Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК по патопсихологии.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

4 Тақырып : Аномальды даму психологиясы, психикалық толық жетілмеу (олигофрения) кпд (кешіккен психикалық даму), зақымдалған психикалық даму (деменция)

Дәріс мақсаты: ЖОО студенттерін психикалық толық жетілмеу, кешіккен псхикалық даму, зақымдалған психикалық даму түсініктерінен хабардар ету.Осы терминдердің анықтамасын, айырмашылығын, түрлерін ашып беру. Болашақ маман ретінде осы түсініктерді білу,ажырата алу маңызды екенін түсіндіру.

Студент білу керек:

  1. Олигофрения, Кпд, Деменция, Аномальды даму психологиясын

  2. Олигофрения деңгейлерін (дебиль, имбециль, идиот)

  3. КПД-ң болу себептерін, оларға тән сипаттамаларын

  4. Деменция, түрлерін, пайда болу себептерін

Ақпаратты дидактикалық блок: Интеллект (латынның intellektus – таным, түсіну немесе ақыл деген сөзі) – бұл психиканың интегративті функциясы, өз бойына адамның барлық танымдық қабілетін жинақтайды.Интеллектінің негізгі алғы шарты ес пен ойлау болып табылады. Зейін, ерік және т.б. психикалық функциялардың да маңызы зор. Бірақ интеллектіні когнитивтік қабілеттердің жай қосындысы деп есептеуге болмайды. Интеллектіні білім алып, іскерлік қалыптастыра алатын қабілетіне, құбылыстардың мәнін аша білуіне, себеп –салдарлы қатынастарды жасауына, оқиғаны жоспарлай және алдын-ала білуіне және білімі мен іскерлігін тәжірибедегі нақты жағдайда қолдана білуіне қарай бағалаймыз.Интеллектінің анық және тұрақты жетіспеушілігі туа біткен немесе балаға алғашқы үш жылда әсер еткен себептердің салдарынан жүре пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол ақыл-ойдың тұрақты дамымауы немесе ақыл- ойдың кешеуілдеуі – олигофрения деп жіктеледі. Жасы ұлғайған кездегі пайда болған ақыл-ой кешеуілдеуі “деменция” деген терминмен аталады (латынның de тоқталу, mentis- ақыл дегені). Көрініс беруі жағынан олигофрения кезеңдерге бөлінеді: жеңіл (дебилдік), орта (имбицелдік) және ауыр идиоттық).Олигофрениядан басқа психикалық дамудың тұрақты кешеуілдеуі психикалық инфантильизм интеллектуалдық жетілмеу түрінде көрінеді. Инфантильдік тұлғалардың ақылы аз емес, бірақ ақыл-ойының дамуы жағынан өз құрбыларынан артта қалып қойған.Ақыл- ойдың жетіспеуінің себептері әртүрлі. Ол туа пайда болады немесе ерте ( дамудың алғашқы 3 жасына дейін) болмаса кеш жаста түрлі аурудың нәтижесінде жүре пайда болады.Интеллект жетіспеушлігі. Ол туа пайда болады немесе ерте (алғашқы 3 ж. дейін) жүре пайда болады (ақылы аздық — олиграфения) болмаса жүре пайда болады кеш жаста (слабоумие,деменция) түрлі аурудың нәтижесінде.

В.В.Ковалев олиграфенияны былайша бөліп көрестеді: хромосомды ауру кезіндегі олигофрения (бұған дауна синдромы, шерешевск-тренер, кляйнфельтер, т.б.) тұқым қуалаған формасы (мысалы, аминокислота алмасуының бұзылуына байланысты тұқым қуалаған) этимологиясы бойынша аралас формасы (эндогенді-экзогенді).

5.Тақырып : Дисгармониялық психикалық даму, мінез акцентуациясы мен психопатия ( к.Леонгард, а.Е. Личко)

Дәріс мақсаты:Тұлға мен мінездің ортақ құқрылымы оларға тән ортақ компоненттердің өз ара байланысында ашылады. Қалыпты (жан – жақты, толысқан) тұлғаға мазмұны мен форманың бірлігі тән. Жалпыға бірдей қалыпты тұлғалардың топтамасын жоқ, өйткені адамның жеке психикалық қасиеттері мен олардың қосындысы алуан түрлі.Үйлесімді тұлғаны біліп алу тұлғалық қасиеттері барынша тепе-тең дамыған болуын қажет етеді. “Үйлесімді тұлға” (мінез) деген ұғымға синтондық деген қасиетке жатады. Синтонды тұлға деп қоршаған ортадағы шындықпен үйлесімділіктігі, оған тез бейімделетін тұлғаны айтамыз. Қалыптан тыс тұлғалар шамамен алғанда орташа нормадан ауытқып, жағымды сыртқы жағдайлар болған кезде де субъективті қиыншылықтар кездестіреді немесе өмірге бейімделу барысында дисгармониялық қылықтармен ерекшелінеді. Студентке аталмыш тақырып аясында толық мағлұмат беру.

Студент білу керек:

- дисгармониялық психикалық даму, әлеуметтік дезадаптация түсінігін:

- мінез акцентуация мен псхопатиянының түрлерін:

- психопатия түрлерін

Ақпаратты дидактикалық блок:

Күнделікті клиникалық тәжірбеде “мінез” бен “тұлға” ұғымдары бір мағынада қолданылады.Мінез патологиясының анық көрініс беруі “психопатия” деген ұғыммен анықталады. П.Б.Ганнушкин (1933) психопатияларды мінездің аномалиялары ретінде сипаттады: “индивидтің психикалық бейнесін түгел анықтайтын..”, “өмір сүру барысында... шұғыл өзгерістерге ұшырамайтын”, “қоршаған ортаға бейімделуге бөгет жасайтын”. О.В.Кебиков (1962) бұл белгілерді паталогиялық қасиеттермен әлеуметтік адаптацияның бұзылуының тоталдығы (жаппайлығы), тұрақтылығы деп атады. Психопатия деген диагноз қою үшін берілген критериилердің үйлесуі керек. Психопатияның белгілері:

1 тұрақтылық деп мінез қасиеттерінің өмір сүру барысында аз өзгеруін түсінеміз.

2.мінез қасиеттерінің тоталдылығы: психопатия кезінде мінездің бір қасиеттері бар жерде: үйде де, жұмыста да, қарым-қатынаста да көрініс береді. Егер адам үйде біреу, далада басқаша болса, онда ол психопат емес.

3.әлеуметтік дезадптация – адам өмірінде әрқашан қиындылықтар туындайды, ол қиыншылықтарды өзі немесе айналасындағылар басынан кешеді.

Бұрын “психопатия” терминімен анықталған, қазір МКБ-10 тұлғалық және әрекеттік бұзылулардың келесі түрлері бөлінеді:

    • тұлғаның шизоидты бұзылуы (шизоидты психопатия);

    • тұлғаның эмоционалды тұрақсық бұзылуы, импульсивті тип (қозбалық психопатия);

    • тұлғаның ананкасты (обсессивті - компульсивті) бұзылуы (психоастениялық психопатия);

    • тұлғаның истериялық бұзылуы (истериялық психопатия);

    • тұлғаның тәуелді бұзылуы (астениялық психопатия);

    • тұлғаның диссоциалды бұзылуы (гебоидті психопатия немесе социопатия);

    • тұлғаның эмоционалды тұлғаның параноидтық бұзылуы (параноидты немесе параноиялды психопатия);

    • тұрақсыз бұзылуы ( тұрақсыз психопатия );

    • тұлғаның аралас бұзылуы (мозаикалық психопатия).

Психопатиялардың клиникалық белгілерін толығынан психатрия курсында оқылады. “Пато психология” курсында болашақ дәрігер “Мінез екпіндеулері” (тұлға) деген ұғыммен жан-жақты танысуы қажет. Тұлға акцентуациялары –қалыпты (үйлесімді) тұлға мен патологиялық (психопаттық) тұлғаның арасындағы шекаралық қалып.“Екпінделген тұлға” ұғымын Берлин университетінің профессоры К.Леонград (1968) ұсынып, мінезі мен темпераментінің қасиеттері аса күшті, қалыптан шығатын адамдарды атаған.(Адамның екпіндеуі) деген кітабында ол мінезі толысып келе жатқан адамның екпіндеуі мен оның мінез-құлқының дербес белгілері арасын ажырату оңайға түспейді деп жазды. Сонымен қатар адамның екпіндеуі мен патологиялық мінез (психопатия) туралы түсінікті де бір-бірінен бөліп қарайды. Ектіндеу(акцентуация) – адам мінезіндегі кейбір белгілердің күшейюі , яғни (мен мұндалап)тұруы, ол патологияға оңай ауысатын мінез белгілері.Екпіндеу жеке мінездің патологиясы емес, бұл сау адамдарда кездесетін жан иқұбылысы.

6.Тақырып: Кең таралған психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы, себептері мен ерекшеліктері, шизофрения клиникалық сипаттамасы, түрлері Эпилепсия этиологиясы, клиникалық ерекшеліктері

Дәріс мақсаты: ЖОО студенттеріне кең тараған психикалық аурулардың негізгі түрлерін ашу. Себептері мен ерекшеліктерін, клиникалық сипаттамасын беру.

Студент білу керек:

- Кең тараған психикалық аурулар жайлы түсінік

- Шизофрения ауруы, формалары

- Эпилепсия этиологиясы, клиникалық ерекшеліктері

Ақпаратты дидактикалық блок:Психикалық аурулар бас миының патологиясымен негізделеді және психикалық іс әрекеттің бұзылуы түрінде көрінеді. Психикалық аурулардың пайда болу себептері ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) болып бөлінеді. Эндогенді бұл көбіне констутицоналды генетикалық факторлармен анықталады. Бұл топқа шизофрения мен маниакалді депрессивті психозды жатқызады. Экзогенді аурулар сыртқы ортаның әсерімен негізделеді. Оған әртүрлі гегнездегі бас миының органикалық зақымдануы (алкогольді психоз, инекциялық психоз, травмалық эпилепсия) жатады.Шизофренияның анықтамасы: ерекше типтегі тұлғаның баяу және тез дамып келе жатқан өзгерістерімен бірге жүреді психикалық ауру (энергетикалық потенциалдың төмендеуі, эмоциясының айқын көрінбеуі, психикалық процестердің бұзылуы). Көбіне дамып келе жатқан аурулар бұрынғы әлеуметтік байланыстардың үзілуіне, психикалық белсенділіктің төмендеуіне, аурулардың қоғамда мәнді дезадаптациялануына әкеледі.Шизофрения – бұл эндогенді ауру, оған тән ойлаудың эмоцияның, еріктің бұзылуы, сондай-ақ спецификалық өзгеру қоса кіреді.

Ауру бірнеше жылдар брйы үздіксіз немесе ұстама тәрізді жүреді, кез-келген жаста пайда болуы мүмкін.

Шизофрения – психикалық ауру. Негізінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан, әр түрлі жағдайдың, аурулардың адам психикасына әсер етуіне байланысты пайда болады. Шизофрения кезінде төмендегі психикалық өзгерістер байқалады: сандырақ, аутизм, күйіп-пісу, галлюцинация, катотония, еліру, мелшиіп қалу. Басында ауру белгілері айтарлықтай өтеді. Кейін психикалық өзгерістер тұрақтанып күшейе түседі. Ауру күшейген кезде науқастың түсінігі өзгереді, сөйлеген сөздері басқаларға түсініксіз болады. Шизофрения белгілері кейде өте айқын білінсе, кейде бірнеше жылдан кейін байқалады. Ауру кейде ұзақ, ұстамалы түрде өтеді. 15-25, 40-60 жас аралығында адамдар жиі ауырады.

Шизофренияға тән сипат: әртүрлі мазмұндағы сандырақ идеялар, ойлаудың логикалық байланысының бұзылуы, эмоционалды бұзылу, эмоцияның адекватты емес болуы (өз-өзінен күлу ,агрессия)Аурудың клиникалық картинасына байланысты шизофрения формалары гебефреникалық, паранойдты, катотоникалық болып бөлінеді.

Паранойдты форма- ауру әр жаста бастауы мүмкін.Жәй, үздіксіз, кезеңдермен аурудың асқынуы жүреді. Аурудың алғашқы этапында шындыққа ұқсас сандырақ ойлар, ойлауда стандартты емес ассоциация, патологиялық символизм болады.

Гебефреникалық форма- мұнда ең бірінші аурудың клиникалық картинасы эмоционалды бұзылудан басталады.Ауру жасөспірім шақта, ерте жастық шакта басталады. Ағымы әдеттегідей ұстама тәрізді және тез айқын психикалық дефектіге алып келеді.Осы гебефреникалық формаға тән сипат: көңіл-күй көтеріңкі, жүрісі өзгереді, қылықтары адекватты емес, сандырақ ой, пікірлері жан-жақты, эмоционалды мақауылқ, галлюцинациялы эпизод және абулия.