарақаттану кезінде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету, бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлаңдар, қажет болған жағдайда зардап шегушіні ең жақын емдеу мекемесіне жөнелтіңдер.
Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік шаралары
1. Электр плитаны ток көзінен ажыратыңдар.
2. Жұмыс үстелдерін, ыдыстар мен ас үй мүліктерін мұқият жинаңдар.
3. Сыпырындыны, қалдықтар мен қоқымды арнайы орынға шығарыңдар.
4. Арнаулы киімді шешіп, сорып шығару желдеткішін ажырату және қолды мұқият сабындап жуу қажет.
Тігін шеберханасындағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
1.1. Тігін шеберханасына жұмыс істеуге қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өткен адамдар жіберіледі.
1.2. Қауіпті өндірістік факторлар:
- оймақсыз жұмыс істеу кезінде қолдың саусақтарына инелер мен түйрегіштердің шаншылуы;
- қайшыларды ұқыпсыз пайдаланудан немесе тігін машинасындағы жұмыс кезінде қолдардың жарақаттануы;
- электр тігін машинасында, үтікпен жұмыс кезінде злектр тогынан зардап шегу, қолдың үтіктің қызған металл бөліктеріне тиген кезде немесе материалды мол ылғалдау кезінде будан күюі;
- желіге қомылған үтікті қараусыз қалдырған кезде өрттің шығуы;
1.3. Тігін шеберханасындағы жұмыстарды орындау кезінде арнаулы киім: халат немесе алжапқыш, үшкіл орамал, сондай – ақ үтік пен электр тігін машинасындағы жұмыс кезінде диэлектрик кілемше пайдаланылады.
1.4. Оқушылар жарақаттанған кезде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету. Бұл кезде мектеп әкімшілігі мен зардап шегушінің ата – аналарына хабарлау, қажет болған жағдайда оны ең жақын емдеу мекемесіне жөнелту қажет.
1.5. Тігін шеберханасындағы жұмыстарды орындағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу.
Жұмыс басталардың алдындағы ҚТ.
2.1. Арнаулы киімді кию, шашты үшкіл орамалдың астына жинау.
2.2. Тоттанған инелер мен түйрегіштердің болмауын тексеру.
2.3. Үтіктің, тігін машинасының ашасы мен электр бауын, оқшауланулардың дұрыстығын тексеру.
2.4. Электр тігін машинасы тұрқының қорғаныш жерлендіруінің (нөлдендіруінің) дұрыстығына, сондай – ақ машинаның, үтіктің жанындағы еденде диэлектрик кілемшенің бар екендігіне көз жеткізу.
3. Жұмыс кезіндегі ҚТ.
3.1. Инелер мен түйреуіштерді белгілі бір орында ( жастықшада, қорапшада, және т.б.) сақтау, оларды жұмыс орнында қалдырмау.
3.2. Тоттанған инелер мен түйрегіштерді пайдаланбау, ешқандай жағдайда инелер мен түйрегіштерді ауызға алмау; инемен жұмыс істегенде оймақ киюді ұмытпау.
3.3. Қайшыларды белгілі бір жерде ғана сақтау, олардың ұшын өзіңнен ары қаратып қою.
3.4. Тігін машинасының қозғалмалы бөлшектеріне жақын еңкеймеу.
3.5. Қолдың саусақтарын тігін машинасының табанына жақын ұстамау.
3.6. Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию.
3.7. Үтікті ток көзіне қосып және ажыратқанда қол құрғақ болуы қажет.
3.8. Үтікті термооқшаулағыш тұғырға қою, бауын ыстық табанға тигізбеу.
3.9. Қолдың күюін болғызбау үшін үтіктің ыстық металл бөліктеріне тимеу және матаны сумен көп ылғалдамау.
3.10. Ток көзіне қосылған үтікті қараусыз қалдырмау.
3.11. Үтіктің қалыпты жұмыс істеуін қадағалау, үтікті ток көзінен бауынан тартып емес, ашасынан ұстап ажырату.
4. Кұтілмеген жағдайлардағы ҚТ.
4.1. Тігін машинасында, үтікте аққаулықтар пайда болған кезде жұмысты тоқтату, аспаптарды тоқтан ажырату және ол туралы мұғалімге хабарлау, жұмысты ақаулықтар жойылғаннан кейін ғана жалғастыру.
4.2. Өрт шыққан кезде үтікті, тігін машинасын элнетр желісінен дереу ажырату.
4.3. Тігін инесі немесе түйрегіш сынған жағдайда олардың сынықтарын арнайы қоқыс жәшігіне салу.
4.4. Жарақаттану кезінде зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету, бұл туралы мектеп әкімшілігіне хабарлау, қажет болған кезде зардап шегушіні ең жақын орналасқан емдеу мекемесіне жөнелту.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі ҚТ.
5.1. Тігін машинасын, үтікті ток көзінен ажырату.
5.2. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
5.3. Арнаулы киімді шешу және қолды сабындап жуу.
Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру. Жарықтандыру сандық және сапалық көрсеткіштерімен сипатталады. Сандық көрсеткіштеріне, жарық ағыны, жарықкүші, жарықтылық, ашық жарқындары жатады. Жарық ағыны – бұл адам жарық деп қабылдайтын (люмен өлшенеді- лм) сәуле ағыны бөлігі. Жарық күші I- жарық ағыны таралатын шектегі; жазық бұрышқа dω, жарық ағыны dΦ қатнасын ұсынатын және дарық ағынының кеңістік ағынын
бағалайтын шама:
Демек, ТЖК терезелік тесіктердің өлшемдерін, әйнектелуі мен бекітілу түрін, олардың ластануын, басқаша айтқанда табиғи жарықтың жүйесінің, жарықты өткізу қабілетін, бағалайды.
Қабырғалық жарықтандыруда ТЖК минимальды мәні нормаланады, ғимараттағы жоғарғы және аралас – орташа жарықтандырумен. Мысалы, автокөлік, машина механизм және басқа да қондырғылар сақталатын ғимараттар үшін, ТЖК –ні келесідей қабылдайды: жоғарғы, аралас және қабырғалық жарықтандыруда орташа -0,5%; техникалық қызмет ету мен авто көліктерді және басқа машиналарды жөндеуге арналған ғимараттар үшін, жоғарғы және аралас жарықтандыру- орташа 3%, ал қабырғалықта-1 %.
8–дәрістің тақырыбы:Ауаны желдету. Желдету тұрлері , жабдықтары.
Дәрістің жоспары:
1.Желдетудің ұйымдастырылу түрлері.
2. Желдету түрлері , жабдықтары.
Жұмыс орнындағы ауаның тазалығын және қалыпты метерологиялық жағдайды қамтамассыз ету үшін, көп дәрежеде желдетудің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Аэродинамика мен желдету- бұл ChмE II-33-75 “Желдету, жылу беру және кондеционерлеу ” және МЕСТ 12.4.0.21-75 ұсынылатын, ұйымдасқан алмасу. Желдетуді табиғи және механикалық немесе жасанды деп бөледі.Ауаның табиғи қозғалысы жылулық және желдік ағын негізінде жүзеге асырылады. Табиғи таратуды күшейту үшінарнайы қондырғы – желдету каналдарының үстіне орнатылған дефлекторлар қолданылады.
-Табиғи желдету, ауа тесіктері арқылы түскен кезде және ғимараттың сыртқы тесігі мен форточка, терезе арқылы түскен ауадан ұйымдастырылған болуы мүмкін;
-Ұйымдасқан желдету, егер ауа алмасу арнайы қондырғылар көмегімен реттелсе болады.Табиғи желдетудің жетіспеушілігі, ол ағынды ауа ғимаратқа тазаланбай және жылынбй кіреді, ал жойылғаны, қалықтардан қоршаған ортаны тазаламайды.
-Аэродинамикалық кеңістікті қамту бойынша: табиғи желдету жергілікті
және жалпы алмасқыш, болып бөлінеді, Ұйымдастыру әдісі бойынша – ағынды, сорғыш және ағынды- сорғыш.
Табиғи желдету жұйесі. Өндіріс орнының ішінде қай кезде де ауа температурасы, қоршаған орта температурасы жоғары болады.Сондықтан табиғи жүйелерінің қондырғылары өндіріс жайларының ең биік нүктесінде орналасады. Бұл жүйелер өндірістік өнімділікті қамтамассыз етумен қатар ондағы жұмыскерлердің денсаулығын, технологиялық жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады.Сонымн қатар көптеген өндіріс орындарында микроклимат жағдайының төмендеуі ондағы құрылыс конструкцияларының жылу өткізгіштік қасиеттерінің толып есепке алынбауы. Желдету жылыту жүйелерінің пайдалану ережелерінің бұзылуы және де ауа алмастыруды дұрыс ұйымдастырмаудан пайда болады.
Жасанды желдетуді есептеу. Өндіріс орындарын табиғи жағдайда желтету мүмкін болмағнда жасанды желдету жүйелері пайдаланылады, оның себебі өндіріс орнынан бөлініп шығатын зияндылықтардың шамадан тыс көп болуы сондай-ақ жылу ұстағыш элементтердің төменгі дәрежеде пайдалануы және де желдету, жылыту жүйелерінің арнайы қондырғылары арқылы іске асады.
9 – дәріс тақырыбы: Шу және діріл, олардан қорғану бойынша негізғі іс – шаралары.
Дәрістің жоспары:
1. Дірілдің адамға әсері.
2. Шудың адам ағзасына тигізетін зияндары.
Діріл. Діріл – акустикалық факторлар – шу, ультра дыбыс, инфро дыбыс,діріл, олардың табиғаттағы бірдей және толқын тәрізді, серппелі ортада механикалық тербелістегі қозғалыста таратылады. Діріл деп – материялдық денелер мен маашиналардың жұмысы кезінде пайда болатын
тербелісі айтамыз.Дірілдің себебі – бір қалыпты емес күштің әсері. Дірілді сипаттайтың негізгі көрсеткіштер:жиілік (Гц), бірігу амплитудасы (м),
жылдамдық (м - с), жылдамдату (м-с2). Дірілдің адамға әсерін, адамның физиологиялық қасиетімен, жиілік спекторымен анықтайды.Өте қауіпті діріл, 6...9Гц диапозонында жатыр, ол адамның өзінің ішкі мүмкіншіліктерінің тербеліс жиілігімен сәйкес келетіндіктен, әсіресе бас миының а – ырғағымен сәйкес келеді, соның салдарынан психологиялық және органикалық бұзылуларға алып келетін қабілеті бар, резонанс пайда болуы мүмкін. Көру күштілігінің бұзылуы 10...25Гц жиілікті диапозондағы діріл әсері кезінде бақыланады.
Сонымен қатар діріл технологиялық қондырғыларға және бақылау өлшегіш аспаптарға және құрылыстық конструкцияларға өте қауіпті, ол қондырғы бөліктерінің тозуына, конструкциялардың деформацияға ұшырауына, аспаптардың қызмет ету мерзімін қысқартуға және олардың дәл өлшемін төментетуге, өз кезінде авариялық жағдайларға алып келеді.
Шу. Шу деп - әртүрлі күштер мен жиіліктері бар дыбыстардың кездейсоқ тоғысуын айтады. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі орталық жүйке жүйесі мен есту катализаторын зақымдайды, ендогендік жүйенің қызметіне өзгерістер енгізеді, сонымен қатар адамның еңбек қабілеттерін төмендетіп, жарақаттар мен кәсіби аурудың себептерінің бірі болып есептелінеді. Шудың адам ағзасына тигізетін зияндарының дәрежесіне төмендегі негізгі факторлармен анықталынады:
1. Шудың деңгейі мен дыбыстың күші немесе қарқындылығы
2. Шудың жиілік спекторы
3. Шудың әсерінің жиілігінің ұзақтығы
Шудың деңгейі деп белгілі бір сырқы беттің ауданы арқылы бір секундты дыбыс ағыны арқылы өтетін энергия мөлшерін айтады.
Адамның есту аппаратының ажырата алатын энергия диапазоны болады. Оның төменгі шекарасы “есту табалдырығы ”, ал жоғарғы “ауырту табалдырығы” деп атайды.
Шектік деңгейіне байланысты барлық шулар 3 топқа бөлінеді:
1- класс 90-100дБ
2- класс 85-90дБ
3- класс 75-85дБ
Адамның есту мүшелері 20-20000 Гц арасындағы дыбыс толқындарының тербелістерін қабылдай алады.Бұл интервал дыбыс диапозоны деп аталады. 20Гц –тен төменгі тербелістегі толқындарды “инфро дыбыс”, 20Гц-тен жоғары тербелістерді “ультра дыбыс ” деп атайды. Барлық шулар санитарлық норма бойынша жиілік құрамына – шу спекторына байланысты 3 топқа бөлінеді:
1-ші класс –төменгі жиілікті шулар, 400Гц. Соғылатын бөлшектері жоқ, жәй жүрісті агрегаттар мен механизмдердің шулары.
2-ші класс – орташа жиілікті шулар, 400-1000Гц, дөңгеленіп қозғалатын агрегаттар мен машиналардың шулары.
3-ші класс – орташа жиілікті шулар – 1000Гц-тен жоғары шулар.
Шулар шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1) Аэродинамикалық
2) Механикалық.
10-дәрістің тақырыбы: Жарақаттану, жаракаттау факторларының шығу көздері .
Дәрістің жоспары:
1. өндірістік жарақат ретіндегі жағдайлар.
2. Жарақаттану,жаракаттау
Маңызды құқықтық құжаттар, ол 4.07.2001 жылы өзгерген, 3.03.2001 жылғы ҚР Басқарушылары бекіткен «еңбек әрекетімен байланысты, жұмысшылардың денсаулығының зақымдалуы мен сәтсіз жағдайларды ескеру мен зерттеу ережелері». Ережелер ұйымдардағы кез –келген жеке меншіктіктің формасы мен сәтсіз жағдайларды есептеу және зерттеу тәртібін бекітеді, сонымен бірге жеке меншік иелерінде. Онда сәтсіз жағдайлармен байланысты қабылданған, өндірістегі сәтсіз оқиғаларды зерттеу туралы алғашқы кезекті шаралар жазу түрі және актінің формасы аталып көрсетілген.
Ережелерде өндірістік жарақат ретінде көрсетілген жағдайлар топталынған:
1) жұмыс орны тәртібінде, өндіріс құралдары, жеке қорғаныс құралдарын дайындау мен жүргізу кезінде, жұмыс уақытының аяқталуы бойынша немесе басталар алдында.
2) жұмыс ұйымдастырушы немесе жұмыс берушінің тапсырмасымен байланысты, өзінің міндетін немесе жұмысын орындаумен болған орнында немесе іс сапар уақытында және жұмыс орнында, жұмыс уақыты аралығында;
3) өндірістік зиянды және қауіпті әсерлердің нәтижесінже;
4) жұмыс уақытында, жұмысшы зерттеуінің жолы бойынша, жұмыс орнында қызмет ету объектілері арасындағы жылжумен байланысты әрекеттерді, жұмыс берішінің тапсырмасын орындауы бойынша әрекеттерді, жұмыс берушінің тапсырмасын орындауы бойынша;
5) жұмыс берушінің көлігінде;
6) қызметтік жол жүруі үшін пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазба түріндегі келісімі бар болған кездег, жеке көлікте;
7) жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, өзінің және басқа ұйымның
территориясына келген кезеңінде, сонымен бірге жұмыс берушінің жеке меншігін қорғау кезінде;
8) жұмыс орны бойынша немесе іс сапары кезінде жұмысшының қызметтік міндетін орындауы кезінде, оны қасақана өлтіру және оны жарақаттауы.
Өндіріспен байланысты әрбір нақты жағдайды тексеріп комиссия анықтайды. Егер жұмысшыға, жұмыс берушінің қатесінен сәтсіз жағдайдың нәтижесінде денсаулығына зиян келсе, онда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте, егер жұмысшыға сақтандыру салымы төленбейтін болса
Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді:
11-дәрістің тақырыбы: Жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу.
Дәрістің жоспары:
1.Сәтсіз оқиғалардың түрлері.
2. Жазатайым жағдайларды тексеру және зерттелуі.
Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді:
- жұмыс орнында,
- жұмысқа бара жатқан және жұмыстан қайтқан жолда.
Еңбек әрекетімен байланысты жұмысшылар денсаулығының әртүрлі жарақаттар алу және уақытша бір күндік және одан да көп мерзімде зақымдалуы және қаза болуы, сәтсіз жағдай деп қарастырылады және Н-1 форма бойынша актімен тіркеледі. Акт 3 данамен тіркеледі және архивте 45 жыл аралығында сақталынады. Бір данасын жарақат алушыға, екіншісін жұмыс берушіге, үшіншісін инспекторға береді. Барлық сәтсіз оқиғалар және оның жай –күйі, «Сәтсіз оқиғалардың тіркелуі мен зерттелуі және жұмысшының денсаулығының зақымдалуын тіркеу ережелерімен» сәйкес себептері тексеріліп зерттеледі. [Д-3]. Сәтсіз оқиғалар келесі түрлерге бөлінеді: жеке, топтық, ауыр және өлімге алып келетін.
Сәтсіз оқиғаларды тексеру тәртібі:
1) әрбір сәтсіз оқиғаларды, зардап шегуші немесе көрген адам, міндетті түрде жұмыс беруші мен жұмыс ұйымдастырушыға хабарлау керек;
2) зақымдалушыға алғашқы медициналық көмек көрсету және оны ұйымдық денсаулық сақтау орындарына жеткізу;
3) сәтсіз оқиғалар орындарында тексеру жұмыстары басталғанға дейін, өзгеріссіз сақтау, механизмдер мен қондырғыларды сақтау, сонымен бірге құрал жабдықтарды сәтсіз оқиға болған кезегідей тура сол қалпында сақтау және сәтсіз оқиға болған орынды суретке түсіріп алу (егер бұл адам өміріне және жұмысшының денсаулығына қауіп төндірмесе, онда өндірістегі үдірістің үздіксіздігі апатқа алып келмейді);
4) денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты қызметкерлері, өндірістегі
жұмыскердің жарақаты туралы және денсаулығының зақымдалуы туралы оқиғаларды, жұмыс бьерушіге хабарлап отыру керек, сонымен бірге күшті кәсіби ауруға шалдықса, мемлекеттік санитарлы – эпидемологиялық органдарына хабарлау керек.
Өндірістегі сәтсіз оқиғалар және жұмыскердің зақымдалуы туралы жұмыс беруші арнайы формада міндетті түрде хабарлау керек:
1) еңбек бойынша мемлекеттік органдардың территориялды бөлімшелеріне,
сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілердегі болған, сәтсіз жағдайлар кезінде, төтенше жағдайлар бойынша жергілікті органдарға;
2) ұйым жұмыскерлерінің басқарушыларына;
3) сақтандыру ұйымдарымен келісім шарт бар болса, сақтандыру ұйымдарына;
4) кәсіби аурулар мен уланулар туралы, Мемсанэпидқызметтің жергілікті
ұйымдарына;
Сәтсіз оқиға пайда болған кезеде, 17 бөлімде көрсетілген ережеге сәйкес, жұмыс беруші келесілерге хабарлау керек:
1) сәтсіз оқиға болған жердегі орны бойынша құқық сақтау органдарына;
2) ведомствалық және өндірістік бақылау мен қадағалаудың компетентті
органдарына;
Кәсіби немесе өте күшті кәсіби аурулар кезінде, тексеруге, Мемсанэпидқызметі немесе кәсіби потология Орталығының басшылары қатысады. Күшті кәсіби ауруларды жеке тексеруді, Мемсанэпидқызметі немесе кәсіби потология Орталығының басшылары жиырма төрт сағат аралығында жүргізеді, ал созылмалы кәсіби ауруды, хабар алған кезден бастап, жеті күн аралығында жүргізеді. Комиссияның жұмысына сақтандыру органдарының мүшелері қатыса алады, егер оларды сәйкес келісім шарт бар болса. Басқа ұйымда өндірістік тапсырманы орындауы кезіндегі сәтсіз оқиғаны (қызметтіттік және келісім шарттық міндеттері), сонымен бірге жалпы білім беру, кәсіби мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы оқушылардың, өндірістік тәжірибеден өту кезінде сәтсіз оқиғалар болса, оны қандай ұйымның территориясында оқиға болды, сол ұйымның жұмыс берушісінің басшысымен құрылған комиссия тексеру жүргізеді. Көліктік құралдар апатының салдарының нәтижесінде болған сәтсіз оқиғалар, көліктік инспекция мүшелерінің материалдарды зерттеу негізінде жүргізіледі.
Көліктік инспекция мүшелері, көліктік оқиға болған бес күндік мерзімде, сәтсіз оқиғаларды тексеру комиссияларының талап теуі бойынша, қажетті құралдардың көшірмесін ұсыну керек. Сәтсіз оқиғаны өз уақытында жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабарламаса немесе арудың белгісі бірден белгі бермесе, ( мерзіміне байланысты емес), зардап шегушінің өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, өтінішті он күн аралығында тіркеуіне байланысты, тексеріледі. Сәтсіз оқиғаларды арнайы тексеру, сәтсіз оқиғаның пайда болған сәтіне байланысты ұйым басшысымен жиырма төрт сағат аралығында жүреді, оның құрамында:
Ұйым басшысының – төрағасы (өндірістік қызметте) немесе оның орынбасарлары; Ұйымның еңбекті қорғау қызметінің басшысы – мүшелері, жұмысшылар немесе зардап шегушінің сенімді адамның өкілдері (келісім бойынша).
Арнайы тексеруге жататындары:
1) ауыр және өлімге алып келетін сәтсіз оқиғалар;
2) зардап шегушінің жарақатының ауырлық дәрежесіне тәуелсіз екі және одан көп жұмысшылардың, бір уақытта болған, топталған сәтсіз оқиғалары;
3) өте күшті кәсіби аурулар кезіндегі топталған сәтсіз оқиғалар (улану).
Сәтсіз оқиғалардың ауырлығы мен салдарына байланысты, арнайы тексерулер, еңбек бойынша мемлекеттік территориялды органдардан құрылған комиссия он күн ішінде тексеріледі, олардың құрамында:
мемлекеттік еңбек инспекторы – төрағасы; жұмысшылар мен зардап шегушінің сенімді өкілі, жұмыс берушілер- мүшелері. Екі адам қаза болған кезде, топталған сәтсіз оқиғаларды, Астана мен Алматы қалаларының еңбек облысындағы бас мемлекеттік инспекторы басқаратын объектілердегі
болған сәтсіз оқиғалар кезінде, комиссияның құрамына, төтенше жағдайларды жою мен ескерту жөніндегі мемлекеттік инспекторы кіреді.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған сәтсіз оқиғалар кезінде, арнайы зерттеу бойынша комиссия мүшелерін төтенше жағдайдың алдын –алу мен жою жөніндегі мемлекеттік инспекторы тағайындайды. Бұл жағдайда еңбектің мемлекеттік инспекторы, комиссия мүшесі болады.
Үш –бес адам қаза болған кездегі топтың сәтсіз оқиғаларды тексеру, еңбекті қорғау бойынша мемлекетік органдар құрған комиссия жүргізеді, ал бес адам қаза болған кезде Қазақстан Республикасының басқаруымен жүргізіледі. Комиссия төрағасының келісімінсіз арнайы тексеру бойынша куәгерлерге сұрақ қоюға рұқсат етілмейді, сонымен бірге қосымша тексеру жүргізуге рұқсат етілмейді
12-дәрістің тақырыбы:Электр қауіпсіздігі.
Дәрістің жоспары:
1. Электр тоғының адамға әсері.
2. Әсер ету дәрежесі бойынша бөлінуі.
Электр қауіпсіздігі – электр тоғының, электр доғасының, электр магнитті алаңның және тұрақты электрліктің қауіпті және зиянды әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық және ұйымдық шаралар жүйесі. Электр тоғының тірі денеге әсерінің әр жақты немесе өзіндік сипаты бар. Адам организімінен өткен электр тоғының термиялық, электромагниттік, механикалық және биологиялық әсері болады. Электр тоғының адамға әсері Тоқтың әсері термиялық, электролиттік және биологиялық болады.
Зақымдау түрі бойынша әсерлер келесілерге бөлінеді:
- электро жарақаттар- ұлпаларды жергілікті зақымдау (күйік, электр белгісі, терінің металлдануы);
- электр соққылары- адамның салмағына тоқтың әсер етуі;
Әсер ету дәрежесі бойынша келесілерге бөлінеді:
I дәрежесі- есінен танбайды, бірақ бұлшық еттері жиырылып қалады;
II дәрежесі – есінен танады, бұлшық еттері жиырылып қалады;
III дәрежесі – есінен танады, жүрек немесе тыныс алу әрекеттері бұзылады;
IV дәрежесі- клиниклық өлім, тыныс алмайды және қан айналымы тоқтайды.
Электр тоғынан зақымданудың алғашқы себептерін анықтайтын факторлар:
1. I тоқ мәні (негізгі зақымдаушы фактор). Адам үшін өте қауіпті, өлімге алып келетін өндірістік тоқтың жиілігі 50Гц I = 100 мА.
Адам арқылы өтетін (U=220B, t = 50Γц) өндірісітік тоқтың жиілігінің сипатты мәні 3-ке бөлінеді:
- алғашқы сезімдері пайда болған, алғашқы сезілу 0,6-1,5 мА.
- кернеудегі (бұлшық еттердің тырысып қалуының салдарынан) тоқ өтетін бөлігінен ажырай алмайтын адамдардың, жіберілмейтін 10-15 мА, алғашқы сезілуі;
- жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының (фибрилл) қысқауы нәтижесінде адамды өлімге алып келеді, кіре берістік фибирлляциялы 100 мА.
- 5. Адам денесі арқылы тоқтың өту жолы (тоқ арқандары). Өте қауіпті тоқ жолы, қол-қол жолы бойынша, өмірге қажетті мүшелер арқылы, аяқ-аяқ арқылы өтеді.
- 6.Тоқтың түрі (пайда болуы). Тұрақты тоқ, ауыспалы тоққа қарағанда қауіптілігі аз, мұнда бұлар кіре беріс тоқтардың мәні бойынша көрініп тұр, бірақ бұл 250-300 В –тан аз кернеу үшін әділ болады. Гармониктің болу себебінен тура тоқ, аккумлятордан, тұрақты тоқтан қауіптірек болады.
13-дәрістің тақырыбы :ӨРТ қауіпсіздігі.
Дәрістің жоспары:
1. Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар.
2. Өрттің негізгі себептері.
Өрт қауіпсіздігі - бұл еңбекті қорғаудың бір бөлімі, мұнда өрттің пайда болуының алдын-ала жою шарттарын үйретеді, бір сөзбен айтқанда адамдардың жалпы және мемлекеттік мүліктердің және жеке заттарының, өрттен қорғайтын мүмкіндігі. Өрт – бұл адам өміріне және денсаулығына, материалдық шығын әкелетін жалпы және мемлекеттік назардағы, ешқандай бақыланбайтын жану. Жер бетінде күн сайын 2 миллионнан аса өрт болып, 1 миллионнан көп адам қаза табады, әрбір 2 өртте 1 адам қаза болады. Қазақстанда 2003 жылға ғана 15000- ға жуық өндірістік және тұрмыстық өрттер тіркелген. Олардың ішінде 1000 адамға жуығы зиян шегіп , 532- сі қаза болған. Материалдық шығын 3200 млн. тенгені құрады. Өрттер –эндогенді («еndon» грекше – ішкі) және экзогенді («exo» -грекше –
сыртқы) болып бөлінеді. Барлық жердің үстіндегі, сонымен бірге ғимараттың және үйлердің ішіндегі өрттер экзогенді өрттерге жатады. Эндогенді өрттерге көбінесе жер астындағылары жатады. Бұл көмірдің сланецтардың, сульфидті кендердің жер астындағы жануы. Эндогенді өрттердің ең үлкен уақытқа созылғаны өте алыстағы Памир Алтайдағы Ростовскі кен орнындағы өрттері Өрт қауіпсіздігі аймағында нормативті реттеу- өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін, міндетті нормативті құжаттарда (ҚР ТЖ Министрлігіндегі өртті бақылау бойынша департаменті) мемлекеттік өкілеттік органдармен бекіту. Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттарға жататындар: стандарттар, нормалар және өрт қауіпсіздігі ережелері, СНмЕ, СанЕмН, ережелер, инструкция және өрт қауіпсіздігін құрайтын басқа құжаттар.
Оларға жататындар:
1. 20.12.04 ж ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы.
2. ҚР өрт қауіпсіздігі туралы ережесі, Алматы, 2003.
3. ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ «Ғимараттра мен үйлердің өрт қауіпсіздігі».
4. ҚР 1.03-05-2001 СНмЕ «Құрылыстағы техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау».
5. ҚР СНмЕ 4.02-05-2001 «Желдету, ауа алмастыру, жылу беру»
6.ҚР 2.02-11-2001 РДС Қарашағанақ мұнай газ конденсатты кен орнының даму объектілерінің өрт қауіпсіздігі шараларын жобалау негіздері.
7. 12.1.2004 жылғы МЕСТ «Өрт қауіпсіздігі».
8. ҚР СН 2.02-11-2002 «Ғимараттарда, үйлерде, автоматты өрт дабылын салу, өрт сөндірудің автоматты құралдарымен өрт туралы адамдарды хабардар ету және басқа да нормативті құжаттарының жабдықтандыру нормалары». Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар бекітілген тәртіпте жеке басып шығару мен тіркеуге жатады.
Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері. Өрт қауіпсіздігі белгілі көрсеткіштері бар, әрбір объектідегі факторларға байланысты. Өрттің қауіпті факторлары, бұл адамдардың қаза болуына немесе шығынға және
жарақатқа, материалдық құндылықтарға әсет ететін фактор. Қауіпті факторларға мыналарды жатқызуға болады.
Төменде өрттің қауіпті факторларының шекті мәні келтірілген:
Ортаның температурасы -70° С
Жылулық сәулелену – 500 Вт/м2
Көмір тотығының құрамы – 0,1 %
Екі тотықты көміртегінің құрамы – 6 %
Оттегінің құрамы – < 17 %
Жанғыш қоспаның қасиетіне байланысты жану – Жану үш жағдайда болуы мүмкін: жанғыш зат (қатты сұйық және газдар) тотықтырғыштың жеткілікті көлемі (оттегі, хлор, фтор, бром, иод) белгілі температурасымен, тұтану көзінің белгілі қуаты (жалын, ұшқын).
Өрттің негізгі себептері болып: оттың және дәнекерлеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу; отқа назар аудармау; жылыту пештері мен қондырғыларын пайдалану ережесін бұзу, тұрақты электр найзағай разряды, шаңды газды ауалық қоспалар мен булар жарылысы; үйкеліс кезіндегіқызу мен ұшқындану; электр жабдықтары, кабелдік тораптар және электр қондырғыларының ақауы; жанғыш заттардың өздігінен жануы; технологиялық режимді бұзу; аттыру жұмыстары; трактілер.
Жоғарыда аталған себептерді экзогенді өрттерге жатқызуға болады.
Эндогенді өрттердің себептері болып: тотықтыруға қабілетті материалдардың болуы (ұсақталған көмірдің, торфтың, сланцтың, руданың жиналуы); жанған бөліктердің бетіне тотықтырғыш оттегінің жиналуы; өздігінен жану ошағындағы жылудың қайтуы қиындығы ;жану фазасына өту үдірісі мен материалдардың орташа және төмен температурада тотығуын гемогенді болады (грекше homogenes – құрамы бойынша бірдей)
және гетерогенді (грекше gter – күрделі). Гемогенді жану кезінде алғашқы заттардың агрегатты жағдайы бірдей, мысалы газдардың жануы. Қатты және сұйық заттардың жануы гетерогенді болады.
Жануды келесі түрлерге бөлуге болады: тұтану, жалындау, өздігінен тұтану, жану және жарылыс. Тұтану жанғыш қоспалардың сығылған газсыз, тұтану көзімен жағу кезіндегі жылдам жану.
14-дәрістің тақырыбы :Биосфера туралы тұсінік.Қоршаған ортаны ластау қөздері. Экология және қауіпсіздік.
Дәрістің жоспары:
1. Биосфера және техносфера.
2. Қоршаған ортаны ластау қөздері.
3.Экология және қоршаған ортаны сауықтыру жолдары.
Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркесібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс iстеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.
Радиация мен химиядан қорғау шаралары Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бырыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады, ол мыналарды қамтиды: халық пен АҚ құрамаларын; қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен; радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21); химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, КӘУЗ) мөлшерiн анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштармен (АГП-1); дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24) қамтамасыздандыру; радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауы; азық-түлiктiң, судың, мал мен өсiмдiктiң зақымдануына жол бермеу және оларды заласыздандыруды; радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді; жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың “Мастер-1”, “Сосна”, “Белла” тұрмыстық дохеметрлерін пайдалануды; радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жоюды.
Негізгі әдебиеттер:
1. Безопасность и охрана труда. Под ред. Русака О.М. С.-П.,2001г.
2. Безопасность жизнедеятельности. Под ред. Белова С.В. М., 2001г.
3. Белов С.В., Ильницкая А.В. – др. «Безопасность жизнедеятельности. М. , 2001г.
7. Закон РК «О безопасности и охрана труда. Астана, 2004г.
8. Закон РК « О промышленной безопасности на опасных производственных объектах». Астана, 2002г.
9. Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов РК. Составитель Скала В.И. Алматы, 2002г.
10 Орлов С.А. Охрана труда. Днепропетровск, 2000г.
11 Сборник нормативных актов РК по « Охране труда», Караганда. 2002г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Правила пожарной безопасности в РК. Алматы, 2003.
2. СНиПРК 2.02-05-2002. Пожарная безопасность зданий и сооружений.
3. Правила расследование и учета несчастных случаев и иных повреждений здоровья. Утв. Прав. Рк от 4.07. 2001г.
4. Закон РК «Об охране здоровья граждан РК» Алматы, 2004г.
5. Конституция РК
6. Положение об аттестации производственных объектов организации по условиям труда.
Практикалық жұмыс №1.
ТАҚЫРЫБЫ: Өндірістегі еңбекті қорғаудың қызметін ұйымдастыру.
МАҚСАТЫ: Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды карастыру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Лауазымды адамдардың еңбек туралы заңшығармаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктерінің түрлері.
2. Кәсіпорындарда еңбек қорғаудың жағдайын жақсарту шаралары бойынша қандай жоспарлар жасалынады ?
3.Еңбекті қорғау жүйесін басқару дегеніміз не?
4.Кәсіпорындары мен оның бөлімшелерінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге кім жауапты.
5. Еңбек қорғау жөніндегі нормалар мен стандарттарды, ережелерді қайтадан қарастыру кезеңділігін.
6.Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшыларды нұсқауламалаудың түрлері. 7. Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі неден тұрады:
ТАПСЫРМАЛАР: Нүскаулардың түрлері.
Практикалық жұмыс №2.
ТАҚЫРЫБЫ: Еңбек каупсіздігін камтамасыздандыратын шаралар.
МАҚСАТЫ: Еңбек қорғау жағдайын бақылау.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Кәсіпорындары, олардың цехтары, учаскелері мен жұмыс орындары деңгейінде еңбек қорғау жағдайын қоғамдық бақылауды кім жүргізеді:
2. Әр түрлі жұмыстар мен кәсіпкерлік үшін техника қауіпсіздігі бойынша ведомствалық деңгейде типтік нұсқамалар және кәсіпорындарында жергілікті нұсқамалар қандай мөлшерлік-құқықтық құжаттар негізінде жасалады:
3. Жұмысқа қабылданғаннан кейін қандай мерзімде жұмыскерлерге еңбек қорғау бойынша курстық оқытуды жүргізудің қамтамасыз етілуі міндетті?
4.Еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзуына байланысты лауазымды адамдардың жауапкершіліктері.
ТАПСЫРМАЛАР: Еңбекті қорғау бойынша заңды бұзуына байланысты,
жауапкершіліктіңі түрлерні қарастыру.
Практикалық жұмыс №3.
ТАҚЫРЫБЫ: Еңбекті қорғаудың” нормативті-құқықтық және ұйымдық негіздері.
МАҚСАТЫ: Еңбек қорғаудың ережелері мен нормалары олардың қолдану шеңберін қарастыру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Еңбек қорғаудың ережелері мен нормалары олардың қолдану шеңбері бойынша қалай бөлінеді.
2."Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары"(ЕҚСЖС);
3.Мемлекеттік санитарлы – эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар (санитарлы ережелер,гигеналық нормативтер,санитарлы ережелер мен
нормалар,СанЕмН,санитарлы нормалар);
- Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмИ),құрылыс және жобалау бойынша ережелер жиыны;
- Еңбекті қорғау боцынша сала аралық ережелер,
- "Еңбекті қорғау" бойынша сала арлық типтік нұсқаулама;
- ТАПСЫРМАЛАР: 03.04.02 жылғы "Қауіпті өндірістік объектілердегі,өндірістік қауіпсіздік туралы "КРзаңы.
Практикалық жұмыс №4.
ТАҚЫРЫБЫ: Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың жіктелуі
МАҚСАТЫ: Өндірістік зиянды және қауіпті факторларға анықтама беру,оларды ескеру бойынша іс-шараларды карастыру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Зиянды, улы газдармен уланған кездегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
2. Ауадағы зиянды улы газдарды есептеу әдістемесі.
3. Зиянды улы газдарды есептеу әдістемесі.
4.Өндірістік зиянды және қауіпті факторларға анықтама беріңіздер ?
5.Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері қандай салдарға әкеліп соқтырады?
ТАПСЫРМАЛАР: Өндірістік зиянды және қауіпті факторлар; оларды ескеру бойынша іс-шаралар.
Практикалық жұмыс №5.
ТАҚЫРЫБЫ: Микроклимат параметрлерін нормалау. Өндірістік эстетика.
МАҚСАТЫ: Ғимараттардағы микроклиматты анықтау.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҮРАҚТАР:
1. Барлық өндірістік санитарлық нормалар.
2.Микроклимат қандай көрсеткіштермен анықталады ?
3. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы және қозғалыс жылдамдығы қандай аспаппен өлшенеді?
4. Өндірістік шаңдар мен газдардың зияндылығы қандай гигиеналық параметрлермен бағаланады?
5. Жұмыс орындары ауасында шаңның концентрациясын анықтау әдістерін көрсетіңіз.
ТАПСЫРМАЛАР: Өндірістік бөлмелердің ауа-райының (шағынклиматының)
параметрлері.Олшеу әдістері қандай ?
Практикалық жұмыс №6.
ТАҚЫРЫБЫ: Зертханаларда, ұстаханаларда және цехтарда окушылардың еңбегін қорғау. Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру.
МАҚСАТЫ: 1.Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.
2. Жұмыс орындарын жарықтандыру түрлері.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Ғимараттардағы жарықтандыруды есептеу.
2. Өндірістік ғимараттардағы жарықты есептеу әдісі.
3. Өндірістік ғимараттардың жарық түсетін ойықтарының ауданы қандай болуы қажет?
4. Радиоактивтік сәулеленуден қорғаудың негізгі әдістері.
ТАПСЫРМАЛАР: Жарықты анықтау аспаптарымен танысу .
Практикалық жұмыс №7.
ТАҚЫРЫБЫ: Ауаны желдету.Желдету түрлері.Желдету жабдықтары МАҚСАТЫ:Желдету түрлері , жабдықтары.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҮРАҚТАР:
1. Өндіріс ғимараттарын желдетуді есептеу әдістемесі.
2. Желдеткіш аспаптармен танысу.
ТАПСЫРМАЛАР: Желдетудің ұйымдастырылу түрлері.
Практикалық жұмыс №8.
ТАҚЫРЫБЫ: Шу және діріл,олардан қорғану бойынша іс-шаралары.
МАҚСАТЫ: Шу мен дірілдің түрлерін толық меңгеру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҮРАҚТАР:
1. Өндірістік ғимараттардағы шудан корғану.
2. Шу мен дірілді анықтау құралдарымен танысу.
3.Ультра дыбыстың және дірілдің, инфра дыбыстың зиянды әсерінен, қандай әдістермен және құралдарымен қорғануға болады?
4. Дыбыстың негізгі параметрлері қандай.
5. Шу мен дірілдің мөлшерлену параметрлерін көрсетіңіз
6. Өндірістік бөлмелерде шудың деңгейі қай жерлерде өлшенеді?
ТАПСЫРМАЛАР: Өндірістік ғимараттардағы шуды есептеудің әдістемелік жағдайы. Шу мен дірілді анықтау құралдары.
Практикалық жұмыс №9.
ТАҚЫРЫБЫ: Жарақаттану,жарақаттау факторларының шығу коздері.
МАҚСАТЫ:Жарақаттану,жаракаттау
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Жаракаттану кездегі, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
2.Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалардын бөлінуі.
3. өндірістік жарақат ретіндегі жағдайлар.
ТАПСЫРМАЛАР: Өндірістік жарақаттың талдау әдістері.
Практикалық жұмыс №10.
ТАҚЫРЫБЫ: Жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу.
МАҚСАТЫ: Сәтсіз оқиғалардың себептері , жіктелуі.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді?
2. Бақытсыз жағдайларды (БЖ) арнайы тексеру қашан жүргізіледі.
3. Жаракаттану, сәтсіз оқиғалар кездегі, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
4.Қандай жағдайда алынған травма өндірістік деп аталады ?
5.Қандай бақытсыз жағдайлар арнайы тексеруге жіберіледі ?
ТАПСЫРМАЛАР: Бақытсыз жағдайларды тексеру материалдары бойынша жасалынатын негізгі құжаты.
Практикалық жұмыс №11.
ТАҚЫРЫБЫ:. Электр қауіпсіздігі.
МАҚСАТЫ: . Электр тоғынан қорғануды; Электр тогы адамға әсер етуін карастыру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҮРАҚТАР:
1. Электр тоғымен жарақаттанған кездегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
2.Қолдық ұстайтын құрал-сайманды тоқпен жабдықтау үшін қандай кернеу рұқсат етіледі?
3. Найзағайдан қорғануды есептеу.
4.Қандай көрсеткіштерде электр әсері адамда тыныс алу қиындығын және жүрек фибраиляциясын туғызады ?
5.Нөлдестіру және жерлестіру дегеніміз не, және қандай жағдайларда олар қолданылады ?
6.Электр тогы адамға әсер ету бойынша калай бөлінеді.
7.Егер адам электр тоғымен зақымдалса, ол адамды құтқару үшін қандай шаралар қолдану керек.
ТАПСЫРМАЛАР: Электр тоғынан қорғануды есептеу.
Практикалық жұмыс №12.
ТАҚЫРЫБЫ: Өрт қауіпсіздігі.
МАҚСАТЫ: Кәсіпорындарда (мекемелерде) ережелер мен нормаларға сәйкес, өртке қарсы қолданылатын шараларды карастыру.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҮРАҚТАР:
1. Құрылыстық конструкцияларды өрттің таралуына сынау әдісі.
2. Өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары.
3. Өрт сөндіру құралдарын салыстырып, тиімдісін таңдау.
4. Өрт қауіпсіздігімен жеке компьютерде жұмыс істеу кезінде ғимараттағы
микроклиматтың СНмЕ және СанЕ оқу.
5. Өрт кезіндегі адамдарды оқшаулауды есептеу әдіс.
6. Өрт сөндіру құралдарымен танысу.
7.Өрт жарылыс қауіпсіздігі бойынша ғимараттарды категорияға бөлу қандай белгілері бойынша жүргізіледі?
8.Өрт қауіпсіздігіне кім жауап береді ?
ТАПСЫРМАЛАР:Қолдық өрт сөндіргіштер қандай түрлерге бөлінеді?
Өртжарылысқауіптілігі бойынша қандай категориялы ғимараттар өрт сөндіретін автоматтық тұрақты қондырғылармен жабдықталуы қажет?
Практикалық жұмыс №13.
ТАҚЫРЫБЫ: Биосфера туралы тусінік. Қоршаған ортаны ластау көздері.
МАҚСАТЫ: Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша ұйымдық жұмыстарға кім жауаптылар.
ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН СҮРАҚТАР:
1. Төтенше жағдайлардан қорғану әдістері.
2. Өндірістік ғимараттардағы жеке қорғаныс құралдарын таңдау.
ТАПСЫРМАЛАР: Экология және қауіпсіздіқ.
