- •Мазмұны
- •1 Сурет – Цементті механикалық елеуге арналған прибор
- •Шойын станиналы сілкігіш стол; 2- вал, 3 - кулачок, 4 – тірек, 5- көлденең диск, 6 диаметрі 300 мм айналы шыны, 7 – сілкінетін қалып.
- •2 Сурет – Сілкігіш стол және конус пішінді қалып
- •Жұмыстың барысы:
- •2 Сурет - даф-980 және даф-1480 дуктилометрлері
- •1.2 Сурет- Битумның жұмсару температурасын анықтауда пайдаланылатын аспап (Шығыршық пен шар).
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •5В73000 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған
1 Сурет – Цементті механикалық елеуге арналған прибор
Цементтің ұнтақтау майдалығын анықтау үшін келесі аппаратуралар пайдаланылады: №008 торлы елек (жарықтағы ұя өлшемі 0,08х08мм 5476 тесік(см2) және цементті механикалық елеуге арналған прибор. Тор жақсы тартылып диаметрі 10-15 см цилиндр оқшантайда тығыз қыстырылуы керек. Елек құп-құрғақ болып, сынақтан соң тазалануы тиіс. Лабораторияда цементті механикалық елеу приборы болмаса, оны қолмен атқаруға да болады. Қазіргі ГОСТ бойынша әзірленген цемент сынағы (алдын ала 09 електен өткізілген) кептіру шкафында 105-1100С температурада 2 сағат кептіріп, эксикаторда салқындатады. 50г кептірілген цементті 0,01 грамға дейінгі дәлдікпен өлшеп алады да, елекке төгеді. Електі қақпақпен жауып, механикалық елеу қондырғысына орнатады. Елеу басталған соң 5-7 минуттан соң қондырғыны тоқтатып, түбін абайлап шығарып алып, електен өткен цементті төгеді. Торды төменгі жағынан жұмсақ қылқаламмен тазалап, түпті орнына салып, елеуді одан әрі жалғастырады. Бақылау елеуін қағаз бетіне түбін бөліп алып жүргізеді. Қолмен елегенде елек арқылы 1 минут ішінде 0,05 грамнан артпайтын цемент өткенде елеу аяқталды деп есептеледі.
Цементтің ұнтақтау майдалығын №008 торлы електен сынақтың бастапқы салмағына 0,01 процентке дейінгі дәлдікпен проценттік қатынасы ретінде анықтайды. Елек түбін жүйелі түрде лупамен қарап отыру керек. Торда қандай да бір ақау (жыртық жібінің сөгілуі т.б.) байқалған жағдайда оны жаңасымен ауыстырады.
Цемент қамырының қалыпты қоюлығын анықтау
Цемент қамырының қалыпты қоюлығын анықтау тұтқыр материалдардың беку уақытын, аумағы өзгеруінің біркелкілігін және механикалық беріктігін анықтауға жол ашуы керек.
Әдетте цементтердің химиялық реакциясы жүру үшін қалыпты қоюлықтағы қамыр алуға қажетті судан елеулі аз су қажет. Қалыпты қоюлықтағы ыңғайлы өңделетін ерітінді алуға су қаншалықты аз алынса, қатқылданған тұтқырдың беріктігі соншалықты жоғары болады. Түрлі қоспалар енгізу жолымен немесе басқа тәсілдермен цементтің суға деген қажеттілігін кемітуге ұмтылуды осылай түсіндіруге болады. Цемент қамырының қалыпты қоюлығын анықтауды Вика приборының көмегімен жүргізеді. 14-суретте цемент қамырының қалыпты қоюлығын және беку уақытын анықтауға арналған Вика приборы көрсетілген.
Прибор тұлға оқшантайында (2) еркін жылжып жүретін цилиндр өзектен тұрады (1). Өзекті қысқыш бұранда немесе басқа бір бекіту құралының көмегімен қажетті биіктікке бекітеді. Көрсеткіш (4) өзектің тұлғаға бекітілген және мм-ге бөлінген шкалаға қатысты жылжуын есептеуге қызмет етеді. Прибордың жылжымалы бөлігінің жалпы салмағы (пестик және инемен қоса) 300±2г көлемінде болуы керек.
Цемент қамырының қалыпты қоюлығын анықтау кезінде жылжымалы өзектің төменгі бөлігіне металл цилиндр-пестик орнатылады. Ол тоттанбайтын болаттан жасалған, әрі беті жылтыр. Пестиктің диаметрі ±10+0,02мм, ал ұзындығы 50мм. Пестиктің салмағы 35±1г.
Цемент қамырының қалыпты қоюлығы деп, оның Вика приборының қамыр толтырылып, шығыршыққа салынған пестигі шығыршық орнатылған пластинкаға 5-7мм жетпей тұратын жағдайдағы консистенциясын есептейді.
Цемент сынағын 310.1-76 ГОСТ-ы бойынша әзірлейді. Сынақты бастамас бұрын Вика приборының өзегі еркін түсіп тұрғандығын, сондай-ақ пестиктің шығыршық орнатылған пластинкамен жанауы кезіндегі прибордың нөлдік көрсетуін тексереді. Нөлдік ауытқыған жағдайда прибор шкаласын тиісті түрде жылжытады. Шығыршық пен пластинканы сынақ алдында машина майымен жұқалап майлау қажет.
Қамырдың қалыпты қоюлығын анықтау барысында 310.3-76 ГОСТ-ына сай 1 грамға дейінгі дәлдікпен өлшенген 400 грамм цементті алдын ала сулы шүберекпен сүртілген кесеге салады. Одан кейін цементке ойлау жер жасап, оған бір қимылмен қалыпты қоюлығын анықтау барысында, қоюлықтағы цемент қамырын жасауға қажетті (шамамен) су құяды. Мұнан соң шұқанақты дереу цементпен толтырып, 30 секундтан соң алдымен абайлап араластырады, ал одан кейін болат қалақшамен өзара перпендикулярлы бағытта қатты араластырады. Цементті сумен араластыру ұзақтығы су құйған кезден бастап есептегенде 5 минутқа созылады. Цементке су құйғанға дейін және одан кейін араластыруға болады. Араластыруды аяқтаған соң, қамырды бір қимылмен прибор шығыршығына салады, сөйтіп пластинканы қатты тұғырға соққылап 5-6 рет сілкейді. Қамырдың артығын суланған пышақпен кесіп алып, қамырдың бетін сол пышақпен тегістейді.
Дайындалған қамырды шығыршықты Вика приборына орнатады. Мұнан кейін прибор пестигін қамыр бетімен жанасқанша түсіріп шығыршық ортасына өзекті бұрандамен бекітеді. Одан соң бекіткіш бұранданы тез ағытып, өзекті босатады да пестиктің қамырға еркін бойлауына мүмкіндік береді. Өзек босатылғаннан кейін 30 секундтан соң шкала бойынша бойлауды есептейді.
Егер пестик қамырға 5мм-ден төмен немесе 7мм-ден жоғары бойласа қосылатын су көлемін өзгерту және пестиктің 5-7мм-ге бойлауына ұмтылу арқылы (жеткізу үшін) жаңа сынақ әзірлейді.
Қалыпты қоюлықтағы қамырды алуға қажетті су көлемі цемент салмағының проценті ретінде бейнелеп, 0,25%-ке дейінгі дәлдікпен анықтайды.
Цемент маркасын анықтау
Байланыстырғыш заттардың маркасы олардың сығуға және иуге беріктігі арқылы анықталады. Беріктікті анықтау үшін 1:3 цемент лайымен 310.4-81 ГОСТ-ы бойынша (С/Ц=0,4 және 106-115мм конус жайылуымен сипатталатын лай консистенциясы жағдайында) жасалынған өлшемі 4х4х16см үлгі арқалықтар әзірленеді. Үлгілерді дайындамас бұрын қалып қабырғаларының беті мен табаны машина майымен сылайды. Сыртқы қабырғалардың бір-бірімен және қалып табанымен тиіскен жерлерін солидолмен немесе өзге қою маймен жұқалап сылайды.
Әр белгіленген сынақ мерзімі үш үлгіден жасалады. Қондырғылы қалыпты шайқау алаңының ортасына бекітіп, оны 1см биіктікке дейін лаймен толтырады, сонан соң шайқау алаңын іске қосады. Шайқаудың алғашқы 2 минутында қалыптың барлық 3 ұясын шағын лайлы үлестермен біркелкі етіп толтырады. Қосқаннан кейін үш минут өткен соң, шайқау алаңын тоқтатады. Қалыптарды одан түсіріп алып, лайдың артығын суланған пышақпен кесіп тастайды да, үлгі бетіне қалып жиегімен бірдей етіп тегістейді және шартты түрде маркалайды. Жасалған қалыптағы үлгілерді гидравликалық жиекті ваннада 24 сағат сақтайды. Мұнан кейін үлгілерді қалыптан алып, ауыз су құйылған ваннаға бір-біріне тимейтіндей етіп жатқызып қояды. Судың деңгейі үлгілерді кемінде 2см жауып тұратындай болуы керек. Ваннадағы суды әр 14 тәулік сайын ауыстырады. Ауыстыру кезінде де, сақтау кезінде де су температурасы 20±20С болуы керек. Сақтау мерзімі аяқталған соң үлгілерді судан алып, 1 сағат ішінде сынайды. Тура сынақ алдында үлгілер құрғата сүртілуі қажет.
