Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПП учебно-метод пособия Усенбаева А У.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
736 Кб
Скачать
☆

Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз - бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары:

келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау;

ескертулерді жариялау;

шартты бекіту;

бекіту грамоталарымен алмасу депоненттеу;

уәкілеттерді ұсыну және тексеру;

шарттың мәтінін үйлестіру;

шарттың жобасын талқылау және қабылдау;

шарттың түпнұсқасын жасау (парафирлеу);

шартқа қол қою;

шартты промульгациялау (жариялау);

18- сызба

Халықаралық шарттың келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі міндетті саты болып табылады.

Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекіту де кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген мәтінді дайындаудың негізгі сатысы болып табылады.

Олар халықаралық шарттың келісілген мәтінін дайындаудың мынадай сатыларынан өтеді:

• әдеттегі дипломатиялық көздерді пайдалану;

• халықаралық конференциялардың қызметі;

• халықаралық ұйымдардың қызметі.

Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының мәтінін үйлестіру женіндегі Вена конференциясының жұмысы туралы айтылған.

ІІІарт мәтінін қабылдау - дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалар шарттың мәтінімен келісетіндіктерін білдіреді.

Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы қабылданады.

Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибесінде халықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі билікті дауыстар санына, атап айтқанда 2/3 дауысқа келтірілген.

19- сызба

Халықаралық шартқа қол қоюдың екі түрі бар: түпкілікті және түпкілікті емес (немесе шартты, немесе ad referendum, яғни одан әрі қарастыру үшін қол қоюды кейінге қалдыру).

Ad referendum шартқа қол қою, егер шарт кейін үкіметтің бекітуін қажет етсе, яғни жоғарғы заң шығарушы орган шарт мәтінін бекітуі қажет болған жағдайда уәкілетті адам жүзеге асырады.

• ad referendum- мемлекеттің шарттың өзіне міндетті екендігімен келісу тәсілі; ал парафирлеу тек түпнұсқалықты анықтау мақсатымен ғана шектеледі, яғни парафирлеуден кейін қол қойылады.

• ad referendum-ға қол қоюды растаудың кері күші бар, яғни қол қойғаннан кейін мемлекет шарттық міндеттемелердің субьектісі болып табылады; ал парафирлеуде ондай кері күш болмайды.

• ad referendum-ға қол қою, парафирлеудегі сияқты уәкілетті адамның аты-жөнінің бас әріптерін қоюмен шектелмейді; мұнда алдын ала қол қою (шартты түрде) үшін уәкілеттіктің болуы шарт.

• ad referendum-ды мемлекет мақұлдағаннан кейін ол аяқталған болып табылады, ал шартты парафирлегенде мемлекет оған қол қоюға міндетті.