- •«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Әдістемелік нұсқаулық «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған
- •5В073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттеріне арналған
- •Практикалық сабақ №1 Заттың құрылымы. Құрылыс материалдарындағы химиялық байланыстың табиғатын анықтау.
- •Практикалық сабақ №2. Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды процестерді басқару.
- •Практикалық сабақ №3 Беттік құбылыстар. Сұйықтықтың қатты денеге жұғуы. Гидрофильді және гидрофобты қатты денелер
- •3.1 Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •3.2 Сурет – Бетке жұғу Практикалық сабақ №4 Фазалық тепе-теңдік шарттары. SiO2 жүйесіндегі тепе-теңдік күйден ауытқу
- •Практикалық сабақ №5 Ерітінділер. Ерітінділердің сандық сипаттамалары.
- •4.1Сурет – SiO2 модификациясы өзгерісінің диаграммасы ( Феннер бойынша)
- •Практикалық сабақ №6 Құрылыс материалдарын зерттеуде дифференциялды-термиялық талдау әдісін қолдану
- •6.1 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.2 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •6.4 Сурет - Заттың дериватограммасы.
- •Практикалық сабақ №7 Құрылыс материалдарын зерттеуде рентгенографиялық талдау әдісін қолдану.
- •7.1 Сурет- Шикізат үлгісінің рентгенограммасы Практикалық сабақ №8 Минералды тұтқыр заттарды алу мен қатаюының физика-химиялық негіздері.
- •Сурет – Үшкомпонетті жүйе күйі диаграммасы
- •Практикалық сабақ 9 Тұтқыр заттың гидратациялану реакциясының механизмін зерттеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 10. Қоспалы бетон құрамын таңдау бойынша есептеулер.
- •3 Кесте
- •Бетон құрамын есептеуге қажетті шикізаттық материалдардың сипаттамалары
- •8 Кесте- Ірі толтырғыштарың негізгі сипаттамалары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Қоспалы бетон технологиясының ерекшеліктері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Практикалық сабақ 11. Құрылыста полимер композицияларын қолдану.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Рысдәулетов р.А., Қалшабекова э.Н. «Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен практикалық сабақтарды өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •5В073000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студденттеріне арналған
Практикалық сабақ №1 Заттың құрылымы. Құрылыс материалдарындағы химиялық байланыстың табиғатын анықтау.
Сабақтың мақсаты: қатты, аморфты және сұйық заттардың құрылысы, қатты заттардағы химиялық байланыстың табиғаты жайлы ілімдерге ие болу.
Құрылыста қолданылуы түрлі мақсаттағы және құрылымы түрлі заттар қолданылады. Олардың кейбіреулері, мысалы гранит, базальт, әктас сияқты тау жыныстары табиғатта өте кең таралған, олар көп мөлшерде және тек механикалық өңдеуден кейін ғана қолданылады.
Кейбір табиғи материалдарды түрлі жолмен өңдей отырып, олардан табиғи немесе жасанды құрылыс материалдарын алады.
Көптеген табиғи материалдар жоғары температураның әсерінен, түрлі химиялық өзгерістерге ұшырап, жаңа материалдар түзеді (керамика, шыны, тұтқыр заттар). Күйдірілмейтін құрылыс материалдарын химиялық жолмен де алуға болады.
Бұл материалдардың әр бірінің химиялық құрамы өте күрделі. Қарапайым деп есептелетін кварц құмының өзі, табиғатта таза түрінде кездеспейді және негізгі жыныстың үгітілуі нәтижесінде түзілген сазды материалдар мен темір оксидтерінің қосындысынан, слюда мен басқа материалдардың қоспаларынан тұрады. Материалдарды дұрыс қолдану үшін олардың негізгі қасиеттерін білу қажет. Ал заттың қасиеті оның сандық және сапалық құрамына, макро- және микроқұрылымына, құрылымдық деңгейіне және затты алу кезіндегі кинетикалық және термодинамикалық жағдайларға тікелей тәуелді болады.
Құрылыс материалдарын алу қатты материалдарды қайта өңдеумен тікелей байланысты.
Қатты дене – сыртқы деформациялық күштердің әсерінен өзінің пішіні мен көлемін сақтайтын заттың агрегаттық күйінің бірі. Қатты заттардың қасиеттері (беріктігі, қатаңдығы, жылусыйымдылығы, балқу температурасы т.б.) заттың құрылымы және ондағы химиялық байланыстың табиғаты мен беріктігіне тікелей байланысты.
Химиялық байланыстың бірнеше түрлері бар: ковалентті, иондық, металдық, сутектік. Химиялық байланыстың табиғатын атомдар арасындағы күштердің сипатын оқып үйрену арқылы ғана түсінуге болады.
Қосылыстың беріктігін химиялық байланыс энергиясымен сипаттайды. Химиялық байланыс энергиясы затты құрам бөліктеріне ажырату үшін жұмсалатын жұмысқа тең, яғни . Байланыс энергиясының шамасына қарай заттың қасиеті жайлы қорытынды жасауға болады (1.1 - кесте).
Химиялық байланыс энергиясы көп болған сайын, байланыс та берік болады және соған сәйкес технологиялық процесс кезінде ол затты өңдеуге көп шығын жұмсалады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Т.В. Кузнецова, И.В. Кудряшев, В.В. Тимашев – Физическая химия вяжущих материалов-М: Высшая школа 1989-384с.
Ю.М. Бутт, М.М. Сычев; В.В. Тимашев –Химическая технология вяжущих материалов -М: Высшая школа 1980.
В.Б. Ратинов, Ф.М. Иванов Химия в стр.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
Заттардың атомдық құрылысы жайлы ұғым.
Атомның құрылысы.
Молекуланың құрылысы.
Химиялық байланыстың негізгі типтері, олардың ерекшеліктері.
Кристалды, аморфты қатты денелердің құрылысы.
Қатты денелердегі кристалл торларының түрлері.
Кристалл торындағы дефектер жайлы ұғым, дефектердің қатты денелердегі физика-химиялық прцестерге әсері.
Тұтқыр заттар, шыны, керамика, бетон толтырғыштары өндірісіндегі шикізаттық материалдардың құрылымы мен қасиеттері.
Практикалық тапсырма.
1.1-кестедегі мәліметтерге сүйене отырып кальций, алюминий, кремний қосылыстарының химиялық байланыс энергиялары негізінде қасиеттерін болжау.
Табиғи материалдардың химиялық және минералогиялық құрамын зерттеу бойынша есептер шығару.
Есеп №1
Са, О, Mg ,Si, H, Na, K, S, C элементтерінің атом құрылысын және электрондық конфигурациясын сипаттап жазыңдар.
Есеп №2
СаСО3, MgСО3, СаSiО3, Na2СО3, СаSО4, қосылыстарының структуралық формулаларын жазыңдар.
Есеп №3
Тас материалдың химиялық құрамы төмендегідей: СаО - 20%, SiО – 55%, Аl2О3 – 5%. 10000 температурада қыздыру кезінде масса жоғалту – 20%. Тұз қышқылымен өңдеу кезінде кальций карбонатының бар екекндігі анықталды. Талдау нәтижелері материалдың құрамында СаСО3-тан басқа кальций бар қосылыстардың жоқ екендігін көрсетті. Зерттелетін материалдың аталуын анықтауға мүмкіндік беретін минералогиялық құрамын анықтаңдар.
Есеп №4
Гранитті зерттеу арқылы оның құрамы анықталды: кварц 32%, дала шпаты мен слюда 10%. Слюданың құрамында 50% кремнезем және 30% глинозем бар екендігі белгілі болса, граниттің құрамындағы кремнезем мен глиноземнің массалық үлесін анықтаңдар(%). Граниттің құрамында қай химиялық қосылыстың үлесі көп.
Есеп №5
Талдау нәтижесінде табиғи тас үлгісінің химиялық құрамы төмендегідей екендігі анықталды: СаО = 0,70%, SiО2 = 71,97%, Аl2О3 = 16,46%, Nа2О = 2,95%, К2О = 5,54%, Н2О = 2,42%. Қосымша минералогиялық талдау нәтижесінде тастың құрамында слюда, ортаклаз, альбит, анортит бар екендігі анықталған. Жеке минералдардың % алғандағы мөлшерін анықтаңдар.
1.1 кесте - Химиялық байланыс энергиясы, КДж/моль
