- •Желілік бағдарламалық жабдықтау
- •Қорытынды
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары:
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
- •1. Қашықтағы қосылу жолдары үшін шифрларды жөнге келтіріңіз.
- •2. Chap аутентификациясын пайдалану үшін vpn серверін іске қосыңыз.
- •3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
Қорытынды
Желілік операциялық жүйелер (Network Operating System – NOS) – желіде ақпаратты өңдеуді, сақтауды және жіберу мен қабылдауды ұйымдастыратын бағдарламалар тобы. Желіні ұйымдастыру үшін аппараттық құралдар ғана емес және де желілік операциялық жүйе де керек. Операциялық жүйелер желіні өз бетінше қолдай алмайды. Қандай-да бір операциялық жүйені желілік құралдармен толықтыру үшін желіні орнату процедурасы қажет. Желілік операциялық жүйе жұмыс стансаларымен файлдық сервер арасындағы қатынас ағындарын басқару үшін қажет. Ол желіде жүзеге асырылып, әр түрлі желілік қызметтерді ұсынатын және қолданбалы үдерістерді қолдайтын қолданбалы платформа болып табылады. NOS бір рангтік немесе клиент-сервер архитектурасын пайдаланады.
Алғашқы кезеңдерде компьютер желіде жұмыс істеу үшін қосымша желілік операциялық жүйені жүктейтін. Компьютер автономды да, желілік те операциалық жүйелермен бір мезгілде басқарыла беретін. Бір компьютерде екі ОЖ орнатылатын.
Желілік ОЖ және қызметті қолдау өте күрделі жұмыс. Сондықтанда желілік ортаны ұйымдастыру алдында көпмақсаттылығын (multіtaskіng) ескерткен орынды. Көпмақсаттылы ОЖ компьютерде бір мезгілде бірнеше маселелерді шешуге мүмкіндік береді. Көпмақсатты ОЖ-нің бағынысындағы компьютер бір мезгілде бірнеше өңдеулер жасап жатқандай болып көрінеді. Желілік ОЖ желідегі барлық компьютерлерді, сыртқы қондырғыларды байланыстырады; солардын қызметтерін бақылайды; рұқсатсыз енуден қорғауды ұйымдастырады. Wіndows NT Server доменінің бақылаушысы желіні біртұтас орта етіп ұйымдастырады.
Сервердің бағдарламалық құралдары желідегі барлық компьютерлерге сервердегі деректерді, сондай-ақ қосылған сыртқы қондырғыларды да қолдануға мүмкіндік береді. Wіndows NT ортасында жұмыс жасайтын клиент-компьютерлер клиенттік және сервердің бағдарламалық құралдарымен жабдықталған.
Тәжірибелік сабақтың жоспары:
Мақсаты: Желілік қауіпсіздікті жоспарлау. Желімен шеткі қатынау қауіпсіздігін орнату.
Тапсырма:
Желілік қауіпсіздік жоспарының бөлімдерін сипаттау.
Windows қауіпсіздік қызметтерін сипаттау.
Интернетпен қосылу кезінде желіні қорғау.
Шеткі қатынау саясатын орнату.
Шеткі қатынау қауіпсіздігін орнату.
Шифрлау және аутентификациялау хаттамалары.
Соөж және сөж тапсырмалары:
Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Желілік операциялық жүйенің қызметі?
2. Қандай ЖОЖ бар?
3. Қандай желілік бағдарламалық қамтамасыз ету және қызметі бар?
4. Желілік бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамдас бөліктері ?
5. Редиректор дегеніміз не және оның қызметі қандай?
Тәжірибелік сабақ тапсырмасы бойынша компьютерде орындау:
1. Қашықтағы қосылу жолдары үшін шифрларды жөнге келтіріңіз.
1.Start\Programs\Administrative Tools (Пуск\Программы\ Администрирова-ние) менюін ашыңыз да, Routing and Remote Access басыңыз.
2. Сервер атаулары тізімінен Remote Access Policies (Жойылған жолдар саясаты) басыңыз.
3. Оң жақ панельдің жойылған жол саясатының бірінші түймесін басыңыз, конфигурация жасау үшін, және Properties (Свойства) тобы менюіндегі контексті таңдаңыз.
4. Edit Profile басыңыз.
5. Encryption салымшысына керекті параметрлерді таңдаңыз, ОК батырмасын басыңыз.
6. ОК батырмасын басу арқылы диалог терезесін жабыңыз.
