- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
- •Cтуденттің пәндік
- •«Геотехника 1: Инженерлік геология және топырақтар механикасы»
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы үшін
- •1. Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
- •1.1 Оқытушыға деректеме:
- •1.2 Пәнге деректеме:
- •Оқу жобасынан көшірме
- •1.6 Тапсырманың түрі, саны және орындалу графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •1.8 Студенттердің білімін бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
- •Студентердің білімін бағалу
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •I. Бақылау сұрақтары:
- •II. Бақылау сұрақтары:
- •III. Аралық аттестациялауға арналған сұрақтар:
- •1.9. Курстың саясаты және процедурасы
- •2. Активті үлестірме материал мазмұны
- •Сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі
- •Стратиграфиялық атаулар
- •Деформацняланудың әралуан түрлері мен оларды тудыратын себептер
- •2.3 Зертханалық жұмыстарының жоспары
- •2.4. Стунденттердің өзіндік жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөж)
- •2.5. Студенттердің өзіндік оқытушының жетекшілігімен жұмысы шегіндегі сабақтардың жоспары (сөож)
- •2.6. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •050729-«Құрылыс» мамандығына арналған
2.3 Зертханалық жұмыстарының жоспары
Тапсырма 1. Геологиялық карта бойынша геологиялық қабаттардың құрылымына болжам жасау. Қабаттарды сипаттау және құрылымын талдау.
Негізгі әдебиет: 1 [317-323]
Қосымша әдебиет: 8 [20-29]
Бақылау сұрақтары:
Инженерлік – геологиялық карта қандай мақсатпен жасалынады?
Инженерлік – геологиялық картаның түрлерін атаңыз.
Инденерлік – геологиялық аудандандыру аймағын кандай масштабтармен жасайды?
Тапсырма 2. Бұрғыланған барлау ұңғымалары арқылы геологиялық қималарды тұрғызу.
Қосымша әдебиет: 7 [485-487]
Бақылау сұрақтары:
Геологиялық картаның негізгі түрлерін атаңыз.
Геологиялық карта дегеніміз не?
Геологиялық қима бұрғыланған ұңғымалардың берілгенімен не үшін жасалынады?
Тапсырма 3. Сазды топырақтың физикалық қасиетінің негізгі көрсеткіштерін анықтау (тығыздық, ылғалдық).
Қосымша әдебиет: 9 [7-12]
Бақылау сұрақтары:
Топырақтардың негізгі физикалық қасиеттерінің көрсеткіштерін атаңыз.
Топырақтың ылғалдылығын қандай әдістермен анықтайды?
Топырақтардың негізгі физикалық қасиеттерінің көрсеткіштері қандай есептеулеге колданады?
Топырақтың тығыздығын қандай әдістермен анықтайды?
Тапсырма 4. Топырақтың жіктелу сипаттамаларын анықтау (құмды топырақтың түйіршікті құрамы, сазды топырақтың ылғалдылық сипаты).
Қосымша әдебиет: 9 [3-7; 12-16]
Бақылау сұрақтары:
Топырақтың гранулометрлік құрамын калай түсіндіруге болады?
Құм топырақтары гранулометрлік бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
Саз балшықты топырақтардың ылғалдылығы арқылы нені анықтауға болады?
Тапсырма 5. Сусымалы топырақтың табиғи еңіс бұрышын анықтау.
Қосымша әдебиет: 9 [22-23]
Бақылау сұрақтары:
Сусымалы топырақтардың табиғи құлама бұрышы қандай есептеулерде колданылады?
Зертханалық жағдайда сусымалы топырақтың табиғи құлама бұрышын калай анықтайды?
Сусымалы топырақтың табиғи құлама бұрышы саны неге байланысты?
Тапсырма 6. Құмды топырақтың сүзу коэффициентін анықтау.
Қосымша әдебиет: 9 [19-21]
Бақылау сұрақтары:
Сусымалы топырақтың сүзу коэффицентін қандай мақсатпен анықтайды?
Топырақтың сүзу коэффиценты неге байланысты өзгереді?
Құм топырақтардың сүзу коэффицентін қандай әдістермен анықтайды?
Тапсырма 7. Тік жазықпен кесу приборында топырақтың ығысуға кедергісін анықтау (конструкциясы, сынақты жүргізу тәртібі, ығысу диаграммасын тұрғызу).
Қосымша әдебиет: 9 [24-29]
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық жағдайда топырақтардың ығысуын қандай әдістермен анықтайды?
Топырақтардың ығысуын анықтаған кезде, қандай көрсеткіштерді анықтайды?
Тапсырма 8. Суға қаныққан сазды топырақтың компрессионды тәуелділігін анықтау (одометр құрылымы, компрессионды қисықтық тұрғызу, сынақ жүргізу тәртібі).
Қосымша әдебиет: 9 [30-36]
Бақылау сұрақтары:
Топырақтардың компрессиялық сынауын не үшін жүргізеді?
Топырақтардың сығылуын компрессиялық приборларда анықтаған кезде қандай көрсеткіштерді табамыз?
Саз балшықты топырақтардың компрессиондық қисықтығын бейнелеңіз.
