Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.Жобалау бөлімі..docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554 Кб
Скачать
☆

5.3 Диагностика теліміне технологиялық құрылғыларды таңдау

Технологиялық құрылғылар берілген жұмыс көлемін сапалы атқару үшін топтама ретінде таңдалады. Құрылғы типі, оның саны автомобильдің және басқа да факторлардың типі және модельінің өндірістік программасына байланысты таңдалады.

Кесте 5.2

Диагностика теліміне технологиялық құрылғыларды таңдау

№

Жабдық атауы

Маркасы

Саны

Жабдық алатын аудан,

м2

1.

Фарларды тексеру аспабы

LITE 1.2

1

0,65

2.

Мотор – тестер

МТ10К

1

1,1

3.

Тұтандыру пілтелерін тексеруге және тазартуға арналған аспабы

SPC

1

0,7

4.

Тежегіш стенді

MBT 2100

1

1,2

Автомобильдердің көптеген бөлігі техникалық қызмет көрсетуді белгіленген уақытынан бұрын орындауды талап етеді. Техникалық қызмет көрсетуге кеткен шығындарды азайту және сенімділігн арттыру үшін ТҚК жұмыстарын нақты уақытында жүргізу қажет. Ал бұл автомобильдің техникалық жағдайын, оны бөлшектемей-ақ уақытында және дәл анықтау болып табылады. Қазіргі таңда көптеген авто мекемелері техникалық бақылауды көзбен қарау, ұстау, дыбыс есту жәнеде түсі арқылы жүргізеді, яғни жеткілікті дәрежеде анық емес. Себебі оның техникалық жағдайы бақылаушының квалификациясына байланысты болады. Нақты бақылау жүргізу үшін сәйкес бақылау аспаптары қажет. Сондықтанда дипломдық жобада осы мекемедегі көне қондырғыларды жаңа технологияға сәйкестендірілген қондырғылармен алмастырылуы ұсынылады.

Тежеу стенді автокөлік құралдарының – жеңіл және жүк автомобильдерінің, мотоциклдердің, арнайы техниканың тежеу жүйесі жұмысының тиімділігін тексеруге арналған. Тежеу стенді тежеу жүйесінің күшін және олардың тиімділігін, сонымен қатар оң және сол жақ доңғалақтар арасындағы тежеу жүйесі күштерінің айырмашылығын анықтайды.

5.1-сурет. Тежеу стенді

Тұтандыру пілтелерін тексеру мен тазартуға арналған SPC аспабы. Тестерді пайдаланып тұтандыру пілтелерінің жағдайын, ұшқын сипатын білуге болады.

5.2-сурет. Тұтандыру пілтелерін тексеру мен тазартуға арналған аспап.

Мотор-тестер қоректендіруі 12 және 24в автокөліктерді диагностикалауға арналған және дизельді көліктерді диагностикалау қызметі қосылған.

Мотор-Тестер механикалық немесе статикалық энергия таратулы тұтандыру жүйелерін (классикалық, электрондық, микропроцессорлық), отандық және шетелдік өндірістегі қозғалтқышты басқару электрондық жүйелеріне тереңдетілген диагностика жасауға мүмкіндік береді. Мотор-Тестер бензинді және дизельді типті ІЖҚ-ына диагностика жасауға мүмкіндік беретін әмбебап аспап болып табылады.

5.3-сурет. Мотор – тестер

Фарларды реттеуге арналған аспап фарларды тез және сапалы түзетуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін арнайы жабдықты пайдаланудың басымдылығы фарлардың сапалы тестері автомобильдің барлық конструктивті ерекшеліктері ескеріледі, оларға толық сәйкестікте баптауға мүмкіндік береді. Корпусқа орнатылған камера фар жарығы сәулесінің кескіні сканерленеді. Фарлардың орнатылуы тексеріледі және оптикалық экран көмегімен реттеледі. Өзгертілген мәндер арнайы қосқыш арқылы компьютерге берілуі мүмкін.

5.4-сурет. Фарларды реттеуге арналған аспап

Диагностика телімінің қазіргі кездегі және жобаланып отырған құрал-жабдықтарының суреттері.