Қорытынды
Ethernet технологиясын 1973 жылы бір топ америкалық зерттеушілер Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Ethernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Арна ретінде коаксиаль кабель қолданылғанда, Ethernet желісі шина сияқты үйлеседі. Егер есілген жұп қолданылса, Ethernet жұлдыз сияқты үйлеседі. Ethernet – жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ол IEEE802.3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін (оны тыңдап) бақылап отырады. Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды.
Ethernet DIX стандартының негізінде өзінің замандастарымен көбіне ұқсас болып келетін IEEE802.3 стандарты құрастырылған, бірақ қандай да бір айырмашылықтары болады. IEEE802.3 стандартында MAC және LLC деңгейлерінен ерекшеленбейтіндіктен, Ethernet-те осы екі деңгей де бірегей арналы деңгейге бекітілген. Ethernet IEEE802.3 болмағандықтан конфигурацияны тестілеу хаттамасы анықталады (Ethernet Configuration Test Protocol). Осы стандарттарда кадрлардың минималды және максималды өлшемдері сәйкес келсе де, кадрлардың форматтары ерекшеленеді. Физикалық орта типінен байланысты IEEE802.3 стандарты түрлі түрлендірулерден (модификациялардан) тұрады - 10Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 10Base-F.
Ethernet негізіне жатқызылатын басты принцип – деректерді жіберудің бөлінетін ортасына кездейсоқ қатынау әдісі. Жуан немесе жіңішке коаксиалды кабель, қос езулі, оптоталшықты немесе радиотолқын осындай орта болып табылады. Ethernet желісінде компьютер деректерді желі арқылы желі бос болса ғана жібере алады, яғни егер басқа ешқандай компьютер сол уақытта деректер алмасумен айналыспаса. Сондықтан Ethernet технологиясының маңызды бөлігі ортаның қатынауын анықтау процедурасы болып табылады.
Кадр – бұл Ethernet желісінде компьютерлер алмасатын деректердің бірлігі. Кадр нақты форматқа ие және деректер өрісімен бірге әртүрлі қызметтік ақпаратты құрайды, мысалы, алушының мекен-жайы және жіберушінің мекен-жайы. Ethernet желісінде деректерді жіберудің бөлінген ортасына кадрдың түскен кезінде барлық адаптерлер осы кадрды бір уақытта қабылдайды.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: зоналармен жұмысты, NetBIOS атаулары рұқсаттамасын зерделеу.
Тапсырма:
DNS деректер базаларының файлдарын зерделеу.
DNS-серверімен жұмысты зерделеу.
NetBIOS және TCP/IP арасындағы байланысты зерделеу.
WINS-ты пайдаланып, атаулар рұқсаттамасын зерделеу.
Соөж және сөж тапсырмалары:
1. Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Ethernet технологиясы анықтамасы.
2. «Технология» терминіне анықтама.
3.Кадр дегеніміз не?
4. Ethernet технологиясының артықшылықтары?
5. Ethernet технологиясы қай жылы және қай жерде пайда болды?
6. Ethernet кадрының әрбір өрісінің мағынасын түсіндіріңіз?
7.Коллизия дегеніміз не?
8.Ethernet технологиясында не үшін пакетаралық интервал енгізілген?
9.Кадрдың ұзындығы желінің жұмысына қалай әсер етеді?
10.Тым ұзын кадрлармен байланысты қандай мәселелер бар?
11.Қысқа кадрлардың тиімсіздігі неде?
12.Локалды желілердің базалық топологиялары қызметі қандай?
13.IEEE802.3/Ethernet – желілік технологиясындағы топологияларды атап көрсетіңіз.
14.IEEE802.5/Token Ring технологиясы мен IEEE802.3/Ethernet технологиясының айырмашылығын атап көрсетіңіз.
15.FDDI технологиясы туралы айтыңыз.
Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
