- •Такырыбы: fast ethernet стандарттары. Gigabit ethernet стандарттары
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •5. Wins клиентіне wins қызметінің ip-мекен-жайының бір немесе бірнеше түрін беріңіз.
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •1.Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •1. Windows 2000 серверіне wins қызметін бастау
- •2.Статикалық байлауларды құру
- •3. Wins Server Statistics диалогтық терезесінің ашылуы
- •4. Бд wins резервті көшірімін құру
- •6. Wins репликациясы бойынша әріптестерді конфигурациялаңыз
- •7. Репликацияны орындаңыз
- •3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
Қорытынды
Fast Ethernet желісінде де ағымдағы арнаны бақылай отырып, көп арналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD, Carrier Sense Multiple Acces with Collision Delection) айқындай алатын Ethernet технологиясы қолданылады. Бұл екі технология да IEEE 802.3 стандарттарына негізделген. Осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау кезінде (көбінесе) бірдей кабель типтерін, ұқсас желі құрылғыларын және бірыңғай қолданбалы бағдарламаларды пайдалануға болады. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100 Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады, яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі. Қолданбалы бағдарламалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.
Соңғы кездерде 10 Мбит/с Ethernet және 100 Мбит/с Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра үйлестіруді қамтамасыз ететін жаңа шешім табылды. «Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы – желілік тақша, концентратор, коммутатор сияқты құрылғыларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыға байланысқанына байланысты) кез келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырсақ, ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды. Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады.
Gigabit Ethernet стандарттары Ethernet және Fast Ethernet желілерінің инфрақұрылымымен үйлеседі, оның үстіне олар Fast Ethernet желілеріне қарағанда 10 есе артық, яғни 1000 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей алады. Gigabit Ethernet желілері негізгі желілердің (желі сегменттерін қосу орындары мен серверлердің қайта орналасқаны) «қысылшаң» орындарын болдырмайтын мықты шешім болып саналады. «Қысылшаң» орындарын тасымалдау арналарының өткеру алаңына сезімтал қолданбалы бағдарламаларға байланысты және интражелілер мен мультимедиалық бағдарламалардың трафиктері ағынының шамадан тыс ұлғаюына қарай туындайды. Gigabit Ethernet желісі Ethernet және Fast Ethernet жұмыс топтарын біртіндеп жаңа технологияға көшіру тәсілі болып табылады. Мұндай тәсіл – олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп, жоғары жұмыс өнімділігіне тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Классикалық Ethernet технологиясының биттік жылдамдығы 1000 Мбит/с жеткенде ойды ең жоғарғы деңгейде сақтап қалу Gigabit Ethernet стандарт құраушыларының негізгі мақсаты болып саналады. Көптеген желілер құру, олардың желілерінің клиенттеріне транспорттық қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету. Gigabit Ethernet технологиясын құрастырушылардың негізгі мақсаты болып саналды. Тек қана кейбір жағдайларда ғана АТМ технологиясын қолдану қажет.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: WINS сервері және клиентті баптау.
Тапсырма:
WINS серверін және клиентін орнату және баптау.
WINS қателіктерін болдырмау
WINS қызметін басқару және мониторинг енгізу.
