Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_D_1240_RIS.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

  • 1980 жылдардың басында стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар – ISO, ITM-T және басқалары - желілердің дамуына үлкен үлес қосқан модель құрды. Бұл модель ашық жүйелер байланысының моделі (Open System Interconnection, OSI) немесе OSI моделі деп аталды. OSI моделі жүйелер байланысының әр түрлі деңгейлерін анықтап, оларға стандарттық атаулар береді және әр деңгейдің қандай файлдарды орындау қажет екендігін көрсетеді.

  • OSI моделіндегі байланыс құралдары 7 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, өкілдік, сеанстық, транспорттық, желілік, жолдық және физикалық. Әрбір деңгей бір желілік құрылғылармен байланысқан. OSI моделі операциялық жүйелермен, жүйелік утилиттермен, жүйелік аппараттық құралдармен құрылған жүйелік құралдар байланыстарымен сипатталады. Модель соңғы қолданушылардың қосымша байланыс құралдарын енгізбейді. Өзінің қосымша байланыс хаттамаларын жүйелік құралдарға айналдыру арқылы жүзеге асырады. Сондықтан қосымша байланыс деңгейі мен қолданбалы деңгейді айыра білу қажет.

  • Әр деңгейдің мақсаты - бір саты жоғары орналасқан деңгейге қызмет көрсету. Желідегі екі байланысқан компьютерлердің деңгейлері қабылданған ережелерге сәйкес әрекеттеседі, байланысты реттейтін ережелер мен процедуралар жиынтығын хаттамалар (protocol) деп атайды. Мысалға, екі ел арасындағы елшілер қатынастары тек хаттамаларға сәйкес өткізіледі. Сол секілді компьютерлік желіде байланыс қатаң түрде ережелер бойынша жүргізіледі. Екі деңгей арасында интерфейс деп аталатын операциялар жиынтығы ұсынылады, ол операцияларды төмендегі деңгейден жоғарыдағы деңгейге қатысты орындайды.

  • OSI моделі ашық жүйелер байланысының тұжырымдамалық схемасы болып табылады, ал OSI стегі хаттаманың нақты айрықшаланымын теруді көрсетеді. Басқа хаттама секторға қарағанда OSI стегі OSI моделіне толығымен сәйкестендірілген, ол сол модельде көрсетілген байланыстың барлық 7 деңгейі хаттамасының айрықшаланымын қосып алған. Төменгі деңгейлерде OSI стегі Ethernet,Token Ring, FDDI, ауқымды желілер хаттамаларын, Х.25 және ISDN-ді қолдайды, яғни басқалар сияқты төменгі деңгейдің стегінен тыс құрылған хаттамаларын қолданады. OSI стегінің желілік, транспорттық және сеанстық деңгейлерінің хаттамалары әр түрлі өндірушілермен айрықшаланған және жүзеге асырылған, бірақ әлі аз таралған. Қолданбалы хаттамалар OSI стегінің аса белгілі хаттамалары болып табылады. Оларға жататындар: файлдарды жіберу хаттамалары FTAM, терминалдың эмуляциялық хаттамасы VTP, анықтама бөлімінің хаттамалары Х.500, электрондық пошта Х. 400 және т.б.

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

Мақсаты: Жергілікті трафикке талдау жүргізу үшін Network Monitor утилитін қолдану. SNMP агенті және желіні басқару бағдарламасы арасында ақпарат алмасу мен мониторинг жүргізуді зерделеу.

Тапсырма:

  1. Network Monitor утилитімен танысу.

  2. Network Monitor-ды қолдану.

  3. Қосылуды даярлау.

  4. Терминалдар серверімен қатынауға мүмкіндік жасау.

Соөж және сөж тапсырмалары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]