- •6. Конструциялық бөлімі
- •6.1 Шатундарды электродоғалық метализациялау әдісімен қалыпына келтіруге арналған жабдықтың прототипінің сипаты
- •6.2 Қондырғының функционалдық технологиялық сұлбасын негіздеу
- •6.3 Шпонкалы (кілтекті) жалғауды беріктікке есептеу
- •6.4 Машина жасау және жабдықтарды жобалау бойынша әдебиеттерді талдау
- •6.5 Дайындамаларды бекіту үшін қажетті күштің есебі
- •6.6 Құрылғы конструкциясын сипаттау және оны тексеру
- •6.9 Поршеньдік жетек штогындағы күш есебі
- •6.7 Құрылғыда бөлшектердің сенімді бекітілу шарттарын есептеу
- •6.8 Фрезерлеу кезінде кесу күшінің есебі
6.2 Қондырғының функционалдық технологиялық сұлбасын негіздеу
Бұл жетілдірілген метализациялау қондырғысы машиналарды жөндеуге жатады және қозғалтқыш шатундарды және мойындықтары түріндегі бөлшектердің ішкі бетінметалдауда қолданылуы мүмкін.
Рольгангтен, метализаторлы арбадан тұратын белгілі металдауға арналған станок трубалардың ішкі беттерін металдауға арналған.
Бірақ мұндай станок тек қана ішіне метализаторы бар кронштейн сиятын үлкен диаметрлі бұйымдарды металдауда қолданылуы мүмкін.
Жобаның басты мақсаты жабындау өнімділігін арттыру және жабын материалының шығынын азайту, сонымен бірге өңделетін бөлшектердің өлшемдік типтерінкеңіту болып табылады.
Қойылған мақсатқа өз құрамында рамасы, бұйымдарды қондыруға арналған үстел (айналу жетегімен өнделетін) және метал қақпағы бар металлдауғы арналған қондырғыда үстелде көлденең қозғалмалы жетегі бар бұйымдар үшін винт – бұрама жұб түрінде жасалған, үстелдің айналу жетегімен кинематикалық байланысқан бүйірлік тіреулер арқылы қол жеткізіледі.
6.1- сурет. Метализациялауға арналған қондырғы
Қондырғыны қолдану шатун немесе подшипник типіндегі бөлшектерді партиялы түрде жабындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жабын материалы шығынын азайтады және басқа қондырғылармен салыстырғанда процесс өнімділігін жоғарылатады.
6.3 Шпонкалы (кілтекті) жалғауды беріктікке есептеу
Шпонкалы жалғаудың беріктілігін тексеруді білікке (3), екі жалғауға жүргіземіз: шкив – білік, білік – тісті тәж.
Берілген жағадайда тек бір ғана кілтеіті жалғаудың, қозғалтқыш білігіненмоментті сынады – белдікті беріліс арқылы қондырғы (3) білігіне беретін жалғаудың тексеруін жасау қажет.
Кілтекті жалғаулардың тексеруін жанжылу кернеуіне жүргізеді. Жанжылу кернеу формуласы:
,
(6.1)
Мұнда Т – қозғалтқыш білігінен қондырғы білігіне берілетін момент,
Т = 58×103 Н∙мм;
dв – тексеретін қимадағы білік диаметірі, dв = 25 мм;
b×h×1- кілтектің ені, ұзындығы және биіктігі, сәйкесінше, b×h×1=8×7×28 мм
t1 – біліктегі ойық тереңдігі t1 = 4,0 мм
Қаттылық шарты орындалады, сәйкес берілген кілтекті қосылыс қажетті жүктемеге шыдайды.
6.4 Машина жасау және жабдықтарды жобалау бойынша әдебиеттерді талдау
Бөлшектерді жасау, машиналар жинау және технологиялық бақылаудың сапасын жоғарылату үшін, металл кесуші станоктарға дайындамалар мен құралдарды орнату қызметін орындайтын технологиялық жабдықтау элементтерін – жоғарғы өнімділікті станоктық аспаптар жасау маңызды орын алады. Оларды қолдану еңбек сыйымдылығын, бөлшектер жасаудын өзіндік құнын төмендетеді, жабдықтың технологиялық мүмкіндігін кеңейтеді, еңбек жағдайын жақсартады, техника қауіпсіздігін жақсартады.
Құрастырудың қиындығының шарты конструкциялардың көп түрлілігі болып табылады, сондықтан станоктың құрылғылары көптеген белгілері бойынша топтайды. Жекелеген түрде, құрылғының арналымы бойынша бос топқа бөлінеді.
Дайындамаларды қондыру мен бекітуге арналған құрылғы. Механикалық өндеу түрінен тәуелді. Оларды токарлық, бұрғылық жону, тегістеу және басқа станоктарға арналған құрылғылар деп аталады.
Жұмыс саймандарын қондыру мен бекітуге арналған қондырғылар – бұрғы, бұрғыш, бұранда ойғышқа арналған патрондар; көпшпиндельді бұрғылауыш, жонғыш, револьверлік түптемелер, саймандық блоктар т.б.
Бұйым бөлшектерін жалғауға, базалық бөлшектері бекітуге, бұйымның жалғалмалы элементтерінің дұрыс қондырылуын қамтамасыз етуге, қатты элементтер құруға (серіппе, кеспе сақиналар) және т.б. қолданылатын жинақтық аспаптар.
Өлшемдердің, пішіндердің, беттіктердің өзара тексеруде, сонымен бірге басқа параметрлерді бақылауда қолданылатын бақылау құрылғылары.
Автоматтандырылған өндірісте дайындамалардыұстауға, жылжытуға және аударуға арналған қондырғылар – өндірістік роботтардың жұмысшы органдары.
Өндіріс типіне байланысты барлық аталған қондырғылар қолдық, механикалық, жартылай автоматтық, автоматтық. Ал мамандандырылу дәрежесіне байланысты – әмбебаб, мамандандырылған және арнайы болуы мүмкін.
