Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар 1 нуска РК №1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274 Кб
Скачать
☆
  1. жедел гломерулонефрит

  2. Жедел пиелонефрит

  3. созылмалы гломерулонефрит, өршу фазасы

  4. созылмалы пиелонефрит, өршу фазасы

  5. бүйрек амилоидозы

56. 40 жастағы бизнесмен беті мен аяғындағы ісінулерге,бас ауруына,әлсіздікке шағымданды.10 ай бұрын қан кетумен асқынған он екі елі ішек жара ауруы бойынша емделген, науқасқа қан құйылған.Қазіргі уақытта сүйемелдеуші дозада ранитидин қабылдайды.Қараған кезде балтырында ,периорбиталді аймақта ісінулер анықталған.Перефириялық лимфа түйіндері ұлғаймаған.Тынысы везикулярлы.Жүрек тондары ритмді,ЖСЖ мин 88.АҚ 160/100.Бауыры тығыз эластикалық консистенциялы,оң жақ қабырға доғасынан 5 см төмен пальпацияланады.Көкбауырдың перкуторлы көлемі 7х9см. Қан анализі: Нв122г/л, лейкоциттер4,4;лейкоцитарлы формула өзгермеген,ЭТЖ32мм/сағ.Зәр анализі:салыст. тығ. 1,018,белок1,22г/л, лейкоцит 9-10 көру айм.,эритроциттер 1-2 к.айм.Қандағы АЛТ 2,8ммоль/л,АСТ 2,8ммоль/л,креатинин 200мкмоль/л. НвsAg тест теріс;С гепатитінің вирусына Ад табылған;ВИЧ-қа Ад табылмаған. Қай аурудың көрінісінде бүйрек зақымдануы дамыған?

  1. Гепатореналді синдром

  2. Гудпасчер синдромы

  3. С гепатиттегі гломерулонефрит

  4. Жүйелі қызыл жегі

  5. дәрілік нефропатия

57. 50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісіп кетуіне шағымданып дәрігерге жолықты. Бұл ауру басталмастан 2 жыл бұрын оң балтырында жыланкөз болды. Қан қысымы жоғары емес. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы тығыздығы 1015, белок 10 г/л, зәр тұнбасында гиалинді және түйінді цилиндрлер көп. Мочевина мен креатинин қалыпты. Зимницкий сынамасы өзгеріссіз. Қандай зерттеу тәсілі диагнозын анықтайды?

  1. УДТ

  2. Қанның биохимиялық анализі

  3. Рентгенмен тексеру

  4. пункционды биопсия

  5. несеп сынамалары

58. 44 жастағы науқас ішінің ісіп кетуіне,оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданып емхана дәрігерін үйге шақырды. Науқас көп жылдар бойы алкоголь қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты сарғыштау, бозғылт, құрғақ. Пульс 110 рет минутына.ҚҚ 80/40 сн.бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жағында да әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші үлкейген,қатты, біраз кепкен, эпигастрий аймағында ауырсынады.Кеуде мен иығында тамырлық жұлдызшалар бар.Маңдайы мен беті қоңырлау түсті.Бауыры өскен,шеті қырланған.Спленомегалия.Ішінің терісінде веналар кеңейген. Қан анализінде анемия белгілері бар.ЭТЖ-ммсағ. Жарпы биллирубин 76мкмоль/л, тимол сынамасы 12,алт-2,5кмоль/л; аст-2,9мкмоль/л.Қандағы креатинин330мкмоль/л.

Науқастың диагнозы қандай?

  1. Созылмалы холецистит

  2. Созылмалы панкреатит

  3. Созылмалы гастрит

  4. Созылмалы вирусты гепатит

  5. Алкогольды бауыр циррозы

59. 18 - жастағы науқас, дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, шағымданып емхана дәрігерін үйге шақырды. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, бетінің ісінуін байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады.Аяқтарында ісік бар. АҚ 80/60 мм с.б. Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізіледі?