- •Тақырыбы; компьютерлік желілердің аппараттық құралдары. Маршруттаушылар, шлюздер
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •2. Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша сценарийлермен танысып шыққаннан кейін, сұрақтарға жауап беру және компьютерде орындау:
- •3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
Қорытынды
Маршруттаушы (router) – бұл екі коммуникациялық жүйені немесе олардың бөліктерін біріктіретін ретрансляциялық жүйе. Әр маршруттаушы физикалық (1А, 1В), арналық (2А, 2В) және жүйелік (3А, 3В) деңгейдің хаттамасын жүзеге асырады. Арнайы жүйелік үдерістер коммутатордың бөліктерін бір бүтінге біріктіреді. Физикалық, арналық және жүйелік хаттамалар әр түрлі жүйелерде әр түрлі болады. Сондықтан да коммуникациялық жүйелердің бірігуін, көрсетілген хаттамалардың керекті қайта құруын жүзеге асыратын маршруттаушылар арқылы жасайды. Жүйелік үдерістер біріктірілген жүйелердің өзара әрекеттесуін іске асырады.
Маршруттаушылар жүйенің өзгеру құрылымының трафиктері және олардың жағдайлары туралы ақпарат алмасады. Осының көмегімен әр түрлі жүйедегі жіберушінің – абоненттік жүйесінен - қабылдаушы - жүйеге деректер блогының оңтайлы жүру маршруты таңдалады. Маршруттаушылар сондай-ақ административті тәуелсіз коммуникациялық желілердің бірігуін қамтамасыз етеді. Маршруттаушы архитектурасы коммутация пакетінің торабын жасағанда қолданылады.
Шлюз (gate way) – ретрансляциялық жүйе, ақпараттық желілердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер немесе бағдарламалар арқылы қамтамасыз eтіледі.. Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына түрлендiредi. Әр түрлi масштабтағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар, елдер және құрлықтар apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi.
Шлюз – бұл ретрансляциялық ең күрделі жүйе болып саналады. Бүкіл жеті деңгей әртүрлі жиынтық хаттаманы, желілердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, хаттаманы теру әртүрлі физикалық байланыс құралдарының типтеріне сүйене алады. Шлюздер ОSI (сеанстық, өкілдік және қолданбалы) моделінің жоғарғы деңгейінде операция жасайды және желілік сегменттермен компьютерлік желілердің қосылуының аса дамыған әдісін ұсынады.
Негізінде шлюз ретінде шлюздік бағдарламалық қамтамасыздандыру және желі ішінде бірнеше жүйемен әрекеттесуге мүмкіндік беретін қайта құру жасайтын, белгіленген компьютер қолданылады. Хаттамаларды қайта құру шлюздің басқа қызметі болып табылады. TCP/IP клиенті үшін IPX/SPX хабарын алғанда шлюз хабарды TCP/IP хаттамасына қайта құрады. Шлюздерді икемдеген және орнатқан кезде өте күрделі. Шлюздер маршруттаушыларға қарағанда баяу жұмыс істейді.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: Бас доменде DNS серверін тіркеуді зерделеу. DNS серверінің қасиеттерін баптауды зерделеу.
Тапсырма:
Кішігірім желіде DNS-ті жобалау
Орта өлшемді желіде DNS-ті жобалау
Үлкен желіде DNS-ті жобалау
DNS-ті қолмен баптау.
Кері қарауды баптау.
Соөж және сөж тапсырмалары:
Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Ішкі маршруттаушы дегеніміз не?
2. Шекаралық маршруттаушы дегеніміз не?
3. Ішкі және шекаралық маршруттаушылармен басқаруға мүмкіндік беретін Windows 2000 жүйесінің административтік утилитін атаңыз.
